Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан халқына арналған жолдауына және Қазақстан үкіметінің «2019-2025» жылдарына арнаған Бағдарламасының қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы аса маңызды әрі өз уақытында іске асырылатын шара болып табылады. Оның қабылдануы мәдени мұралар саласында қалыптасқан хал-ахуалға неғұрлым белсенді, жобалы ықпал етудің қажеттілігінен туындады. Бұл болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жолдауының жалғасы деуге болады. Бұл бағдарламаның құрамдас бөлімі «Дала фольклорының антологиясын» дайындау мен жариялау. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы қазақ фольклорының таңдаулы үлгілері – батырлық, тарихи жырлары, дастандары, ертегілері, аңыздары жинақталады. Антологияның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорының үлгілерін қалың жұртшылыққа толықтай таныстыру. Бұл тәуелсіз еліміздің қазақ фольклорлық үлгілерін қамтыған алғашқы антология болып отыр.
Иə,мен осы мақаланы оқып шығып,елбасымыздың айтқанымен неге келіспеске дедім. Себебі,осы айтылғандардың барлығы,біз үшін тың мағлұматтар болып табылады жəне осылардың барлығын өскелең ұрпақ жадына түйіп өсу керек деп ойлаймын. Еліміздің дамуы жастардың яғни,мына біздердің қолымызда. Алайда,өз өткенін,тарихын білмейтін ел ешқашан алдыға жылжымайды. Сол себепті, біз алдыға ұмтылып,өз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Бұрынғы ел билеген Тəуке ханның жеті жарғысы секілді,елбасымыздыңда «Ұлы даланың жеті қыры» атты жарғысы,жаңалығын қазіргі уақытта біз іске асырмақпыз! Бұл мақаланың өзіндік бір ерекшелігі жеті түрлі қазақи бағытта жазылған жарғысы. Олар:
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Биыл алтын ұямызда да «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру" аясында өткен шығармашылық кештер өте көп. Əсіресе,аудан мен ауыл тұрғындарын таң қалдырған «қалашық» жасау өнері біз үшін үлкен мəртебе болды! Мұз қалашықта қазақтың киіз үйі,кешегі Ықылас бабабымыз шерткен қобыз,домбыра сипатталып,қармен мүсіндеп,өрнектеп жасалған. Ал ,кеше ғана өткен «Ұлы дала әуені»республикалық фестивальда да біздің мектеп үздіктері,бетке ұстар оқушылар – ауданды таң қалдырып,өз өнерлерін паш етіп,ауылға мақтанышпен оралды. Бұл да бір мектеп оқушыларының,ұстаздарымыздың ерен еткен еңбегі деп білемін. Бас жүлдені жеңіп алған -10 сынып оқушылары драмалық сахналық қойылымында таза еңбекпен келген,дайындықпен келген 10 сынып оқушылары:Смағұл Ерхан,Адилов Ислам,Даулен Айдос,Қадыр Инабат,Еділ Айдана,Уақбаева Перизат! Сахнаға шығу мəнерін сақтап,нағыз рөлге беріліп ойнап,өз дəрежелерін алды жəне де Көркем сөз оқудан,барша халық алдына шығып өз өнерін айқын дəлел еткен 10 сынып оқушысы Игенова Зарина «1 дәрежелі лауреаты» атанды. Осындай, оқушыларды бетке ұстап,мақтан етіп,шаршамай дайындық жасаған-Аманжолова Айсұлу Құрманғалиқызына деген алғысымыз шексіз! Бұл сайыста өз қабілеттерін көрсетіп танылған оқушылар: Төлеутаева Фатима (7 сынып оқушысы), 3 сынып оқушылары,даярлық сынып оқушылары жəне т.с.с өнерлі оқушылар алға суырылып шықты! Алдағы уақытта «атқа міну өнері» туралы ашық тəрбие сағаттарымыз да өткелі отыр! Талапқа сай,білімге деген табандылық пен тапқырлықты ту етіп ұстаған Мектеп ұстаздары мен оқушыларына сəттілік,шығармашылық табыс тілекмекпін!!!
Игенова Зарина
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі