Өлең, жыр, ақындар

1001 мақал, 101 жұмбақ

Күні:27.09.2019ж

Мұғалімі: Достаева Ж.Г

Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ

Мақсаты: Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Мақал-мәтелмен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Жоспары:

  1. Ойынды ашу
  2. Мақалшылар сайысы
  3. Жұмбақшылар сайысы
  4. Капитандар сайысы
  5. Сөзжұмбақ шешу

Жүргізуші: 1001 мақал, 101 жұмбақ Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл қазына, ақыл ой даналығы мен тапқырлығы. Мақал келелі ой, кең мазмұнды жасаудың тамаша үлгісі. Халық тапқырлығымен айтқанда «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Кең болсаң, кем болмайсың».

Жүргізуші:

Жанұмыз-сәніміз

Отбасымыз – әніміз

Біз бастайық сайысты

Қош келіпсіз бәріңіз.

              Біз 1 бөлімімізді бастамыз. Бірінші айналымда мақалшы өзі дайындап келген мақалдарын айтады.Мақалды аз атқан оқушы ойыннан шығады.

Жүргізуші: Жұмбақтар сайысын бастаймыз. Әр топ кезекпен кезек бойынша бір-біріне жұмбақ жасырады. Жұмбақтың жауабын қай топ көп табады. Сол топ жеңімпаз атанады.

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.    ЖУА

 

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр. ҚЫЗЫЛША

 

Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті.          ҚАРБЫЗ

 

Жасыл ала дөңгелек,

Бақшада жатыр дөңгелеп  ҚАРБЫЗ

 

Ағайынды бәрі:

шықса – көк, Түссе – сары,        ЖАПЫРАҚТАР

 

Қабат-қабат қаттама

Ақлың болса аттама             КІТАП

 

Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі.          ҚАРЫНДАШ

 

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған               БОР

 

Уақытты өлшеп, санап,

Таппады бір тағат.

Бұл не сонда?...                 САҒАТ

 

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.              ЖАҢБЫР

 

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шадай ашылды,

Қызыл, сары, жасылды

Көкте бір зат асылды           КЕМПІРҚОСАҚ

 

Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады.           САБЫН

 

Жүргізуші: Келесі сайысымыздың бөлімі, ол Капитандар сайысы. Мұнда капитандарға арнайы есеп беріледі. Есепті өздері құрастыру қажет. Дұрыс құрастырған топ басшысы жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Соңғы бөлім ол сөзжұмбақ шешу сайысы. Сөзжұмбақты дұрыс шешіп, әрі көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Сөзжұмбақ тапсырмалары:      МАҚАЛ

Оқу құралды    ҚАЛАМ

Мұғалім   ҰСТАЗ

Біздің ұлтымыз  ҚАЗАҚ

Есеп шығаратын пән  МАТЕМАТИКА

Ешкі төлі ЛАҚ

 

Екінші сөз жұмбақ;   ЖҰМБАҚ

жыл мезгілі  ЖАЗ

Аспандағы бейне  БҰЛТ

Жыл мезгілі КӨКТЕМ

Баланың сүікті тәтті тағамы, әрі мұзда БАЛМҰЗДАҚ

Тәтті жеміс АЛМА

Қыстың сәні ҚЫС

 

Үшінші сөз жұмбақ    МӘТЕЛ

Білім ордасы  МЕКТЕП

Таңмен отатын құс ӘТЕШ

Мектеп мүлкі ПАРТА

Қанда мемлекетте тұрамыз ЕГЕМЕНДІ

Мектепке апаратын зат ОҚУЛЫҚ

 

Оқушыларды І,ІІ,ІІІ орын дипломымен марапаттау.


Пікірлер (2)

Еркеназ

24.12.24 жоқ па

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз