Өлең, жыр, ақындар

Сан есім. Киелі сан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сан есімнің мағналық түрлері,есептік,реттік сан есімдердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін айту, тақырыпты меңгерту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, сабаққа қызығушылығын арттыру, тапсырмалар арқылы ой танымын кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, АКТ, өзіндік жұмыс, топтық.

Көрнекілігі: оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, слайд.

Пәнаралық байланыс: есеп, денешынықтыру, ана тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа,

Кітап,дәптер,қаламдар

Тұрма сенің партаңда?

I-"Мың кісінің түсін білгенше,бір кісінің атын біл."

Сәлеметсіздерме балалар! Менің есімім Салтанат Сапарбекқызы. Сендермен 35 минут уақытымды өткіземін. Сабаққа қатысып, өз білімдеріңді көрсетеді деп ойлаймын. Өз мқғалімдеріңнің айтуы бойынша өте білімді балалар дейді. Қане көрейік.

Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.

II-"Білімді  мыңды жығар, білімсіз бірді жығар"

Үй  тапсырмасын текскру.

Тақтаға 4 қағаз іліп қоямын, балалар кезекпен шығып артығын алып отырады. Дұрыс жауап орнында қалады.

"Жұлдызды сәт" ойыны. 2 топқа бөлініп ойнау.

Сұрақ. Сын есімнің сұрағы?

Қанша? Неше?                                                        Кім? Не?

Не істеді? НЕ қылды?                                              Қандай? Қай?

Сын есімнің түрлерін ата.

Жалқы, Жалпы                                                         Дара;Күрделі

Ашық,Қысаң                                                             Жуан,Жіңішке

III Жаңа сабақ.

Ненің суретін көріп тұрмыз? Дөңгелектер. Ал дөңгелектер ішінде не бар? сандар. Ондай болса бүгін не туралы сөз қозғаймыз?  Сан есім. Осы дөңгелек ішіндегі қандай сандар, оны қай сабақта қолданамыз? Есеп сабағында. Ал сендер денешынықтыру сабағында не істейсіңдер? Саналамыз Қалай саналасыңдар? 1-,2-,3- Ондай болса қане саналайық. Мен 1-,сен 2-,т.с.с. есептік сан есімге -ыншы, інші жұрнақтарын қосып сан есім жасаймыз.

 

Біз не туралы сөз қозғайтын сияқтымыз? Сандар

Ал онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Сан есім

Ал сонымен сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар? Білім алу, сан есім сұрағын, ережесін білу, тілімізді дамыту.

Сөздік жұмыс: есептік              реттік

7 санының қасына 0 салақ қандай сан шығады? 70

70 дегенде не естеріңе түсіп тұр? 70 жылдық мереке "Ұлы Отан соғысына 70 жыл" мереке екен.

"Киелі сан"  деген сөзді естігендерің бар ма? Қандай киелі сандарды білесіңдер?

Мына дөңгелектердің ішінде бар ма? 3,7,40,9.

Үш арсыз -ұйқы, күлкі, тамақ.

Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-қасындағы құрақ.

Үш би Әйтеке би,Төле би, Қазыбек би.

IV. "Жеті атасын білмеген жетесіз."

7саны туралы қандай киелі сөздерді білесіңдер? 7ата, жеті қазына-ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат. қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

Еркін жатжазуы.

Екі рет айтамын. балалар есте сақтағанын дәптерге жазады. Орны ауыса берсін, бірақ жетеуін де жазу керек, жұппен болса жұппен, әйтпесе сыңар қылып жазу керек.

V." Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын."

Сергіту сәті." Қамажай"

V. 5-"Бір оқпен екі қоянды атамыз" Оқулықпен жұмыс.

458-жаттығу. Әрі оқу, әрі жазу.

Төрт сынып-төртінші сынып

Алты топ-... топ     есептік сан есімді,реттік сан есім етіп ./ тақтада, орындарында / орындау.

VI-"Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар"Ал енді манадан айтқан 90 сөзімді түйіндеп көрейік.

Бекіту.

Бұны біз асықпен ойнаймыз асықты білетін шығарсыңдар деп ойлаймын. Ондай болса қараңдар мен иіріп-иіріп бір-бірден лақтырамын. Ол асықта сан бар. Ол сандарда сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап береміз.

-Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Мақал-мәтел  айтайық.Сабақтың басынан аяғына дейін қандай мақал-мәтелдермен таныстық?

Сан есімнің сұрақтарын атап айт.

Киелі сандарды атаңдар.

Сабақ сендерге ұнады ма? Неге ұнады?

Рефлексия:

Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз