Өлең, жыр, ақындар

Қош бол қызықты да, ұмытылмас лагерь!

1-жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым, бүгінгі лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер. Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Айгөлек» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. 2-жургізуші: Біздің ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!» Шаттан, күн, балақай! Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Ән: «Әрқашан күн сөнбесін». Орындайтын хор! 1-оқушы Жазғы лагерді ашамын, Бәрлерінді шақырамыз. Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз, Спортпенен шұғылданамыз. 2-оқушы Арманы бір, үні бір, Аға ардақты, іні бір Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл. Бала бағы бар елдің. Гүлмен келсін келер күн Балалардың күлкісі Көркі, сәні әлемнің. 1 – жүргізуші: Бәрін көріп келеміз, Болашаққа сенеміз Жақсы оқу мен еңбекпен Біздер жауап береміз. 2 — жүргізуші: Қызғалдақтай құлпырып, Өсіп келе жатырмыз! Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық. 3-оқушы Жаңбыр жауды себелеп, Жасырынды көбелек. Аспан кетті күркіреп, Бұл не деген керемет.. Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтын сүйкімді қызымыз 4-оқушы Мереке бүгін, береке бүгін Қуанып, шалқып тасыған От боп жүр жастар, Шоқ боп жүр жастар Көңіл жоқ шешек атпаған Балалар гүлдей, құлпырып күндей. 5-оқушы Ұлылардан ұлағат ап жаңаша Байқауларға ой қосамыз таласа Талабы зор балаларды танытып Таныстырған «Айгөлек» ол тамаша 6-оқушы Көк аспанда күн күліп, Ұл қолында ту жүрсін. Қыз қолында гүл жүрсін, Бірге жүрсін бүлдіршін. 7-оқушы Күннің көзі ашылып, Көкке шуақшашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. 1 жүргізуші: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық. Ән «Қошақан». Орындайтын ұлдар. 8-оқушы Біз кішкентай «Жұлдызбыз», Өнегелі ұл-қызбыз «Балдырғанбыз» — балдаймыз, Бақытты өмір таңдаймыз. Шаттық — думан көңілді, Болашаққа жалғаймыз 9-оқушы Атың қандай жаз деген, Мағына бар мәз деген. Бар тіршілік масайрап, Күй толқыды сөзбенен. 10-оқушы Балаларда мәз болып, Үйге мүлде кірмейді. Көлге аққу, қаз қонып, Жазсыз өмір сүрмейді. 11-оқушы Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған, Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған. Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз, Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған. 12-оқушы «Айгөлек» жан досым, Бар баланы баураған. Жаңа келген ғасырдан, Жаңалығы аумаған. Ән: «Айгөлек» хор. 13-оқушы Балдырған тілеуі, Балалықтың бақытын байытқан жер. Бұзылмасын балалардың ұйқысы, Берекелі бейбіт күнді тілейік. 14-оқушы Келді міне тағы жаз, Күн шуағымен жылытады. Жылуын төгіп бізге, Бәрімізді қуантады. 15-оқушы Лучами солнышко играет, И рыбки плещутся в реке. И это просто означает, Что лето на носу уже. Ән: «Туған жер». Орындайтын ұлдар 16-оқушы Знаем,знаем,здесь мальчишки- Озорные шалунишки! И девчонки хороши Улыбайтесь от души! 17-оқушы Небо ясное, солнце красное Настроение у нас прекрасное! Нам с тобою здесь Всех чудес не счесть Если песня есть То и дружба есть! 18-оқушы Мен – баласы даланың, Кең далама тартып туған баламын. Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан, Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған, 2-жүргізуші «Бауырсақ» ертегісіне көрініс қою Кейіпкерлері: Бауырсақ Ата Апа Аю Қасқыр Қоян Түлкі Автор Осымен ертегіміз бітті -хормен сау болыңдар!!! Қазақ биі. Орындайтын қыздар Хор: «Туған жер» Қорытындылау: Балалар өздерің көргендей суретте салдық, ермек сазымен де жұмыс жасадық т.б. жұмыстарды атқардық. Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз