Өлең, жыр, ақындар

Үйдегі қауіпсіздік ережесі

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№17 бөбекжай-бақшасының бірінші санатты тәрбиешісі
Сыздыкбаева Жамал Балгабековна

Білім беру саласы: денсаулық, әлеумет, қатынас
Бөлімі: қауіпсіз мінез құлық негіздері, қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережесі»
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпті жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап сақтауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қауіпті, қауіпсіз.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері – правила безопасности- safety regulations, қайшы-ножницы- скисорс, сіріңке-спички- матчс, ине-иголка-нидлс

Заттық дамыту ортасы: газ плита, сіріңке, үтік,ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер

Инновациялық технологиялар: денсаулық, тәжірибелі- ізденістік, ойын.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар шеңберге тұрып үш тілде сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

- Балалар, қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Қауіпсіздік - дегеніміз ол өзін қорғау және сақтау.

Тәрбиеші:

- Әр уақытта әртүрлі жағдайлардың болуы мүмкін. Бүгін біз, Айсәуле деген қыздың үйінде жалғыз қалғаны кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін біле ме екен көрейік.

«Мен үйдемін» ойын жағдаяты:

- Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, ештемеге тиіспе»- деп ескертеді.

Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.

- Балалар, Айсәуле дұрыс жасады ма? Егер от жағуға болады ма?

- Жоқ, сіріңке жағуға болмайды өрт шығады, газды да ашуға болмайды ол тез тұтанып жарылады.

- Ал, оның шай ішкісі келіп тұр ғой, шайдан басқа не ішуге болады?

- Сүт, айран ішуге болады, дәрумендері көп.

Айсәуле сіренкені орнына қойып, шәйдің ыдыстан сүт құйып ішеді. Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға тез-тез бара жатыр, ол бірден есікті ашпақ. Есікті бірден ашқан дұрыс па ?

Балалар өз ойларын сөйлем құрап толық жауап береді.

- Бір кезде Айсәуле анасының келуін күтпей өзі көйлегін  үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтамады?

- Үтікті токқа қосуға болмайды, киім немесе қолын  күйдіріп алуы , өрт шығуы мүмкін.

Кенеттен жарық өшіп, бөлме қараңғы болды, ал Айсәуле болса балауыз шамды алып оны жақты.  Балауыз шам еріп, қисайып құлап жанып өрт шыға бастады.

- Балалар, өрт өте қауіпті, оны қалай өшіруге болады  өрт неден қорқады

Балалар: судан, қардан, құмнан және қалың матамен

Тәрбиеші:

- Кәне, сендер дұрыс айттыңдар ма, тәжірибе жасап тексеріп көрейік.

Тәжірибе: жанып жатқан отты балалар құммен өшіреді.

Сергіту сәті:

Балалар сергіту сәтін Айсәулемен бірге қимылды әрекетпен орындайды.

Тәрбиеші:

- Айсәуле, сен біздің балалармен бірге отырып қауіпсіздік ережесін үйрен.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кейіпкерлерді тап» дидактикалық ойыны:

- Мен сендерге қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңдерші.

1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ)
2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады. (Жеті лақ ертегісі)
3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? (қызыл  телпек)

- Дұрыс, бұл кейіпкерлер қауіпсіздік ережесін сақтамады, ал сендер тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер?

Балалар: пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б

- Ол құралдар қайда тұру керек?

- Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек.

- Ендеше, ойынын ойнайық әр затты өз орнына қояйық.

«Өз орнына қой» дамыту ойын тапсырма:

Балалар әр орнын тауып қойған затты үш тілде атайды: қайшы-ножницы- скисорс, сіріңке-спички- матчс, ине-иголка-нидлс

Айсұлу:

-Балалар, мен көп жаңылтпаш білемін:

Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

-Ал, сендер не білесіндер ме?

Балалар: біз жұмбақ білеміз

Шаңсорғыш күнде шаң жеген,
Шаң жеп әбден дәндеген. Ол не?    (шаңсорғыш).

Қыртыс-қыртыс көйлекті
Теп-тегіс қып тегістейді, Ол не?    (үтік).

– Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз.
– Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? 

Балалар: электрқұрылғыларды сөндіру керек себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін.
– Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз? - 101

«Ұйқасын тап» сөздік-логикалық ойыны:
•  Бір, екі, үш, төрт,  үйде  болып жатыр …….(өрт)
•  Түтін басып  кетіпті, сөндірмеген  біреу……(үтікті).
•  Қызыл  жалын лаулады, демек  сірінкемен  біреу…….. (ойнады)
•  Тек тұрғаның жарамас, тез  101 ге сен …… (хабарлас)
•  Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні  тез…….( шақыр)

Тәрбиеші Айсәулеге қауіпсіздік ережесі туралы кітапты сыйға тапсырады.

Айсәуле : - Ой, балалар, рахмет сендерге мен енді үйге қайтайын, анам келіп мені іздеп жатқан шығар,- деп балалармен қоштасады.

Балалар Айсәулемен үш тілде қоштасады.

Рефлексивті- түзетушлік

Слайд көрсету арқылы:
- Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз? - 101
- Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса? - 102
- Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз? - 103
- Біз Айсәлеге қалай көмектестік?

Балалар сұрақтарға сөйлем құрап толығымен жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен қауіпті жағдайларды;

Түсінеді: үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы;

Қолданады: өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс сақтап жүру дағдыларын.


Пікірлер (2)

Сара

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер