Өлең, жыр, ақындар

Алдаркөсе мен салт атты

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

№99 орта мектебінің мұғалімі Ауықбасова Кенескүл

Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе  мен салт атты.

Сабақтың мақсаты:

1)  Оқушыларға  аңыздағы  негізгі  оқиғаны,  идеяны ұғындыру,  қызығушылығын ояту , ой түйіндей білуге  үйрету.

2)  Оқушылардың ой – өрісін , шығармашылық қиялын дамыту, танымдық білімін арттыру.

3)  Оқушыларды тапқырлыққа , ақылдылыққа , батылдыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:   сұрақ – жауап , түсіндіру , топтастыру , топтық  жұмыс , тапсырма.

Көрнекілігі  : Алдаркөсе суреті , сөзжұмбақ , жүмбақтар , сызбалар.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру.   Психологиялық дайындық.

Күй тартамыз күмбірлі , күмбірлі

Ән айтамыз  көңілді , көңілді .

Би – билейміз  ырғақты , ырғақты

Біз бастаймыз сабақты , сабақты .

II.   Үй тапсырмасын тексеру .   «Өз ізі»  әңгімесінің мазмұнын жоспар бойынша  айту.

Жоспары :

  1. Ауыл сыртындағы саяхат.
  2. Әлкеннің әрекеті.
  3. Әлкен мен автордың диалогы.
  4. Автордың тілегі
  5. Оқушылардың ойы.

 

Әр аңның ізінебір сұрақ жасыру.

1.  Қазақша жыл басы қай айдан басталады?

2.  Ертегі мен аңыздың айырмашылығы қандай?

3.  «Өз ізі» әңгімесінің  авторы кім ?

4.  Тікен – тікен  тік пісте,

     Қысы - жазы бір түсте . Бұл не ?

5.Төрт әріптен тұратын жыл атауы қандай?

III . Жаңа   сабақ.   «Алдар көсе мен салт атты».

 Ой қозғау.

  • Қазір қандай жыл мезгілі ?
  • Қыста табиғат қандай күйге енеді?
  • Адамдар қалай  киінеді?

Жұмбақтар шешу.

  1. Күндіз басыңда болады,

Түнде ілгішке  қонады.  ( Бөрік )

  1. Қыста кимесең тоңасың,

Жазда кисең жанасың. ( Тон)

  1. Тұрған шақта қар борап, таяп құйын,

Кімдердікі болсада аяп киін.

Оңдырса да, тоңдырмасақ қойлардың

Жүндерінен басылған аяқ киім.(Пима)

Суретпен жұмыс.

Суреттен  не көріп тұрсыңдар ?

Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар ?

Сурет жайында өз ойларыңды әңгімелеңдер.

Сөзжұмбақ шешу.   Шешуі :  Алдаркөсе

IV .  Тақырыппен таныстырып, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.

Мәтінді  топтап , тізбектей , рөлге  бөліп оқыту.

Сұрақтар

  1. Алдар қандай адам?
  2. Бай қандай адам ?
  3. Алдар байды алдай алды ма?
  4. Сен қалай аяқтар едің ?

 

  1. Суреттегі жерде тұрған  кім деп ойлайсың?
  2. Ат үстіндегі кім ?
  3. Алдаркөсе туралы  бұрын қандай аңыз оқып шықтыңдар ?

Сөздік жұмыс

Жөн сұрасу -   не себепті жүргенін , хал – жағдайын сұрау.

 

 

Сергіту сәттері

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп – өніп толамыз.

Әділ, батыл Алдардай

Тапқыр адам боламыз.

V .  Ой толғау

 

                  Айлакер                                                                            Еріккен

Ақылды                               Халыққа дос                     Мақтаншақ                     Халыққа  қас

Батыл       Алдаркөсе         тапқыр                              Озбыр           Бай           Ақымақ                                     

              Зұлымдыққа қарсы                                                      Аяушылығы жоқ    

VI .   Бекіту.

  • Бүгін сабақта не өттік?     
  • Не үйрендік?     

VII.   Бағалау.

Үйге тапсырма:  «Адаркөсе мен салт атты» аңызын  мазмұндау.


Пікірлер (2)

Гулмира Сатыбалдиева

Ұстаздарға көмекші құрал ретінде тигізер көмегі көп.Алдағы уақыттағы еңбектеріңізге сəттілік тілеймін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз