Өлеңдер Бөлімі

Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік

ОҚО "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Сейдахметова Айнур Серикбаевна

Тәрбие сағатының мақсаты:

Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.

«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.

«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.

Адамның адамшылығы...  жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев

Маған мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин.

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол — кемел ұстаз. К.Д. Ушинский

Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо

Мұғалімділік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүние үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылды.В.А. Сухомлинский.

«Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер, білім бәрі де

Оқуменен  табылған.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ  табылар Ы. Алтынсарин

М — Мейірімді

Ұ -  Ұлағатты

Ғ — Ғазиз

А - Ақылды

Л - Лайықты

І  - Іскер

М — Маман

Музыка ойнайды оқушылар Вальс билеп шығады.

І- жүргізуші:

Армысыздар, Ұстаздар — әз жандар

Білім іздеп инемен  құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би де билеп, әнде бүгін шырқалад.

ІІ- жүргізуші:

Ұстазым — саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін

Бүгінгі мереке күніңе

Сәл ғана құрметім бұл менің.

Құрметті ұстаздар, ата -аналар мен оқушылар 10 сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен  "Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

І-жүргізуші:

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай , шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

ІІ-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

Бірге : Мерекелеріңіз құтты болсын. !

І-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Сапаркүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын  ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек .

ІІ-жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді  бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы-

деп  ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес?!

Балалардың жаттауы:

Ұстаздар туралы қаншама мақтау сө айтсақ та тауса алмаспыз.

Ендеше , қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек берелік.

Ұлданайдың орындайында: «Ұстазым!» әні

Көрініс: «Все професии хорошии»

І — жүргізуші. «Ұстаз» ұлағатты есім . Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие  беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Нурпейсова Әмина Қайратқызы

І — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы — ұлы жол. Өткен жолдарыңызға  көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге  бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздыққызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мекбіңізден  қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4 қонаққа сұрақ: «Ұстаз —мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

Тамашалағандарыңызға рахмет!


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×