Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
«Қызылтаң» жалпы орта білім беретін мектептің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Токмырзаева Айгул Сарсенбекқызы
Сыныбы: 6 Оқушылардың саны:
Құндылығы: Сүйіспеншелік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық
Мақсаты: Оқушыларға адамдық борыштары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларғақоғамға, адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. “Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуы 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №14 – сабақ. Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №15, «Атаның өнегесі» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Әбен атаның игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыңдар? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару. Нельсон Мандела Нельсон Ролилахла Мандела — Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті. 1918ж дүниеге келген. Саяси тұтқын ретінде 27 жыл абақтыда отырып шыққан екен. Адам құқықтары үшін күрескен елдің қалаулы белсенді азаматы болған. 1962 ж қамауға алынып, 1990 ж камаудан босатылады. 1991 ж Оңтүстік Африканың президенті болып сайланады. 2013 ж қайтыс болады Адамдық борышың өзіңе ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең , сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал адам өзінің қара басын ғана ойлап, жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын күшін халқына бере алмаса ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуі дегенді білдіреді. Өрісінің кеңеюіне үлкен әсерін береді. Шәкәрімнің адамдық борышың деген өлең жолдарында «Ақ жолдан айнымай, ар сақта оны біл» дейдіСонда таза ісімен адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Сұрақтар: 1. Адамдық борыш дегенді қалай түсінесіңдер? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Төле би мен Райымбек батыр жайындағы ел аузындағы әнгімесі. Әйгілі Төле биге салем бере келген Райымбек бала,аттанарда; -Ата сізден мынадай сауалдардың мәнісін білсем деп едім!-деп сұрақтарын қойыпты; -Жер дегеніміз немене? Ел дегеніміз немене? Жер сәні дегеніміз немене? Ел сәні дегеніміз немене? Жерді не көтереді? Елді кім көтереді? Жас батырдың сауалдарының сырын аңғарып, пайымдылығына риза болған Төле би былай деп жауап беріп,батасын берген: -Жер дегеніміз-тіршілік. Ел дегеніміз-халқың. Жер сәні-аққан көлің,жайқалған шалғының,орман,тауың,оны мекендеген аққуы мен аңдарың. Ел сәні-өркендеп өскен тәрбиелі ұл-қызың Жер құты-жер қазынаң, кенің. Жерді су көтереді, Елді ер көтереді.Сондықтан да халық «Жер-қазына басы», «Мал-байлық көзі», «Батыр ел сақшысы». Олай болса жер қазынамызды,туған елімізді,қоршаған ортамызды көзіміздің қарашығындай қорғау-ең қасиетті борышымыз-деп ойын түйіндеген екен. Сұрақтар: 1. Ел сәні дегеніміз не? |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушыларүш топқа бөлінеді. Тапсырма: 1-топ «Қоғамдық орындағы ізгілік істер» сахналық қойылым көрсету. 2- топ «Табиғат аясындағы ізгілік істер» сахналық койылым көрсету. 3-топ «Отбасындағы ізгілік істер» сахналық койылым көрсету |
|
Топпен ән айту. Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы Әні: «Ертегілер әні» сазымен 1. Ақиқаттың әнін, Айтамынмын күнде мен. Бөбек әлемінің сырларын түсініп, Нұрына шомылдым күннің. Тыныштық жан - көркем, Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп. Қайырмасы: Құндылықтар – мәңгі әнім, Құндылықтар – өмір мәні Ізгіліктің ғажап күйіне Ертесіңдер сендер. 2. Дұрыс әрекеттер Сүйіспеншілік береді, Тыныштық орнайды, Қиянат болмайды, Адамзатқа әлемдегі. Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп Қайырмасы: |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №15 – сабақ.Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №16, «Шелекпен егін суарған бала» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі