Өлең, жыр, ақындар

"Мыстанның әлегі" (ертегі)

Ертеде  бір белгісіз әдемі құс  болыпты. Ол құстың әдемілігі сонша,басқа аң-құстар қатты қызығыпты. Өзі қардай аппақ, қауырсыны үлбіреп тұратын.Бір күні орман мыстаны қарны ашып,құстарды аулай бастайды.Барлық құстарды торға қамай бастайды,тіпті,қара ниет қарғаны да ұстайды.Қарға өзін өлтірмек болған мыстанға жалынып,барлық айла-амалдарды ойлап ақыры есіне белгісіз әдемі құс түседі.Ол дереу мыстанға:- Мыстан шеше мені жемеңіз,мен бір құсты білемін,ол құстың қауырсыны бағалы,өте әдемі,көрсең көзің тоймайды.Сойып жесең, еті көп дәмді-дейді.Мыстан:-Мәссаған,ол қандай құс?-деп таңғалады.Қарға:-Белгісіз атын ешкім білмейді-дейді.Егер мені босатсаң мен сол құсты қалайда әкеп берейін-дейді.Мыстан қуана келісіп қарғаны босатады.Қарға мыстаннан құтылу үшін белгісіз құсты күн іздеп,түн іздеп ақыры әдемі құсты табады. Қарға қарқылдап әдемі құсты дегеніне көндіріп,мыстанға әкеледі.Бұл кезде қазанына неше түрлі қоспаларды қосып мыстан әдемі құсты күтіп отырады.Әдемі құс келіп тесіктен қарай бергенде артынан қарға кеп итеріп жібереді.Мыстан әдемі құсты ұстамақ болып қуа жөнеледі,әдемі құс ұстатпай қашып жүрді.Әдемі құс қашып кетейін десе,торда тұрған басқа құстар аянышты көздерімен бізді де құтқаршы деді. Әдемі құс басқа құстарды құтқарып жатқанда,дереу мыстан келіп шап беріп ұстай алды.Сонда әдемі құс мыстанға:-менің бір өтінішім бар,мені жеп басқа құстарды босатыңыз-деді.Бүркіт,бозторғай,сауысқан,бұлбұл,көгершін-бәрі ұша жөнелді.Кенет, барлық құс қайта келіп,мыстанды шұқи жөнелді.Әдемі құс бостандыққа шыққан соң барлық құстарға алғысын білдірді.Қайта тірілген мыстан сиқырланған қоспасын  әдемі құсқа шашып жіберді.Әдемі құстың түрі өзгере бастайды,мойны ұзарып, қанаттары қызғылттанып, тұмсығы үлкен,аяқтары ұзарып кетті.Барлық басқа құстар оны танымай, таң қалады.Әдемі құс олардан алыстап,бір көлге барып қонады.Көлде өзінің сиқырланған түрін көріп жылап тұрды.Осы көлде тұрақтап,қоқиып ұйықтайтын болды.Сол уақыттан бастап,барлығы қоқиып тұрған түріне қарап, «Қоқиқаз» деп атап кетті.Ал, қарға болса,әлі күнге дейін түрі де,іші де  қара болып қала берді. Оны ешкім қатарына қоспапты.

Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы,Дөң-мектеп гимназиясы,

Төлеуғазина Меруерт  8 « ә» сынып оқушысы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз