Эссе және өлең-жыр байқауы

Бауырсақ пен құрт. Б әрпі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Бауырсақ пен құрт. Б әрпі

Мектеп: С.Сейфуллин

 

Күні: 18.02.2019ж

Мұғалімніңаты-жөні: Масалимова Молдир Маратовна

 

Сынып: МАД

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне  сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі  сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

 

Бағалау критерийлері

1.Б дыбысы мен танысады.

2.Б дыбысын ажыратады және дауыссыз дыбыс екенін біледі,дыбыстық талдау жасайды.

3.  иллюстрациясы бойынша жұмыс жасай алады.

 

Тілдік мақсат

Бауырсақ-бауырсаки- baursaks

Құрт –курт-kurt

 

Күтілетін нәтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады. Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.

 

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады.

Сұарққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды.

Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады.

Ұлттық тағамдарды атайды.

 

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Қазақтың дəстүрлері туралы айтады

 

                                                                      Жоспар

Жоспарланған

уақыт  есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Басы

 

 

 

6минут

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу.

Бауырсақ, құрт суреттерінің ұнағанын алады.

Сол бойынша топқа бөлінеді.     

«Амандасу түрлері»

 

Өткен сабақты қайталау

«Миға шабуыл»

1.Дыбыс нешеге бөлінеді?

2.Дауысты,дауыссыз дыбыстар қандай көйлек киеді?

3.Ж дыбысы қандай дыбыс?

4. Ә дыбысы қандай дыбыс?

5.П дыбысы бар сөздерді ата?

Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

Видео ролик

 

Ортасы

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

1-тапсырма

Аудио тыңдау.

1.Ертегі не туралы?

2.Дастарханға ең бірінші не қойылады?

3.Бауырсақ неден жасалады?

4.Құрт қалай жасалады?

 

Бағалау: Текшелер  арқылы бағалау.

 

Б дыбысы мен әрпі туралы видео

1.Бұл видеода не туралы айтылған?

2. Қандай әріптен басталып тұр?

3. Б дыбысын айтып көрейікші.

4.  Б дыбысы қалай айтылып тұр? Б дыбысы дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырап барып шығады.

Б дыбысы сөздің басында,ортасында, келе береді.

Мысалы: Батыр,қарбыз

5. Ауада жазып көрейік.

6. Санамақ таяқшаларының көмегімен Б дыбысын жазайық.

7. Б дыбысы қандай санға ұқсайды?

8. Б дыбысының баспа түрін қайда қолданамыз?

    Жазбаша түрін қайда қолданамыз?

9. Б дыбысын оқулыққа жазып көрсетейік.

Дескриптор:

1.Б дыбысының қандай дыбыс екенін түсінді.

2.Б  дыбысы сөздің  кез келген жерінде келетінін білді.

3.Б дыбысын ауада, санамақ таяқшаларымен  жаза алады.

4. Б дыбысын сызықтан шығармай жазып үйренді.

5. Б дыбысы қандай санға ұқсайтынын ажырата алады.

Бағалау: Текшелер арқылы бағалау.

 

2 -тапсырма

Жұптық жұмыс «Ойлан, тап»

Суреттер Б дыбысы естілетін зат атауларын ата.

Б дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

           Бұзау, бота. бидай

           Бу, бауырсақ, табақ

Дескриптор

1.Оқулықта берілген зат атауларын атайды.

2.Берілген  суреттерге  дыбыстық талдау жасайды.

Бағалау: Бірін –бірі бағалау

Ширату жаттығу

Көңілді күн.

Би қимылдары арқылы жасалады

3-Тапсырма. Топтық жұмыс.(М.К)

1-топ. Б дыбысы кездесетін суреттерді бояу, дыбыстық талдау жасау.

1. 2. 3. 4.

2-топ. Иллюстрация бойынша сөйлем құрау

Дескриптор.

1.Б дыбысы кездесетін суреттерді атайды

2. Дыбыстық талдау жасайды.

3.Иллюстрация бойынша сөйлем құрады.

Бағалау: арқылы бағалау

 

 

Аудио

 

 

 

 

Видео, санамақ таяқшалары, оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, қима қағаз

 

 

 

 

 

 

 

Видео

 

 

 Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

 

3 минут

 

 

«Кір жайғыш » әдісі

1. Б дыбысы кездесетін суретті тап?

2.  Бұл ненің суреті?

3.  Буынға бөлші.

4. Сөйлем құра.

5. Б дыбысы қандай дыбыс?

6. Б дыбысына қандай көйлек кигізесің?

7. Қай үйге саласың?

8. Бауырсақ пен құрт ертегісінде дастарханға ең бірінші нені қояды?

 9. Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

10. Қай жері ұнады?

11. Сабақты түсіндіңдер ме?

Түсінсеңдер  жетістік баспалдағының жоғарғы жағына, аздап түсінсеңдер ортасына, түсінбесеңдер төменгі сатыға апарып өз суреттеріңді қойыңдар.

Рефлексия

Жетістік баспалдағына суреттерін жабыстырады

Жарайсыңдар бүгін бізде сабақа өте жақсы қатысқан қол шапалақтау.

 

Балаларды бағалау үшін бауырсақ.құрт


Қарап көріңіз



Пікірлер (1)

mmmmmm

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

×