Өлең, жыр, ақындар

Достық татулықтан басталады

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
«Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасы
Молдақұлова Кәмшат Сырымбайқызы

Білім беру саласы: Таным, қатынас

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Достық - татулықтан басталады.

Мақсаты:

1. Достық - ұғымды терең жеткізе отырып, достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір-бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу.

2. Әртүрлі пішінді айыра білуге, балаларды түстерді ажыратуға үйрету. Сандарды айта отырып, ағылшын тілінде, орыс тілінде санау.

3. Саусақ икемділіктерін бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, сурет салу, қортындылау.

Көрнекіліктер: Әртүрлі пішіндер, интерактивтік тақта, тақырыптық суреттер, үйшіктер, түрлі- түсті майлы бояулар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Сәлеметсіздер ме балалар?

- Балалар бүгін күн қандай тамаша! Далада күннің көзі шығып тұр. Балалар көңіл күйлерін қалай?

- Менің де көңіл күйім күшті. Ендеше шаттық шеңберге тұрайық.

Қайырлы таң , ұстазым.

Қайырлы таң , достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

- Сәлеметсізбе!

 

 

 

- Күшті.

 

 

Балалар әуен ырғағы мен қозғалады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар сендер білесіңдер ме? Бүгін достық күні екен. Сендердің достарың көп пе? Достарыңмен татусыңдар ма? Достар қандай болуы керек?

Дұрыс айтасыңдар балалар, бәріміз бір - бірімізбен доспыз. Мен сендермен доспын, сендер менімен доссыңдар. Балалар сендер дос жайлы тақпақ білесіңдер ме? Кім айтады?

Жарайсыңдар балалар! Балалар бұл ненің дыбысы? Біреу қонаққа келе жатыр ма? Осы кезде әуен жүріп, Маша мен Аю қонаққа келеді.

Аю: Сәлеметсіздер ме балалар!

- Бізді таныдыңдар ма?

- Балалар бүгін балалар күні екенің естіп, сендерге дос болуға келдік. Балалар сендер Маша екеумізбен дос боласыңдар ма? Ендеше сендермен танысайық. Балалар менің қолымда не бар? ( Аюдың қолында доп бар)

- Ал, кәнекей бәріміз тұрайық. Мен осы допты алып, бір - біріміге беріп, атымызды атайық. (Машаның қолында себет бар)

Тәрбиеші: Маша сенің қолыңдағы не?

Маша: Менің қолымда себет бар.

Тәрбиеші: Бұл себетте не бар?

Маша:Мен балаларға сыйлық алып келдім. ( Маша сыйлықты тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші: Балалар бұл не?

Маша сен неше алма әкелдің?

Маша:  Мен білмеймін.Мен санай алмаймын.

Аю: Балалар, Маша санау білмейді. Сендер санай аласыңдар ма? Ендеше, бірге санайық!(алманы шығарып, балалармен ағылшынша, орысша санайды).

Аю тақташаға жазып жатқанда Маша біреуін жеп қояды.

Аю: Маша, бұл не қылғаның?

Маша: Мен білмеймін, Мен емес.

Аю: Ал, балалар қайтып санайық.(Бір алма қалғанша осылай қайталанады.Аю  көріп қалғаншы)

Аю: Маша, бұл не қылғаның? Достар бөліп жеу керек.

Маша:Менің қарыным ашты. Балалар, мені кешіріңдерші,енді олай жасамаймын.

Тәрбиеші:Балалар, машаны кешіремізбе?

Аю: Балалар жарайсыңдар. Сендер санауды жақсы біледі екенсіңдер. Маша алманы жеп қойған екен деп қамықпаңдар. Менің сендерге басқа да сыйлығым бар.Мен тәрбиешелеріңе, тәрбиешілерің сендерге береді. Ал, балалар біз кетуіміз керек. Басқа да достарымыз бар. Соларға баруымыз керек.

Маша: Мен қалайыншы. Маған достарым қатты ұнап қалды. Аю қоштасады.

Тәрбиеші: балалар шаршадық па? Онда бойымызды бір сергітіп алайық. Бәріміз шеңберге тұрайық. Сергіту сәті

Орынымыздан тұрамыз,

Қолымызды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз бәріміз достармыз.

Біз тату боламыз.

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Тәрбиеші: балалар бойымызды бір сергітіп алдық па? Осы уақытта жануарлардың даусы шығады.

Машы: Бұл ненің даусы? қайдан шығады?

Тәрбиеші:Балалар, Бұл кімнің даусы?Иә, бұл иттің даусы. Балалар, ит те біздің досымыз. Кімнің үйінде ит бар? Итпен ойнаймыз ба? Ит те үй жануарына жатады.Сендер басқа жануарды білесіңдерме?

Қане, көрейік? (Осы кезде интерактивті тақта мен ойын ойнаймыз. Ойынның аты: Ненің даусы?)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер үй жануарларын жақсы біледі екенсіңдер. Біздің кішкене достарымыз шаршады. Олардың ұйқысы келді. Оларға ұйықтауға көмектесеміз бе? Балалар,олар үйде ұйықтай ма? Әлде далада ма? Олар қорада ұйықтайды. Олардың міне, кішкене қорасы.

Әр үй жануарларының өз қорасының терезелері бар екен. Балалар олардың терезесі неге ұқсайды? (Әртүрлі пішіндерді атап терезені жауап шығады.) Жарайсыңдар балалар, біз кішкене достарымызды ұйықтаттық. Осы уақытта Маша сурет құралдарын тауып алады.

Тәрбиеші:Маша оларды ұстауға болмайды. Маша: Бұл не?

Тәрбиеші:Бұл сурет құралдары. бұлармен сурет салады.

Маша: Мен сурет салғым келеді. Мен сурет салу білмеймін. Мағанда сурет салуды үйретіңдерші

Тәрбиеші: Балалар, қазір қай мезгіл?

Көкетемде ағаштың жапырақтары қандай болады?

Ендеше бұл біздің ағашымыз

Плакатта ағаштың суреті бар. Біздің ағашымыз ерекше болу керек. Ол үшін жапырақты қолымызбен жасаймыз. Балалар сендер сурет салардағы ережені білесіңдерме?

Ендеше, балалар, біртіндеп, қолымыздың іздерін қалдырайық

- Иә.

- Достар бір- біріне көмектесу керек, сыйлау керек, жақсы көру керек,ойнау керек.

-Иә.

Достар бірге жүреміз.

Бірге ойнап күлеміз.

Бірге алық аулаймыз.

Міне біздерқандаймыз.

2. Досыңды дос деп санасан,

Дос көңілін қалдырма.

Досыңды сыйлап құрметтеп,

Әрқашан көңілін қалдырма.

3. Достық керек өмірде,

Ашық сырлы көңілде.

Дос жолдасың болмаса,

Өмір сүру жеңілме?

Қызығушылықтары туады.

 

- Сәлеметсізбе?

-Иә

-Иә

- Доп

 

Балалар өз аттарын атап шығады.

Алма

Иә

1,2,3,4,5....деп санайды.

Иә

Иә

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Иә

Ит

Менің

Иә

Иә

Иә

Қорада

Әр түрлі пішіндер

Иә. Көктем мезгілі

Жасыл болады.

Иә

Қолымызды аузымызға салмаймыз. Үстімізді ұстамаймыз. Үстіміз лас болып қалмайды. Сурет салып болған соң, қолымызды сүртеміз, содан кейін жуамыз

Рефлексиялық түзеушілік

Бүгінгі тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Алмаларды бір -бірлеп санайды. Әртүрлі пішіндердің орының тауып қою.

Түсінеді: Достықтың сөзінің мағынасын, пішіндер әр түрлі болатының.

Қолданады: Негізгі түстерді қызыл, көк, қызғылт сары, жасыл түстерді, жануарлар атауын. Пішіні бойынша геометриялық фигураларды топтастыру


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз