Өлең, жыр, ақындар

10 саны мен цифры

Түркістан облысы Түркістан қаласы
"Болашақ" бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші Оспанова Айжан Қазыбекқызы

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика негіздерін қалыптастыру.
Тақырыбы: 10 саны мен цифры.
Мақсаты: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: он, десять, тен.
Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, әуе шары.

Шаттық шеңбері:  
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер ана!
Армысың, Көк аспан!
Сәлем достар!
Бүгінгі күн қандай керемет!
Мен мықтымын!
Мен күштімін!

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қанша ай бар?
- Бір аптада қанша күн бар?
- Оларды ата?
- Бүгін қандай күн?
Ойын: «1-ден 9-ға дейін санау».

Оқу қызметінде 1-ден 9-ға дейін санауды білдік. Ол үшін 3, 6, 9 санын айтпаймыз, қолымызды шапалақтаймыз.
- Балалар, математика еліне немен саяхатқа барсақ болады?
Математика еліне біз сиқырлы әуе шарларымен барамыз.

Достық білім шапағат,
Жүрсін бізге жол бастап
Сиқырлы шарды қосайық
Математика еліне саяхатқа барайық.

- Ой, балалар қараңдаршы біз математика еліне келдік.  Мұнда сандар, түрлі геометриялық пішіндер бар екен.  
Қараңдаршы, бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері бар екен.  

Мен сендерге қазір есеп  жұмбақ жасырамын.   
Қоян бауырсақ ұрлады,
Қасқыр қарап қалмады
Қоян салды тоғзын
Көрі  атасы ұрларды  ұстады.
Ата қапты ашты неше бауырсақ тапты.
Балалар: 9 бауырсақ
Одан кейін қасқырдан бір бауырсақты алып салды.
Барлығы қанша бауырсақ болды?
Балалар: 10 бауырсақ болды.
Олай болса оқу қызметімізде 10 санын бүгін өтеміз. 10 санының алдында қандай сан тұр 9 саны тұр. 10 саны екі таңбалы сан екен. 10 цифры екі сан арқылы жазылады екен. Бір және нөл.

Балалар 1-ден  10-ға  дейінгі сандарды бүгінгі математика оқу қызметімізде толық білу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Екі топқа бірігу жұмысын жүргіземіз.

Алақандарыңдағы гүлді көрсетіңдерші, оны теріс қарай айналдырайық. Артында 1 және 2 саны тұр. Екі топқа бөлінеміз.
 Дәптетерге  бауырсақтар  берілген   сол  бауырсақты  санап  және  мынадай жапсырмалар  қолданып  жапсырмалар  арқылы  бауырсақты  санап  жапсырамыз.  Бауырсаққа  сәйкес  цифрды   карандашпен  қоршаймыз.
Балалар  тапсырмаларды  орындап  болсаңдар, бағалап  шығамын.
Тура  және  кері  санату.
Келесі  тапсырманы  орындау  үшін  қоянның  тапсырмасын  орындаймыз.
10  цифрын  дәптерге  орындаймыз.  10 саны  екі  таңбалы  цифрдан  тұрады. Бірінші  ауада  жазып  үйренейік.    Сосын  мен  тақтаға  жазып  көрсетемін.  
Балалар  10  цифрын  жазады.  
Жоғарыдан  бастап  төменнен  үзбей  жазамыз.

Келесі  бізге  қандай  кейіпкер  келді.
Қасқыр.
Қасқырдың  тапсырмасын  орындауға  дайынсыңдар  ма?
Санның  құрамын  анықта.   Сандардың  құрамын  алдымыздағы  тұрған  талеркелерден  бауырсақтарды  дөңгелектерге  орналастырамыз.
10  құрамының  саны  5 пен  5 тің  қосындысы  10ға  тең.  
Жұптық  тапсырманы  орындаймыз.  Екі  баладан  орындаймыз.    
Балалар  тақтада  қандай  кейіпкерді  көріп  тұрмыз.
Сандар   туралы  тақпақтар  айтады.
Аюды.
Ендеше  аюдың  тапсырмасын  орындаймыз.
«Суретті  құрастыр»
Балалар  1-ден 10-ға  дейін  санамақ  айтайық.
Түлкінің  тапсырмасын  орындаймыз.
Санды  анықта.
Суреттерден  өрнек  құрастыр.
Шығармашылық  жұмыс.
1.    10  санын  мозаикалардан  құрастырып  жазады.
2.    10 санын  жіппен  жазады.
3.    10 санын  баспа  әдісімен  жазады.
4.    Қарбыздың  дәнін   орналастырады.
Ой,  балалар  балабақшаға  оралатын  уақытымыз  болды.  Сиқырлы  әуе  шарымызбен  балабақшаға  ораламыз.
Оқу  қызметін  қорытындылау  үшін  «Тілші»  ойынын  ойнаймыз.
Тілші  болып  ортадан   бір  бала  шығады.

Сұрақтар қояды.
- 1ден 10-ға  дейін тура саны
- 1-ден 10-ға  дейін кері сана?
- 10 саннының құрамы қандай?
- 10 санының алдында қандай  сан  тұрады?
- 10 саны неше таңбалы сан?
- 10 саны бізге не үшін керек?
Бүгінгі оқу қызметінде бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерінің тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.

Балаларды мақтау, мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз