Өлең, жыр, ақындар

Жолда жүру ережесін сақтайық

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс–әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық.

Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәрігерлік көмек көрсету орталығы, асхана белгісі, автобус аялдамасы белгісі, бағдаршам, жол көліктері, суреттер, слайд, проектор.

Әдіс–тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық, саяхат.

Билингвальді компонент: Светафор-бағдаршам, аялдама-остановка, больница-емхана, асхана-столовая

Қажетті құрал-жабдықтар:, түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтыңіс-әрекеті

Балалардың іс–әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық-

ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялықтүзетушілік

+Тосын сәт

Топқа мыстан кемпір келеді

-Көшеде қызыл түске өтіп едім мені жол полициясы ұстап жол ережесін бұзба деді.

Мыстан кемпір. жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?

 Мыстан кемпір

Мен жол ереже дегенді білмеймін,бағдаршам деген не?

-Олайболсажолережесі,бағдаршамдегендібізден,біздіңбалаларымызбенүйрен.

Дәрігер оның басын таңып береді

Жұмбақ жасырады.

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

Әрине ендеше бізге бағдаршамның көздері жайлы

Шағын көрініс көрсетсін: «Бағдаршам»

Қызыл көзін ашқанда

Бір қадам да баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте берген жасқанба

Ашса кезек үш көзін

Айтшы деп ұқ үш сөзін

Жүрме жолға таласып

 

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

-Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай?

-Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?

-Жарайсындар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.

-Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?

-Қазір біз қаланы аралауға барамыз.

.Сендер дайынсыңдар ма?Қаланы біз жаяу аралаймыз. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер.Егер де біз жаяу барсақ біз қандай жолаушы боламыз?

(Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен, кітапхана, мектеп, емхана, асхана орналасқан үлкен көшенің көрінісі жасалған).

-Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, кәне, бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз?

-Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мында бір белгі тұр, бұл белгі нені білдіреді екен?

 

-Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екендігін қайдан білдіңдер?

 

-Енді мына белгілерге қараңдаршы, мынау ненің суреті?

-Ал мынау – медициналық көмек пунктінің белгісі. Демек жақын маңда медициналық көмек пункті бар деген сөз.

-Мына суретте не бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар. Автобустың суреті салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді екен.

Педагог сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата-аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіреді.

-Қайтатын уақыт та келді. Кәне, балабақшамызға оралайық.

Аю-мен енді жол ережесі туралы көп нәрсені үйрендім көп рахмет.

Педагог балаларды шеңберге жинап «Тоқта ,сақтан,дайындал»ойынын ойнайды.

Ән «Бағдаршам»

 

Балалар таңырқап аюға қарайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бағдаршам.

 

 

Жанбақыт

Дилназ

Мөлдір

 

 

 

-Машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

-Адамдардың жолдан өтуі үшін.

-Бағдаршамн ың үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

-Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

-Машиналарға кедергі жасамас үшін.

-

 

 

-Жаяу жүргінші

 

 

 

 

Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап қуанады.

  жаяу жүргінші рөлін атқарады.

 

.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін.

Игереді:жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.

Меңгереді: жол белгілері, олардың мағынасын, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз