Өлең, жыр, ақындар

Дауысты және дауыссыз дыбыстар

 

Сауат ашу                                                                                                 

Сабақ: Дауысты және дауыссыз дыбыстар11-12 бет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:  

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.1.3.1; мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.9.1; сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау

1.3.8.1; жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.3.7.1; мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мəтінді тексеру жəне қателерін түзету

Бағалау  критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: дыбыстарды ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі: жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата алады.

Кейбір оқушылар істей алады: сөздерден жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды таба алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: сабақ барысында жеке, ұжымдық жұмыстарды жүргізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар  

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сөйлем нелерден тұрады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Мектеп асханасына кірерде не істеу керек деп ойлайсың?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Тілдік дағдылар сабақ барысында жүргізіледі.

Құндылықтар

Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.  

Алдыңғы оқу

Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

6 мин

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

5-тік баға аламыз

Қуанып үйге қайтамыз

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық сөз дыбыстардан тұрады,оларды жазуда әріппен белгілейміз.

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ.

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, ү, і.

1-жаттығу.Суреттерді ретімен қойып шық және әңгімеле

2 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

● Ары қарай не болатынын болжап, мәтінді жалғастыр

●Мәтін мазмұнына  қарама-қарсы пікір айтып көріңдер

 

Сергіту сәті

3 – жаттығу.

Мақалды көркем жаз.

Еңбекпен тапқан нан тәтті

  

4 – жаттығу. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып тапқа бөліп жаз. Жеке жұмыс

Дауысты дыбыстар: а, ә , е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, /у/

Дауыссыз дыбыстар: б ,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң,п, р, с, т, ф, һ,х, ш, щ, ч, ц, /у/

Жұптық жұмыс

Асхана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

 

 

Суреттер

 

 

 

 

Сызба

 

 

Ортасы

 

34

мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

 

 

 

5

мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан біз не үйрендік?

Не қызықты болды?

Саған не ұнады?

 

Қосымша  ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс.

Қабілеті жоғары оқушыларға: әріптерден сөз құрайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға: сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау

Дүниетану

 

 

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз