Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Жаңа технологиялар. Луллия технологиясы, Лэпбук технологиясы,
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемі »
Мақсаты: 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. 10 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін санау, салыстыру,Ақыл-ой белсенділігі күшейту,шапшаңдыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту,сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: Әр-түрлі пішіндегі кілттер,суреттер,,10 көлемінде сандар карточкасы, тақырыпқа байланысты суреттер, , пішіндер.т.б
Әдіс – тәсілдер: шаттық шеңбері, жұмбақ, түсіндіру, сұрақ – жауап, , сергіту сәті, луллия шеңбері,дидактикалық ойындар.
Билингвальді компонент: сандар – цифры.
Оқу іс-әрекет кезеңі
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық кезең
|
Шаттық шеңбері Қане балалар барлығымыз бір – біріміздің қолымыздан ұстап, күн жасайық. Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Бізде амандасып алайық. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің ісі ғой. Ал, қанекей бәріміз, Сәлеметсиздер бе, - дейік үлкенге. Қайырлы күн қонақтар, Қайырлы таң балалар!
|
Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды |
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл? Буратино: Салеметсіздер ме ,балалар ! Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме ?» Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Қызықты математика әлемі» барсаң табасың деді. Мен «Қызықты математика әлемі »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино Қане балалар ,Буратиноға көмектесеміз бе? Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, « Қызықты математика әлемі «»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба? Онда Буратина бізбен бірге шеңберге тұрып,әуе шарларын ұстап ұшып барайық. Міне «Қызықты математика әлеміне» де келдік. Таңғалдыру сәті: Ой,Буратина мына жердің қақпасында үлкен құлып тұр екен ғой енді не істейміз?Қараңдашы мына жерге кілтер қойып кетіпті.Буратина мына кілттердің арасынан сенің кілтінді қалай табамыз. Тәрбиеші: Ал,құлып нешеу? Кілтердің бәрі бірдей ме? Қандай пішіндер бар? Бұл кілттердің қайсысы тура келетінін білмей тұрғаным. Ал,бізге қандай пішіндегі кілт дәл келеді? Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. Балалар мында бір хат жатыр. Ашып оқып көрейік. Мында бізге көптеген тапсырмалар дайындап қойыпты. Егер осы тапсырмаларды орындап шықсақ, бізге «Қызықты математика әлемі » сыйлық дайындап қойыпты.Балалар орындаймыз ба? Буратина бізге көмектесесің бе? Буратина: Иә
|
Балалар: Салеметсіз бе,
Балалар: Иә, көмектесеміз
Иа барамыз.
Біреу Жоқ әртүрлі. Үшбұрышты,тік төртбұрышты,шаршы,сопақша,домалақ пішінді кілттер бар. Үшбұрышты себебі кілт салатын орын үшбұрыш болып келген.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
1тапсырма Жұмбақ. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма Гүлден ұшты 5 ара Қайтып қонды 2 ара Қоңбады оның нешеуі Кәне оны кім біледі? Дұрыс айтасыңдар балалар. 2- тапсырма Сұрақ – жауап Қазір жылдың қай мезгілі? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Атап беріңдерші. Сергіту сәті: Паравозик 1-10 дейін ретін табу және кері санау екі тілде. 3 – тапсырма. Луллия шеңбері Екі топқа бөлініп орында. 4 – тапсырма. "Күн сәулесін жина"(түс,пішін,ұзын,қысқа.сан) 5– тапсырма Жоғалған санды тап. 6 – тапсырма Салыстыр. Біз барлық тапсырмаларды орындап шықтық. Бізге дайындап қойған сыйлықты қарандар.Оны біз топқа алып барып топта орындайық Лэпбук логикалық ойыны. Енді біз елімізге қайтатын уақыт болып қалды .енді қайтайық балалар
|
5 алма
3 ара
Қыс Төрт жыл мезгілі бар. Көктем, жаз, күз, қыс.
Өте жақсы балалар.
|
Рефлексиялық –түзетушілік |
Таудың биік шыны Балалар Математика патшалығында сендерге ұнады ма? Біз не білдік? Сендерге сабақ түсінікті болса,онда таудың ең биігіне апарасыңдар. Ал жартылай түсінсеңдер онда ортасына қоясындар.Ал мүлдем түсінбесеңдер онда таудың астына қоясындар. |
|
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: 10-көлеміндегі сандарды тура және кері санайды ,заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,пішінін ажыратады.
Түсінеді: "ұзын", "қысқа" ұғымдарын дұрыс қолданады.
Қолданады:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі