Өлең, жыр, ақындар

Жол ережесін білесің бе?

Білім беру саласы: Қатынас,Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Жол ережесін білесің бе?»
Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру.Бағдаршам арқылы үш түрлі түсті ажыратып,жолға шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету. Балаларды сақтыққа,жол ережесін орындауға үйрету.
Көрнекіліктер: Бағдаршам макеті, МАЙ қызметкері, жүргінші жолы, ойыншықтар.


Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші ашық оқу іс-әрекетін өлең шумағымен бастайды.

Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымызды бастаймыз сәлемменен!

Балалар амандасады.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай шапқан аттай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен алға ұмтылған жас ұланбыз!
Сәлеметсіздер ме!

Іздену,ұйымдастырушы
Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар,біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .

Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген5 бала ортаға шығады:бағдаршам, ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Ал балалар,қане автобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.
Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыста-
рында бағдаршам
болады.Бағдаршамның қай түсі жанған да біздің автобусымыз тұру керек?
-Дұрыс айтасыңдар.
Көрініс .
«Көшедегі жол ережесі»
1 бала – бағдаршам
1 бала – жедел жәрдем
2 бала – жеңіл машина
4 бала – жолаушы
МАЙ қызметкері.
Көше қиылысында машиналар зуылдап өтіп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.
Тәрбтеші: - Балалар, мынау қай көліктің даусы?

Ойпыр –ай, енді қай көлікті жібереміз?

Тәрбиеші: Неге?



Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінщі жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатыр

Бағдаршамға бағынбай, жүгіріп өтіп бара жатқан баланы МАЙ қызметкері тоқтатып, ескерту береді.

-Ал,енді ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
-Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?
-Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?


-Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз ор- манға да келіпқалған болдық қой.Көліктен түсіп ары қарай жүрейік.
-Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.
Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю: Көшеден өтеред әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек.
Әйтпесе,машина басып кетеді.
Қонжық: Жоқ ,мен оңға да, солға да қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю : Ақымағым-ау,
ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?
Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Тә»рбиеші: Біз тоқтап,
Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан
қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел.
-Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек.
Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.



Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.
Аю:Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рахмет!Жолдарың болсын!
Тәрбиеші:Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап,айналамызға назар аударайық.Қараңдаршы,
орман іші қандай әдемі,түрлі гүлдер өскен,құстардың сайраған дауыстары естіледі.

(Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)
Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып,алдымыздан машина шыға келгенде,
рульді бура алмай,құлатып тастады.
Қоян:ой!,суайт!Қалай өтірік айтасын.Өзін емес пе, «мен кушті тебем ,мен кушті тебем» деп мақтанып,рульге отырған.
Неге маған бале жабасың?
Тәрбиеші :Жарайды,дауласпаңдар.Кел,автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз.
-Балалар байқадыңдар ма мына жерде қандай белгі тұр?

-Дұрыс айтасыңдар. «Велосипед тебуге болмайды» деген белгі.Түлкі,қоян енді абайлап жан-жақтарыңа қарап,
белгілірді біліп жүріңдер.
-Балалар,енді бақшаға ораламыз.Қане автобусқа отырайық.

(«Байқа!Балалар!»белгісі корінеді).
Мынау-не белгі,балалар?
-Дұрыс айтасыңдар,
міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.Саяхат ұнады ма,
сендерге?


Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды,шешуін табады.


Автобус



Бағ-м:Болатхан
Менің атым- бағдаршам
Бар әдемі үш көзім,
Алдамаймын,аңғарсаңАқылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі:Айна Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған,
шырағым!
Құрар үйде сауықты,
Жолдан аман келсе адам-
Жолда күткен қауыпты
Ескертемін мен оған.
Тыйым салу:Сабира Болмау үшін қиын күн,
Қажеті бартыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен
«Болмайды!» деп бұйырдым.
Тұрады әркез сапта аман-
Сол тыйымды сақтаған.
Тыйым көрсең,тұра қал-
Әрі қарай аттама!
Анықтама белгісі:Жансерік
Түнде,күндіз,кеште де
Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Анық айтып берейін!
Көрсеткіш белгісі: Нұрзада
Жол созылмақ қаншаға,
Қайда асхана,монша бар,
Қонақүй,бар қай жерде,
Көрсетемін саған дәл, Не көрсетсем,соған бар!

Нұрдаулет:
Шофер біткен бүгінде.
Жол тәртібін біледі
Бағдаршамның түбінде
Ережемен жүреді.


Қызыл түсі жанғанда
Балалар белгіленген орындарға барып тұрады.

Жедел жәрдем.
Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.
Балалар: - Жедел жәрдем машинасында ауырып жатқан адам бар.

МАЙ қызыметкерінің ескертуін орындайды.

Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.
Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін.


Болатхан:
Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.
Жолдың ортасын келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.


Балалар айналасына таңырқай қарайды.

Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.

Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.


-Иә,ұнады
Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.
-Орманнан қандай жануарларды кездестірдік?
-Дұрыс айтасыңдар.Балалар,бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді тақпақпен бастадық,енді тақпақпен аяқтайық.

Балалар саяхат кезінде кездескен жол белгілерін естеріне түсіреді.

-Аю,қонжық,түлкі,қоян

Шуақты өміріміз кундей куліп,
Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Күтілетін нәтиеже:
Білуі керек:Жолда белгілерін білу,жол жүру ережесін сақтай білу.
Болуы керек:Жол қауіпсіздік ережелеріне түсініктерінің болуы.
Баланың қолынан келуі:Ережелерді жадына сақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз