Өлең, жыр, ақындар

«Ой мен ойын» танымдық сайысы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы
"Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп"  
КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі  
Есенбекова Балжан Рыздыкбаевна

Сабақтың тақырыбы«Ой мен ойын» танымдық сайысы

(Үш 4-інші сыныптар - екі қазақ, бір орыс сыныптары арасында өткізілген сайыс)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер.

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі-ші сыныптар арасында өткелі отырған  «Ой мен ойын» танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Сайыстың шарттарымен таныс болайық. Сайысымыз  5 айналымнан тұрады.

І. «Бетпе -бет» (Топ басшылар сайысы берілген сұрақтарға тез жауап беру)

ІІ. «Көп сөйлеме» (Тақырыпқа байланысты сөздер беріледі сол сөзді топ мүшелеріне ыммен түсіндіруі тиіс те, топ мүшелері табуы тиіс)

ІІІ. «Суреттер сөйлейді» (Мақал–мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

IV. «Хронология» (Суретпен санның сәйкестігін табу керек)

V. «Сөзжұмбақ» (әріптер таратылады, сұрақтарға жауап беру керек көздері байлаулы күйінде әріптерден құрап шығару керек)

Олай болса сайысымызды бастаймыз.

1-ші топтар өздерін таныстырып өтуін сұраймын

(Топ аты, ұраны, мүшелерінің есімдері)

І. «Бетпе -бет» Топ басшыларын ортаға шақырайық. Біреуі қалып, қалған екеуі сыртқа шыға тұрады.

1. Қазақтын үш биін ата? ( Әйтеке, Қазыбек, Төле)

Сколько джузов в казахском народе? (3: ұлы, орта, кіші)

2. Ертегінің түрлері қандай? (Шыншыл ертегі, қиял-ғажайып ертегі, жануарлар туралы ерт)

Какие виды сказок есть? (бытовые, волшебные, сказки о животных)

3. Жігіттің неше жұрты бар? (3: өзжұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

Ты да я, да мы с тобой. Сколько нас? (Двое)

4. Қазақша жыл басы қай жануар? (тышқан)

У казахов начало года каким животным именуется? (мышь)

5. ҚР Туының авторы? суретші - (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)

Кто автор флага РК? (художник - Ш.О.Ниязбеков)

6. ҚР Елтаңбасы авторы? (сәулетшілер - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов)

Автор Герба РК? (скульпторы - Ж.Малибеков, Ш.Уалиханов)

7. ҚР Әнұран авторлары кімдер? (ақын - Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, сазгер -Ш.Қалдаяқов)

Авторы Гимна РК?  (поэт-Ж.Нажимеденов, Н.Назарбаев и композитор-Ш.Калдаяков)

ІІ. «Көп сөйлеме»

Мектеп (мұғалім, парта, үзіліс, бор)

Отан  (Ту,  теңге, дала, орман)

Үй  ( дастарқан, теледидар, пеш,  мысық)

Салт-дәстүр (бесікке салар, беташар, тілашар, тұсаукесер)

ІІІ. «Суреттер сөйлейді» (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

1. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

2. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

3. Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей.

4. Біреуге ор қазба өзің түсерсің.

6. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

7. Шила в мешке не утаишь.

8. Алтын-күміс тас екен, Арпа-бидай ас екен..

9. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

10. Без труда не вытащишь и рыбку из пруда.

IV. «Хронология» Тақтаға сандар суреттер ілінеді сәйкестендіреміз

І топ

ҚР Конституция күні қашан?   (30-тамыз)

Балқаш қаласының қанша жылдық мерейтойы тойланды? (80)

Абайдың қарасөздері қанша? (45)

Неміс фашистерімен болған соғыста КСРО қай жылы жеңіске жетті?? (1945)

Президент күні қай күн? (1-желтоқсан)

Қазақ телевидениесі алғаш жұмысын қай жылы бастады? (1958)

Астана қаласы неше жасқа толды? (20)

ҚР тәуелсіздікке қай жылы қол жеткізді? (1991)

Қасыретті Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986)

Ұлттық валютамыз қай жылы енгізілді? (1993ж 15-қараша)

Наурыз көжеге қосылатын тағам саны? (7)

Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? (1941)

V. «Сөзжұмбақ» (ойма үлкен боп жасалған  әріптер таратылады,

сұрақтарға жауап беру керек. Көздері байлаулы күйінде әріптерді дұрыс ретпен қойып атауды көрсету)

І топ

Туған жер, алтын мекенің,Кіндік кескен жерің ол? (Саяқ)

Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада Қазақстанның жалғыз қол жеткізген медалі?  (қола)

Қазақстандағы экологиясы нашарлап барып, қайта жаңғырудағы  көл? (Арал теңізі)

Қарлы мұзда ат тұяғын сақтайды, ол не? (таға)

ІІ топ

Жаңбырменен жер көгерер, Неменен ер көгерер?  (Бата)

Атқа жегіп көлік еткен қазағым, ол не?  (арба)

Сулы жер, нулы жерді жағалай өседі ол? (қоға)

----- - сенің ата-анаң, ---- -сенің бауырың. Ол?  (Отан)

ІІІ топ

Казахский великий поэт?   (Абай)

Без этих сестер песня не звучит?  (нота)

Синий-синий потолок!  То он низок, то высок,

Кружевной, свинцово-синий И всегда такой красивый?      (небо)

Один из символов всех стран?  (герб)

 

Әр топтың ұпай сандарымен таныс болайық. Қол соғып қошемет білдірейік!

Қонақтар, сіздерге көп рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз