Өлеңдер Бөлімі

«Шалқан» ертегісі

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Мақсаты:

Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.

Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету.

Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Көрнекіліктер: Көкөністер суреті, шалқан ертегісінің кейіпкерлері.                                                                                          

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар!  Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. Ролдерде ойнайтындар:
Автор: Дефектолог
Атай: Мухитдинов Мухаммад
Әжей: Мұратбек Балауса
Немере қызы: Ахмедова Назлы
Күшік: Муканов Айбек
Мысық: Алиев Рахат
Тышқан: Нарбай Мейржан
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.

Саусақ жаттығуы: "Саусақтар жүреді" жаттығуы.

Екі саусақпен 5-ке дейін тура  және кері санап, алға-артқа жүреді.

Дидактикалық ойын: «Не жоқ?» ойыны. 

Ойынның мақсаты: Ойыншықтарды  ажыратуға үйрету.                  

Ойынның шарты: Балаларға ойыншықтар тарату, қай ойыншықтың жоқ екенін табу керек. Балалар көздерін жұмады, маман  сылдырмақ ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң маман екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

Қорытынды: Балаларды  мақтау, мадақтау. Сау болыңдар!


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×