МКҚК Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласы білім беру бөлімі
№21 "Самал" балабақшасының тәрбиешісі Рахметова Салтанат
Тақырыбы: «Анама арналған моншақтар»
Мақсаты: Балаларға дөңгелек моншақтардың суретін салып үйрету.
Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Құралдар: Моншақтар, жіп, түрлі-түсті қаламдар, жұмсақ моншақтар, желім. Кардон қағаз.Маскалар.
Сөздік жұмыс: Моншақ, сыйлық, сыйластық.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер: Балалар амандасады.
Қол ұстасып тұрайық,
Күлкімізді сыйлайық.
Қошеметте бізге керек,
Күн өтеді керемет.
Сәлеметсіздерме!!
Балаларға қоян мен аю келеді: -Балалар бүгін біздің мамаларымыздың туылған күні еді,біз мамамызға сыйлық жасайық деп едік,көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:-Балалар аю мен қоянға көмектесеміз бе? Біз аю мен қоянның аналарына моншақ тізіп сыйлық жасап берейік, жүріңдер.Балалар үстел үсітіне отырады.
Бірінші жұмыс: Қоянның мамасына сыйлық жасау. (Ән ырғағымен жұмыс жасайды). Тәрбиеші балаларға моншақты қолымен ұстап көрсетеді, моншақ домалақ,қатты, алақанымызға салып домалатып көрейікші, ортасында тесігі бар сол тесіктен біз мына жіпті өткіземіз, санан соң әдемі моншақ болады. Ал осы моншақтыр мойынға тағатын әшекей болады. Міне осы сыйлықты қоянның анасына сыйлаймыз. Балалармен бірге аю мен қоян арнайы дайындалған моншақтарды жіптен біртіндеп өткізеді, жіптің соңын байлап мамаларына моншақ дайын болғанда арнайы қорапқа салып ақоянның анасына сыйлайды. Балалар біздің қолымыз шаршап қалды енді қолымызға жаттығу жасап алайық. Қолдарына жаттығу жасатып алады (ән ырғағымен):
Саусақ жаттығуын жасау:
Бала, бала, балақан,
Қане, қане алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай, былай ойнат.
Топ, топ басайық.
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса алтын.
Жаса, жаса жарқын күн.
- Тәрбиеші енді біз аюдың анасына сыйлық жасайық.(Ән ырғағымен жұмыс жасайды).
Екінші жұмыс: Тәрбиеші балаларға жұмсақ моншақты көрсетеді, мына моншақтар жұмсақ, домалақ, ол алқанға салсақ домалайды. Біз мынандай жіп салып қағазға(корданға қаламмен сызып жіп салады) осы жұмсақ моншақтарды салған жіптің үстіне жапсырамыз. Балалармен бірге аю мен қоян дайын жұмсақ моншақтарды кардонға тізіп жапсырып сыйлық дайындайды. Дайын болған сыйлықты қорапқа салып аюдың анасына сыйлайды. Зал ішіне қоян мен аюдың аналары балаларын іздеп келеді. Балалары сыйлықтарын сыйлайды.
Тәрбиеші балаларға қоян мен аюдың аналарына өлең айырқызады.
(Өлең айту «Анашым» ән ырғағымен).
Аналарына тақпақтар айтады:
Анам, анам ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айытқан тілің аламын,
Жұмсағанда барамын.
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.
Балалармен бірге аю мен қоянның аналарын ойын ойнауға шақырады:
Ойын: Аюдың балалары аналарына құлпынай жинайды, ал қояннның балалары аналарына сәбіз жыйнайды. (Ән ырғағымен)
Аю мен қоян аналарымен балалармен қоштасып орманға қайтады.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
- Қоянның анасына жасаған моншақ қатты ма, жұмсақ болды ма?
- Ал аюдың анасының моншағы қандай болды?
Қояндар мен аюлар балалармен қоштасып үйлеріне кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі