Өлең, жыр, ақындар

Тура және кері санау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы:Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар.Тура және кері санау Мақсаты:5-ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау;талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сиқырлы қорапша, жүгері жармасы, текше,таратпа цифрлар. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, қызықтыру, сұрақ-жауап. «Кір жаятын жіп»әдісі, Асық терапиясы. Үш тілділік: сан-цифр- ,бір –один-one,екі-два- two, үш-три-three , төрт-четыре-four ,бес-пять-five Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті Мотивациялық қозғаушылық -Балалар,айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә. -Ендеше көңіл-күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылсын Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басығой Ал қанекей бәріміз «Қош келдіңіздер» баршаңыз. Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. - Балалар, мынау ненің суреті? - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын деп орнымызға отырайық - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - іс әрекеті. Ұйымдастыру ізденушілік -Бүгін біз қарапайым математика оқу қызметінде 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталаймыз. Саусақтарын үш тілде айтқызу 5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек -Балалар, бүгін бізге қонаққа Маша мен Аю ертегіндегі Маша келді. Сендерге Машаның өтініші бар балалар?,бізге оның тығылған достарың табуға көмектесейік. -Ол үшін балалар барлығымыз 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап шығайық 12345- тура, 54321- кері санайды. -Қоянның тапсырмасын орындайық «Көршісін тап» ойыны «Шығарып көр» ойыны (есептер беріледі) 5 санының құрамымен таныстыру - Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз «Сиқырлы қорапша» ойыны Қол қимылының бағыты ауада пысықталады,содан кейін үстел үстінде саусақпен орындалады. -Қасқыр бізге «Сиқырлы қорапшасын» беріп жіберіпті. Мен сиқырлы қорапшаны лақтырып жіберемін. Партаға қай цифр жазылған беті түседі, біз: 1. Түскен цифрды ауада саусақпен жазамыз 2.Цифрды мұқият жүгері жармасына саусақтың көмегімен жазамыз Аюдың тапсырмасы «Сәйкестендір» ойыны Шарты:берілген сандармен жемістерді санына қарай сәйкестендіру 2..Таяқшалар арқылы 1 саны мен 5 санының құрастыру Ала қонжықтын тапсырмасы «Өз орнын тап» ойыны Шашылған сандарды ретімен қою Тақтадағы жеміс-жидектердің санына сәйкес, алдарындағы цифрды тауып көтеру. Сергіту сәті Мұнда бері қараңыз Біз де санай аламыз «1, 2, 3» дегенде Түзу тұра қаламыз «4, 5» дегенде Алға қадам басамыз Ой жарайсыңдар, сендер расында ақылды екенсіңдер. -Саусақтарын үш тілде айтады -Ия,көмектесеміз 12345- тура, 54321- кері санайды. - Таңырқай қарайды -Қоян Балалар белсенді қызыға қатысады. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалар ойынға белсене қатысады. Рефлексивті түзетішілік Қорытынды. Қызықты сұрақтар 1.Аспанда неше күн бар? 2.Бағдаршамда неше көз бар? 3.Ата-анаға сен кім боласың? 4. Аспанда неше ай бар? 5.Екі қояның неше құлағы бар? 6.Топтата неше тақта бар ? 7.Адамда неше көз бар? 8.Адамда неше қол бар? Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балалар сұраққа жауап береді Күтілетін нәтиже: Нені біледі: 1-ден 5-ке дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық есептеуді Нені игерді: 1-5 цифрларының жазылуын, санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынбайтыны туралы,санау тәртібі туралы түсінікті: санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын; Нені меңгерді: 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге дейін тура және кері санауды, солдан оңға, оңнан солға қарай реттік санауды


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер