Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
5.3.1.1. Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақ: Қазақ әдебиеті
Мектеп: №81 орта мектеп
Күні: 11.10.2019 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Есенбаева Багила Ауезхановна
Сынып: 5
Қатысқандар: 16 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы
Бердібек Соқпақбаев . «Менің атым Қожа » повесінен үзінді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
1.Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен толық таныса отырып, хронологиялық кесте толтырады.
2.Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы өзара талқылайды.
3. Әңгіменің идеясы мен тақырыбын табады .
4.Шығарманың атауына қатысты өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарма не себепті «Менің атым Қожа» деп аталған? деген сұраққа жауап бере отырып, тақырыпқа қатысты өз ойын тұжырымдайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадағы әдеби теориялық ұғымдарды таба отырып, кейіпкерге қатысты өз ойын баяндайды.
Ойлау дағдысының деңгейі
Қолдану, талдау
Бағалау критерийлері
Шығарманың тақырыбы мен идеясын ажыратады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Шығарманың тақырыбын талдау, әдеби шығармадағы басты идеяны анықтау дағдылары дамытылады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Тілім таңдайыма жабысып қалғандай, қызылшақа болып, дүниені шырқ айналсақ ,«алабөтен жырылып шыққаным жарамас»; повесть, идея, тақырып.
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Әттең, бірақ амалың нешік, ес білгелі, зор бақыт, тәтейше айтқанда, шынын айтсам, бертін келе, идеялы есімдер.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Бердібек Соқпақбаев кім?
2.Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармалары бар?
3.Адамға ат қоярда неге мән беру керек деп ойлайсыңдар?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты балалардың сүйікті шығармасына айналғанын айта аласыз ба?
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, өзін-өзі тану
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты негізінде түсірілген фильммен таныс.
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
1 минут
3 минут
Сабақтың ортасы
(32 минут)
7 минут
5 минут
8 минут
12 минут
Саралау.
2 минут
Саралау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесемін. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал туғызуға бағыттаймын. Оқушыларды реттік саны бойынша 4 топқа біріктіремін:
І топ. «Сабыр»
ІІ топ. «Мінез»
ІІІ топ. «Сенім»
ІҮ топ «Жігер»
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша А.Байтұрсынұлының мысалдарынан түйген ойларын сұрап білемін. Оқушылар бір-біріне сұрақ лақтыру арқылы өткен сабақты қорытындылайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызша» әдісі бойынша
Кері байланыс: Мұғалімнің мадақтауы.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, сабақ мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын.
Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы.
«Менің атым Қожа» (хикаяттан үзінді)
Оқылым/Айтылым. Сыныптық жұмыс.
Мұғалімнің түсіндірме сөзі:
(Әдеби теориялық терминдермен жұмыс)
Хикаят – (әпсана) – парсы, әпсана - аңыз, араб, хикаят-әңгіме. Қазақ фольклорлық прозасының жанры. Кейде ойдан шығарылған немесе діни кітаптардан алынған жазба ретінде қолданылады. «Хикаят» сөзі араб тілінен аударғанда әңгіме дегенді білдіреді. Хикаят повесть пен романнан бұрын пайда болған.
Повесть - эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесте оқиға тізбегін баяндау, хроника, әңгімелеу тәсілі тән.
Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –
1) ой, түпкі ой;
2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;
Тақырып – мәтіндегі көтерілген қоғамдық әлеуметтік мәселе.
Жаңа сабақ.
«Кинометафора» әдісі бойынша «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Топтық жұмыс
І топ:
Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы жайлы деректермен таныса отырып, «Хронологиялық кесте» әдісі арқылы кестені толтырады.
Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Жыл реті
Шығармалары
ІІ топ:
1.Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы жайлы деректерді «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы бір-біріне өзара түсіндіреді.
ІІІ топ:
«Идея туралы ойлар» әдісі
Топ мүшелеріне сұрақ тасталады. Оқушылардан жауап алған кезде идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашамын.
1.Айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Ол қандай есімдер деп ойлайсыз?
2. Қожабергеннің «бергені» бертін келе неге үзіліп түскен?
3.Жантас неге қужақ атанды?
4. Қожа не себепті Қадыровқа қайтып келді?
ІV топ:
«ПОПС формуласы» әдісі бойынша Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятының тақырыбын анықтаңдар.
.
Менің ойымша,.....
Себебі, мен оны былай түсіндіремін
Мен оны мынадай мысалдармен дәлелдеймін.
Мен мынадай қорытынды шешімге келдім.
Кері байланыс: «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы жаңа материал бойынша сұрақ топтарға тасталады.
Саралау тапсырмасы. Жеке жұмыс.
Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін:
Шығарма не себепті «Менің атым Қожа» деп аталған? Тақырыпты анықтаудағы ойыңыз.
«Атымды айта бастасам», «тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады» деген хикаят жолдары нені мегзеп тұр? Өз пікіріңді айт.
Қабілеті жоғары оқушылар үшін:
«Көзің тіріде қашып құтыла алмайсың»,
«қызылшақа болып», «бірге туғандай», «сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған», «шамданып қалатын едім», «дүниені шырқ айналсақ», «алабөтен жырылып шыққаным жарамас» деген сөз тіркестері әдеби теориялық ұғымның қайсысына сәйкес келетінін табыңдар.
Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс:
Әдеби шығарманың тақырыбы мен негізгі идеясын түсіне алдық па? Оқу мақсатына қол жеткіздік пе?
Оқушылардың тақырып бойынша оқу-танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру және оқуда қолдау көрсету мақсатында күрделенген тапсырмалар бойынша, мазмұн бойынша, нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар екі түрлі деңгейдегі тапсырманы таңдауы бойынша орындай отырып, әдеби шығарманың тақырыбын анықтап, өзіндік идеясын ортаға салады, әдеби-теориялық білімін толықтыруға мүмкіндік алады.
Шаттық шеңбері
Топ аты жазылған суретті таратпалар
«Қазақ әдебиеті» оқулығымен жұмыс.
Алматы, «Атамұра».
2017 жыл.
91-бет
АКТ
Әдеби теориялық
терминдер
Қима қағаздар
«Қазақ әдебиеті» оқулығымен жұмыс.
Алматы, «Атамұра». 2017. 92-93 бб.
«Қазақ әдебиеті» оқулығымен жұмыс.
«Алматы», «Атамұра». 2017. 92-93 бб
«Қазақ әдебиеті» оқулығы,
93-94-бб.
Плакат, маркер
Энциклопедиясөздіктер.
Сабақтың соңы
2 минут
Кері байланыс:
«Шығу парағы»
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақ бойынша не түсінбедім?
3.Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аударуым керек?
Үйге тапсырма.
Б.Соқпақбаевтың «Жолдама жайында» бөлімін оқып келу.
3-тапсырма. «Менің атым...» бөлімі бойынша өз есімінің мағынасын баяндап жазып келу.
Таратпалар
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі