Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы орта мектебі
Дефектолог-мұғалімі: Оңайбаева Гүлбаршын Нұрғалиқызы
Тақырыбы: «Күз мезгілі» 3 арнаулы сынып (логопедия)
Жетекшісі: Губашева А.М.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Күз мезгілі»
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, қоршаған ортамен байланысын, табиғат байлықтарын қорғауын, табиғат құбылыстарын тануын жетілдіру.
Міндеті: Оқушылардың ой-өрісін, іскерлік шеберлігін, ынтасын, білімге құштарлығын ояту.
Түзете-дамытушылық: Оқушылардың күз мезгілі туралы түсінігін, көрекемдеп сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, ой-өрісін дамыту.
Білімділік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа, ұтқырлыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық тапсырмалар, сергіту жаттығулары.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың барысы
І. Жаңа сабақпен танысу.
- Оқушылар, біз бүгін « Күз мезгілі» атты тақырыбымен танысамыз. Қазір қай мезгіл?
Оқушылар: Күз мезгілі.
- Жарайсыңдар!
Мұғалім: Күз мезгілінде қандай табиғат өзгерістері болады?
- Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды. Көкөністер мен жеміс-жидектер толығымен пісіп болады. Құстар жылы жаққа қарай ұшады. Адамдар жылы киінеді.
- Күз айларын ата?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
Күз мезгілі туралы қандай мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер білесіңдер?
Қанекей, бірге айтайық.
ІІ. «Алтын күз» өлеңі.
Күз айлары тамаша,
Мінезі де жаңаша.
Ойланады балалар,
Айналаға қараса.
Қызыл,сары жапырақ,
Түсіп жатыр ағаштан.
Сұрғылт түсті бояумен,
Құбылады тағы аспан.
Алтын күзді сағынып,
Құлындардай сабылып.
Шапқылап жүр балалар,
Салқын ауа табылып.
ІІ.Жұмбақтар шешу.
1. Жатыр жерде желіндейді,
Күз түскенше желінбейді. (Қауын)
2. Тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті. (Өрік)
3. Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
ІІІ. Жаңылтпаштар айту.
1. Тоғайда қай ағаш бар?
Қара ағаш, сары ағаш,
Кәрі ағаш бар!
2. Балғын шөп,
Шалғын шөпте
Көбелек көп пе?
Көбелектен де бөтен-
Керемет көп пе?
ІV. Топқа бөліну. Түсіп қалған әріптерді қой.
Ж...пырақ, к...н, қау...н, қар...ыз, та...иғат, а...ғаш, көк...ніс, қия..., қыз...нақ.
Табиғат сөзінен басталатын сөздерді жаз.
Т-
А-
Б-
И-
Ғ-
А-
Т-
Сөздік жұмыс.
Қызанақ -
Қияр -
Қарбыз -
Картоп -
Орамжапырақ -
Асқабақ -
Қауын -
- Көкөністердің түрлерін ата?
- Жеміс-жидектердің түрлерін ата?
V. Күз мезгілі туралы мақал-мәтелдер.
1. Арпа, бидай - ас екен,
Алтын, күміс - тас екен.
2. Жердің сәні-егін, ердің сәні - білім.
3. Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Сергіту сәті.
«Ұшты-ұшты......» ойыны.
- Ұшты, ұшты қарға ұшты.
- Ұшты, ұшты қасқыр ұшты.
- Ұшты, ұшты көбелек ұшты.
- Ұшты, ұшты кілем ұшты.
- Ұшты, ұшты қарбыз ұшты.
VІІ. Ертегі. «Маса мен бал арасы»
Кәдімгі ызылдауық Сары Маса бұл дүниеде ешкімді өзіне тең көрмейді екен. Бір жолы шаң-тоқаң басқан гүлдердің бірінен соң біріне қонып жүрген бал Арасын көріп аяушылық білідреді.
– Әй, Ара сен не істеп жүрсің?
– Мен мына әр түрлі гүлдерден тәтті шырын іздеп жүрмін – дейді, бал Ара.
– Оны қайтесің?
– Тәтті шырыннан бал жасаймын.
– Балыңды қайдам,бірақ мына түріңе күлкім келеді.Үсті-басың не болып кеткен?
– Шаң шығар.Кейін тазалап аламын.Мен осы киіммен гүлдердің барлығын тозаңдандырамын.
Әйтсе де, ызыңдауық Масаның осы жолғы сапары сәтсіз аяқталады. Енді қан соруға шамасы жоқ. Ұялғаны болар, Ара досына көрінгісі келмейді.
VІІ. Жапырақтар неге күз айында түседі?
Жапырақ-жоғары сатыдағы өсімдіктердегі зат алмасу, буландыру, қор жинау, көбею секілді қызметтерді жүзеге асырады.
Жапырақтың күз айында түсуінің бірден бір себебі-бойындағы ылғалдық азаюы. Жапырақтың түсуі қалыпты құбылыс болғанымен, ол өсімдіктің эволюциялық дамуына және қолайсых жағдайға бейімделуіне септігін тигізеді. Одан бөлек, қыста қалың қар жауғанда ағаш бұталарының сынып кетуінен сақтайды.
Дәптермен жұмыс.
VІІІ. Қорытындылау. Сонымен, оқушылар күз мезгілі туралы не үйрендіңдер?
Үйге тапсырма. «Күз мезгілі» тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.
Абдуллаеева Оралсын
Жақсы.Дегенмен сұрақ-жауап тәсілі көп қолданған.Ізденуге бағыттайтын тапсырмалар берілгенде болар еді.