Өлең, жыр, ақындар

Өткенді қайталау

Петропавл қаласы
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: Исимова Гүлгүл Оралқызы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Өткенді қайталау

Мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуді, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға, буындап оқу, сөзді буынға бөлуді үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту; бастаған істі аяқтай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: жұмыс дәптері, кестелер, әріптер, суреттер, Мальберт тақтасы, себет пен қөкөністер, жемістер.

Сөздік жұмыс: әліпби.

Билингвальды компонент: әліпби – алфавит, әріп – буква

Оқу іс-қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс-қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық

 Амандасады

Шаттық шеңбер

Қайырлы таң,Алтын күн,

Қайырлы таң, Көк аспан,

Қайырлы таң, Жер ана,

Қайырлы таң, Достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Үш тілде амандасу

Қызығушылық танытады.

 

Шат шеңбер жасайды

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Ғажайып сәт:

Пошташы есік қағып жәшік әкеліп береді.

Тәрбиеші:-Балалар, жәшікті ашып қарайық, бізге пошташы білімдер әлемінен хабар әкеліпті.

Тәрбиеші жәшіктен хатты алып оқиды:

-Балалар, біз білім әлемінен жоғалған әріптерміз,  бізге сендердің көмектерің керек болып тұр, біз әліпби бетінен адасып қалдық, егер мына тапсырмалардың бәрін орындап шықсаңдар, біз қайттан әліпби бетіне оралар едік.

Жәшіктен тәрбиеші түрлі түсті 5 қалташа алып шығады:

- Балалар,егер мына 5 тапсырманы орындасақ, мына адасып қалған әріптерге үйлерін табуға көмектесеміз .

-Көмектесеміз бе?

Ендеше мына  тапсырмаларды орындауға кірісейік.Тапсырмаларды орындамас бұрын, қане көзімізді жұмайық, біз білім әлеміне барайық/музыка жүреді/

1- тапсырма:

Мында сұрақтар бар екен:

-Әліпби деген не?

-Сөйлем деген не?

-Сөз деген не?

-Дыбыс деген не?

-Дыбысты біз не істейміз?

-Дыбыстың неше түрі бар?

-Дауысты дыбысты қандай түспен бояймыз?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен бояймыз?

-Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы орындадық, енді екінші қалташаның сұрағын оқиық.

 

2 -тапсырма:

Мына суреттердің қандай дыбыстан басталатынын айтып, бірінші әрпін тауып, астына жапсыр:

АҒАШ

ҚҰС

БАЛА

ИТ

ДОП

АЮ

ШАШ

-Жарайсыңдар, енді оқиықшы, қандай сөз шықты?

 

Сергіту сәті:

Мен мектепке барамын,

Қолыма сөмке аламын,

Әліпбиді ашамын,

Әріптерді оқимын,

Оны айта білемін:

А,Ә,Б,В,Г,Ғ, Д.

Дыбыстарды айтамын:

Дауысты, дауыссыз,

Орнымызға барамыз.

 

3- тапсырма:

Жұмбақтың шешімін табу керек:

1- жұмбақ

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады

Айдын судың түлегі,

Балық іліп жүреді

2- жұмбақ

Ою өрнекпен безендірілген,

Өзінен бәрін шәймен тойдырған.

3-жұмбақ

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

 

Жақсы, енді осы шешімдерге дыбыстық талдау жаса.

 

4 -тапсырма

Кесте бойынша адасқан буындарды сәйкестендіріп, оқу:

ЖА-ЛАУ

БА-ҚА

ҚА -ЛА                               

ДА-РА

БО-ТА

ША-ЛУ

БҰ-ЛАН

САУ-САҚ

БО-ТА

 

Саусақ ойыны:

Ағайынды екеу екен:

Біреуі оқымаған,

Біреуі сауатты екен.

Көп іске жауапты екен.

Ататын асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатын да өзі екен.

5- тапсырма

Балалар, соңғы тапсырманы орындау үшін дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз үйлеріне жинайық

-Өте жақсы, балалар, міне біз әріптерді дауысты дыбыстарды қызыл үйге, ал дауыссыз дыбыстарды көк үйлеріне жинап, оларды өз үйлеріне қайтардық.

 

 

 

 

 

 

Қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ия,әрине

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

Қ

Б

И

Д

А

Ш

 

- АҚБИДАШ деген сөз шықты

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағала

 

 

 

Кесе

 

 

Зымыран

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар

жаттығулар жасайды.

Қызыл, көк түсті үйлерге дауысты, дауыссыз дыбыстарды жинау

Рефлексиялық- түзетушілік

 - Балалар, бүгінгі сабағысыз сендерге ұнады ма?

-Әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

 - Қандай айырмашылық?

-Жарайсыңдар, жақсы жауаптарың үшін сендерге медаль беріледі.

Марапаттау.

 - Әріпті көреміз және жазамыз.

 - Дыбысты айтамыз және естиміз.

 

Күтілетін нәтиже:

Игереді: жазу барысында үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосуды;

Қолданады: дыбыстардың жазылу таңбасы әріптер екені, дыбыс пен әріп айрмашылығын, оқу үшін әріптерді тану керек екендігін;

Жаңғыртады: саусақ бұлшық еттеріне жаттығу жасауды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз