Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы: |
Туған жердің таулары |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. Тауларды сипаттап,өлеңмен салыстыру. 4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды табу және оларды қолдану, анықтау. 4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі. Оқушылардың көбі жасай алады: •Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді. Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылғанжұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: •Оқушыларды түрлі жанрдағы. Шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады. |
|||
Жетістік критерийлері |
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; |
|||
Бастапқы оқу |
Мәтін мазмұнын бөліктерге бөліп, жоспар құра алады. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Көңілді күй» әнін бірге орындау. Тайбурылдың шабысы үзінді жаттау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жаңа сабақты ашу. Өлең жолдарына назар аудару Бір зеңгір таулардан, – Алатау туралы естіп пе едіңдер? |
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
Сабақтың ортасы |
«Түсініп оқу» айдары оқулықпен жұмыс. «Топтастыру құра» әдісі бойынша жүзеге асады. Оқушылар: әдемі, асқар, биік, қарлы, зәулім, ақ басты... сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып түртіп алу. Дескрипторы: 1. Көркемдеуіш құралдарды пайдаланады. 2. Топтастыруды жүзеге асырып, дәлелдейді. ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері «Қойын дәптер» әдісі бойынша Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады. «Таудай болғым келеді» деген М.Мақатаевтың өлеңін түсініп оқиды. 1. Үлкендер балаға неліктен «Таудай бол!» деп тілек білдіреді? Дескрипторы: 1. Өлеңді түсініп оқиды. 2. Нақтылау сұрақтарына жауап береді. «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың өлең бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Таудың бәрі тағдырлы» – таудың әрбіреуінің өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар. Білгенге маржан Тау дегеніміз – етегі, шыңы, басы, жоны, беткейі, өзен аңғарлары бар, жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі. Жер бетінің жазықтан 200 метрден астам биіктікке көтеріліп жатқан бөлігін тау дейміз. Таудың биіктігі әртүрлі болады. «Ізден» айдарына сәйкес Өлеңде аталған тауларды картадан іздеп табады. Дескрипторы: 1. 1. Картаны пайдаланып, Қазақстанның территориясында орналасқан тауларды анықтайды. 2. Суреттердегі тау бейнелерінің қайсысы өзінің көрген тауына ұқсас екендігін қорытындылап айтады. ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері Дескрипторы: 1. Өлеңнің мазмұнын өз сөзімен баяндайды. 2. Алатау тауын сипаттайды. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||
Сабақтың соңы |
Қорытынды бағалау. Берілген тақырып бойынша іздену жұмысын жасау. Кері байланыс: Оқыған өлең, тыңдаған ән бойынша сурет сал немесе бес жолды өлең жазу Кері байланыс. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
Қорытынды бағалау |
||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі