М.Мәметова атындағы ЖОББ мектебінің
тәлімгері: Жалмаганбетова Гульмира Дулатовна
Фанфар. Ортаға жүргізушілер шығады.
Жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Ведущий: Добрый день, дорогие учителя!
Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас көшбасшылары!
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың жастары, (бірге)
Біз «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.
Біз «Жас Ұлан» — еліміздің ұланы,
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.
Ведущий:
Есть в центре материка,
Одна огромная страна,
И в ней живут не просто дети,
А Жас Улановские дети! (бірге)
Ән ұран
Стихи о Родине
Хор 2 сынып «Атамекен»
Қазақстан – байтақ елім,
Кіндік қаным тамған жерім,
Ұланың боп өсіп келем,
Келешегім ол да менің!
Өнегелі ұстаздардан
Білім алып кемелденем,
Жақсылыққа жетелеген
«Жас Ұланым» мерекеңмен!
Танимысың Жасұланды!?.
Жасұланды ел танысын,
Көтеріңдер оң қолды! (оң қолдарын көтереді)
Мың алғысқа дайынсың сен,
Көтерейік сол қолды! (сол қолдарын көтереді)
Көрсін әлем, есті әлем,
Өскелең елдің Жасұланын! (шапалақ)
Ұланбасы:
Жасұлан алға!
Келеміз алда!
Ойнаймыз күлеміз,
Адалдақты сүйеміз!
Мына жарқын өмірде
Алға өрлей береміз!
Бізді не біріктіреді?
Ортақ ой мен әсем ән!
Балдырғанбыз, жыр – әнбіз,
Ұлы елде Ұланбыз!
Келешектің кепілі,
Ұлтқа туған Қыранбыз!
«Жас Ұлан» ұйымы бізге не береді?
Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,
Біріксек кетпес бос уақыт!
Жасұлан – таланнты!
Жасұлан – қабілетті!
Жасұлан – дарынды!
Жасұлан – мейірімді!
Жасұлан – сенімді!
Жасұлан – көңілді!
Жасұлан – сыпайы!
Жасұлан – әдепті!
Ұланбасы: Біз кімдерге қамқоршымыз?
Жасұландар: Мейірім күткен жандарға,
Көмек күткенжан бар ма!?
Ұланбасы: Бізге бәрінен не қымбат?
Бейбітшілік пен достық қымбат!
Ұят пенен ар қымбат!
Біз Жасұлан өнегеміз,
Ұл-қызына әлемнің
Бізден үлгі алады, Балалары бар елдің.
Бүгінгі Еліміздің Тұңгыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев тұлғасына арналып сондай-ақ, еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан, балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне шақырамыз
Жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып,алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:
1. Тұған елін шексіз сүйеді.
2. Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп,мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.
1. Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы, қарпайым мінезде ұстайды.
2. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
Жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Ендише 4- 5 сынып оқушылары ант беруге дайын!
Анттың мәтіні
Мен, ------------------------------------ Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным - Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге;
Туған елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
Жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан», ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.
Музыка
«Жас Ұланның» әнұраны орындалады
Құттықтау сөз
Мектеп директоры, ата-аналар
Флешмоб (патриоттық)
3-жүргізуші: - Тәлімгер-ұстаздарымызға,
4-жүргізуші: - Жас Ұландықтарға
Бәрі бірге: - МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН демекпіз!
1-жүргізуші:
Ал, достарым, сөзімді құлақ сала тыңдаңдар!
Алдарыңда ел ертеңі – болашақ Жас Ұландар!
2-жүргізуші:
Бал-бұл жанған гүл шағыңда, біз Отанның Ұланымыз!
Тәуелсіз ел ертеңіміз, білім, бірлік – ұранымыз
Құрметті жас достар!
Бәрі бірге: — Біз Жас Ұландықтармыз
Келешектің кемел кілтін, жарқын болашақтың туың нық ұстау
Бәрі бірге: (қолдарын көтеріп) біздің қолымызда!
Ж – ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІ ЖАЛЫНДАҒАН
А – АЙБЫНДЫ АРМАНДАРЫ АСҚАҚТАП
С – САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ САНАЛАРЫНА СЕРІК ЕТІП, САМҰРЫҚТАЙ САМҒАҒАН
Ұ – ҰЛАРДАЙ ҰЗАҚҚА ҰШУҒА ҰМТЫЛЫП,
Л – ЛАҒЫЛДАЙ ЛАПЫЛДАП ЛАУЛАҒАН
А – АР МЕНЕН АБЫРОЙДЫ АДАЛ АҚТАП
Н – НАМЫСТЫ, НАР МІНЕЗ НАҒЫЗ –
ЖАС ҰЛАНДАРМЫЗ БІЗ!
Жас Ұлан ұйымының арнайы төс белгісін кеуделеріне алғаш болып тағушы балдырғандарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!
Ән ұран
Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі