Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық тағамдар. Әліпби

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдигожаева Бибижай Жанановна

Бөлім: Тағам және сусын

Пәні: Сауат ашу

Мектеп: Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Абдигожаева Бибижай Жанановна

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық тағамдар. Әліпби

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу

Сабақ мақсаты

Барлық білім алушылар орындай алады: мұғалім көмегімен оқыған тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сызба сурет қолданып жеткізеді

Көптеген білім алушылар: мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды

Кейбір білім алушылар: Мұғалім көмегімен тыңдаған мәтіндердегі ақпараттарды сурет салу арқылы жеткізеді.

Бағалау критерийлері

-оқыған мәтінін сызба сурет  қолданып  жеткізе алады

-мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды

-ақпараттарды сурет салу арқылы жеткізеді

Тілдік мақсат

Ас-eда-food,

Сусын-напиток-drinks

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тағам, сусын, жемістер, көкөністер.

Ресурстар

Үлестірме қағаздар, суреттер

Пәнаралық  байланыс

Көркем еңбек, музыка

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық тағамдарды тану арқылы, қазақи тәрбиені сіңіру

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсанді тақта, видеоролик

Тілдік қарым қатынас жасау дағдысы

Айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым

Алдыңғы оқу

Біздің кафеде. Тасымал

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу  түрлері

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту:

Шаттық шеңбері:

Оқушылар  бір-біріне сәттілік тілейді.

Топқа бөлу «Мозайка» әдісі арқылы./Білім алушылар сурет қиындыларын құрап, шыққан сурет атауымен топтың аты солай аталады/

 1-топ. «Наурыз көже»

 2-топ. «Бешбармақ»

 3-топ. «Бауырсақ»

Сабақтың ортасы

Үй жұмысын сұрау. «Қаламсап әдісі»

(Оқушылар өткен тақырыпты қаламдарын ортаға жинайды, сол қаламдардың біреуін таңдап, сол оқушыға сұрақ қою)

Сұрақтар: -Жарнама деген не?

-Сен бауырсақтың дастарханға қалай келетінің білесің бе?

-Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды?

Дескриптор: -үй жұмысын қорытылайды.

-Жарнаманың таныстыру екенін біледі.

-Бауырсақтың қандай еңбекпен дайындалатынын біледі.

-Сөздерді оңай тасымалдауға дағды қалыптасады.

Қалыптастырушы бағалау. Шапалақтап бағалау.

3 рет –керемет, бәрі түсінікті.

2 рет-ұсынысым бар.

1 рет –келіспеймін.

Тыңдалым.Білім алушылар "Наурызкөже-ең басты ұлттық тағам" бейнежазбаны тыңдап түсінгенін айтады

https://youtu.be/f6jq2V_01Yc

ҚБ: Мадақтау

Саралау (тапсырма, дереккөз)

Топтық жұмыс. Оқулықтағы «Наурызкөже» мәтінін тізбектеп оқиды, Оқылым , айтылым, тыңдалым    

                    Наурызкөже

Наурыз жыл басы.

Наурыз тойының мақсаты-халыққа молшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурызкөже әртүрлі дәннен жасалады. Оған бидай, тары, қамыр, су, ет, тұз, сүт сияқты жеті дәм салынады. Наурызкөжеге арнап ет, қазы сақталады. Көжеге құрт езіп уызды да қосады.

І топ: Оқушылар берілген мәтінді оқиды.

ІІ топ:Мәтіннен түсінгендерін  айтады.

ІІІ топ:Құрылымдық бөліктерін анықтайды.Ұлттық тағам түрлерін тауып, әліпби ретімен жаз.

Дескриптор:

1.Оқушылар мәтінді оқып, түсінеді,

2. ұлттық тағам түрлерін  айта алады.

ҚБ: Мадақтау

Жеке жұмыс Дәптермен жұмыс  4-жаттығу, Өлеңді қатесіз көшіріп жаз /Жазылым/

Дескриптор:

1.Өлеңді қатесіз көшіріп жазады.

2.Өлеңнен түсінгенін айтады.

ҚБ: Шапалақ әдісі

Сергіту сәті: "Қаражорға"

https://www.youtube.com/watch?v=tLmhYawWYOQ

"Белсенді оқыту" әдістері арқылы деңгейлік тапсырмалар

Жұптық жұмыс

А-тобы: ұлттық тағамның суретін сал, сол туралы әңгімеле./Айтылым/

Дескриптор:

1.Ұлттық тағам суретін салады

2.Суретті әңгімелейді

ҚБ: Бас бармақ әдісі

Саралау тәсілі: тапсырма

В-тобы: Пайдалы  және  зиянды заттарды топтастыр./Айтылым/

Дескриптор:

1.Суретті дұрыс құрайды.

2.Сурет бойынша әңгімелейді.

ҚБ: Мадақтау

Саралау тәсілі: тапсырма

С-тобы: пазл құрастыр /Наурыз мерекесінің суреті/

 Дескриптор:

1.Тағам пайдасы мен зиянын анықтайды

ҚБ: Шапалақтау арқылы бағалайды

Рефлексия:

«Смайл» әдісі

 

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

«Түсінбедім» 

«Сұрағым бар»

«Түсіндім»

Кері байланаыс

«Ашық микрофон” әдісі

Мақсаты: оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. (Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады)

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап кезекпен, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Бағалау

“Бас бармақ”әдісі

Жоғары-өте жақсы

Көлденең-жақсы

Төмен-талпыну керек

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?

Тапсырма  оқушылардың қабілеттеріне байланысты жеңілден ауырға қарай дамыта беріледі.

Қабілетті оқушыларға белсенділіктерін дамыту үшін тақырыпқа сай мақалдарды қолданып , өз ойын  әсерлі жеткізу тапсырылады.

Тыңдалым дағдысы бойынша оқушылар тыңдады. “Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы мәтінді оқыды, түсінді және талқылады (оқушылар бойында білгенін ортаға салу, ойын ашық айта алу, ақылдасу, көмектесу қасиеттері қалыптасады). Топтық жұмыс арқылы қазақтың ұлттық тағамының түрлерін толық меңгерді.

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері
орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

рефлексия және кері байланыс қалай жүрді?
Уақытты қалай пайдаландым?

Өз ойын дәлелдеуге, сурет бойынша шығармашылық  жұмысты орындауға үйренеді.

Оқушылар сабаққа қызығушылықпен  қатысады. Белсенді жаттығулар арқылы оқушылар белсенділігі артады.

Сабақ критерийлеріне сәйкес ресурстарды тиімді пайдаланып, уақыт жүйесі сақталады.

Кері байланыс: «Ашық микрофон” әдісі бойынша қолдандым.Мақсаты: оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Оқушылар құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.

Рефлексия «Смайл» әдісі арқылы өтті. Оқушылар бүгінгі сабақта болған көңіл – күйлерін бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы көрсетті.

«Түсінбедім»  «Сұрағым бар»  «Түсіндім»

Сабақ өз уақытымен аяқталды. Мақсатыма жеттім.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер