Өлең, жыр, ақындар

Гиперсілтемелер

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы
№14 ЖББОМ информатика пәні мұғалімі
Салқынбаева Құралай Зинаддиновна

Информатика, 6 сынып, «Гиперсілтемелер»

 

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы: 6.4. мәтіндік құжатпен жұмыс

Сынып: 6

Мектеп: Жаңаөзен қаласы, №14 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Салқынбаева Құралай Зинаддиновна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Гиперсілтемелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру

6.4.2.2 авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеу.

Сабақтың мақсаттары

 

-авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіреді;

-авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдейді;

-автордың құқығын бұзуды болдырмай, плагиаттың алдын алып, авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты жеткізуді тәжірибе жүзінде іске асырады.

Бағалау критерииі

- Авторлық құқық,плагиат ұғымдарын түсінеді.

- Авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдейді.

- Авторлық құқық,плагиат ұғымдарын қолданады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Автор құқығы, плагиат, гиперсілтеме.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын қалай түсінеміз?

Авторлық құқық бұзылғанда қандай әрекеттер жүзеге асады?

Авторлық құқық нысанын не болуы мүмкін?

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Авторлық құқық, плагиат ұғымы
  2. Авторлық құқық туралы заң
  3. Авторлық құқықты бұзудағы жауапкершілік

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды əділдікке, шындыққа, өз құқығын білуге баулу

Қарым-қатынас жасау қабілеті. Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі. Құқық негіздері пəніндегі құқықтық заңның тармақтары кездеседі

Алдыңғыбілім

Сілтемелермен жұмыс жасауды түсінеді жəне біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. «Әсем-әдемі» тренингі.

«Қаламсап» стратегиясы

Оқушылардың жазған пікірлерінің ішінен үздік деп танылған оқушыларға сұрақ қойылып,. өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Дескриптор:

-гиперсілтеме анықтамасын айтады:

-гиперсілтемені қалай кірістуге болатындығын еске түсіреді;

-бір орыннан басқа орынға сілтелемер көмегімен өтуді анықтайды.

Қб:«Бас бармақ» әдісі

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Авторлық құқық, плагиат» тұралы мағлұмат беремін. Сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын анықтап түсіндіремін. Жаңа тақырып бойынша Bilimland.kz сайтынан бейнебаян корсетемін.

 «Stop-кадр» тәсілі. бейнебаян арқылы оқушылар өз ойларын айтады

ПЛАГИАТ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Дескриптор:

-Əр  оқушы өздері  таңдап алған тақырыптары жайлы топта жұмыс жасайды;

- постер қорғайды.

қб:топтар критерий арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы. Дəптермен жұмыс.Термин сөздерді интерактивті тақта арқылы шығарып таныстырамын.

Қазақша орысша ағылшынша

автор   авторauthor

көшіру     плагиат       plagiarism

мəтін       текст           text

Дескриптор:

-жаңа тақырыптағы термин сөздердің орысша ағылшын тілінде аудармасымен танысады, қайталайды.

-дәптерлеріне түртіп алады.

Қб:Ауызша бағалау.

  1.  «20 секунд» әдісі.Арнайы сұрақтарды жасырамын және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Оқушылар өз жауаптарын қағаз бетіне түсіреді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.

Дескриптор

1. Плагиат сөзінің мəн мағынасын түсінеді.

3. Авторлық құқықты бұзуға болмайтындығын айтады

4. Плагиат сөзінің мазмұнын авторлық құқықтан ажырата біледі.

5. Бағдарламамен компьютердежұмыс жасай алады.

Қб: «Қошеметтеу» әдісі

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/plagiat-zhane-avtorlyq-quqyq-degenimiz-ne

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұпты табыңыз 

https://learningapps.org/display?v=pkhz8b39318

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://learningapps.org/display?v=px3gnq63n18

Сабақтың соңы

 

«Сюжеттік кесте» әдісі. Сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын білу үшін сұрақ- жауап әдісі арқылы рефлексия беріледі. Бұл кезеңде оқушылар: 
«Маған айтшы — мен ұмытып қаламын,
Маған көрсетші — менің есімде қалады,
Өзіме істетші — мен сонда түсінемін.»
түсінбеген тұстарын айтады.

кесте


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз