Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі. «Үйірін тапқан Көксерек»

                  Қысқа мерзімді жоспар                                             Бекітемін: _____________ Сәрсенбаева Т.                                                                                                        Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Күні: 06.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрсұлтанова Фариза

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

«Үйірін тапқан Көксерек»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Т/Ж2 .Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Сабақ мақсаттары

 

 

Әдеби  шығармадағы тұлғалар болмысымен танысып, кейіпкерлерді сипаттау.

Кейіпкерлерді бір-бірінен ажыратады, салыстыру

Әдеби шығармадағы тұлғалар болмысына талдау жасай отырып, адамгершілік тұрғысынан ұтымды ой айту

Бағалау критерийі

  • Шығарма кейіпкерлерін сипаттайды;
  • Шығарманың кейіпкерлерінің іс-әркетін талдап, салыстырады;
  • Сыни ойларын жеке, жұп, топ ішінде  көрсете біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:шығарманың тақырыбы  мен идеясын аша отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, идея, арлан

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Тарих, жаратылыстану, биология

Алдыңғы оқу

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқыды, оқиға желісімен мазмұндайды

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

Басы

Қызығушылықты ояту

3 мин

 

3 мин

«Стоп кадр» әдісі бойынша тақтада берілген бөрінің суреті арқылы оқушылар тақырыпты болжайды. Көксеректің негізгі кейіпкер екенін айтады.

«Шынжыр» әдісі бойынша оқушылар әңгімедегі оқиға желісін үзбей, жалғастырып ұжым болып мазмұнын айтып шығады.

Мазмұнын айтқан оқушылар бағалау картасында белгіленіп отырады.

Плакаттағы сурет, бағалау картасы

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

 

5 мин (Т.Ж)

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8мин

 

 

 

 

5мин

 

1-тапсырма (15 мин) ТЖ

Топтар әдеби шығарманың құрамдас бөліктерін табу арқылы  графикалық органайзерлер әзірлейді, талдайды, қорғайды.

"Оқиғалар тауы" әдісі бойынша әдеби шығарманың композициялық  құрылымына талдау жасайды, сәйкестендіреді.

Шығарманың басталуы: Қасқырлар мекені.

Шығарманың байланысы: Көксеректің ауылға келуі

Шығарманың дамуы: Көксеректің ауылдан кетуі

Шығарманың шиеленісуі: Көксеректің жаралануы

Шығарманың шарықтау шегі: Көксерек пен Құрмаштың соңғы кездесуі

Шығарманың шешімі: Көксеректің жазасын тартуы.

Дескриптор:

-Шығармадағы эпизодтарды  копозициялық  құрылымына жіктейді;

-Шығарманың сюжеттік дамуын  өз сөзімен әңгімелейді;

Қ.Б «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы бағаланады.

- Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, ашық алақан,

-Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын көтереді,

- Мақсатқа толықтай жеттім десе, жұдырығын көрсетеді.

2-тапсырма

Топтық жұмыс: Топта өзара талқылап қорғайды: арқылы "Көксерек" пен "Аққасқаны" сипаттайды.

1-топ: Көксерек бейнесін талдайды

2-топ: Аққасқаны бейнесін талдайды

3-топ: Көксерек пен Аққасқаны салыстырады

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды.
  • Берілген эпизодтағы әрекетін сипаттайды.
  • Кейіпкерлерді талдайды.

Топтар бір-бірін "Бас бармақ" әдісі арқылы  бағалайды.

Прорблемалық сұрақ:  Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

Топтан бір оқушы шығып топ жауабын айтады және өз пікірін дәлелдейді.

1-топ: Көксерек кінәлі

2-топ: Аңшы кінәлі

3-топ: Құрмаштың өзі кінәлі

Бағалау критерийлері:

  • Өз ойын жеткізеді;
  • Өз ойын шығармадан үзінділер келтіре отырып дәлелдейді

«Қарсы пікір» әдісі   

Өзіңіз кінәлі деп тапқан кейіпкерді ақтап алыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерді ақтайды;
  • Кейіпкердің кінәсіздігін дәлелдейді

Сергіту

Мақал-мәтел «WhatsApp-та»

Саралау тапсырмасы

«Бес жолды өлең» стратегиясы. Синквейн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр

2. Жыртқыш,қомағай.

3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

5. Бөрі,көкжал.

1. Аңшы

2. Қырағы,сақ

3. Атады,көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады.

5. Мерген.

Үйге: кейіпкерге хат

Үлгі: «Құрмашқа хат», «Аңшыларға хат», «Құрмаштың әжесіне хат»

 Қ.Б: Ұжымдық шапалақ

Суреттер, А3 парағы, маркер, оқулық,

 

 

Суреттер,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А4 парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 дескриптор

 

 

Сабақтың

соңы

 Ой- толғаныс

3мин

 

 

Кері байланыс

Бір сөйлем әдісі

«Бұдан шығатын түйін...»

Дәптерге бұл әңгімеден не түйгендігін жазады.

«Мен  сөз сұраймын» оқушылардың ашық пікірлерін білу

 Оқушылар  жауап береді. Шығармада көтерілген мәселені  өлең  жолдармен нақыл сөздермен, көркем сөзбен түйіндейді.

Бағалау парағы, кері байланыс, оқулық

 

               


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз