«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: Азаматова І.Қ
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Түрлі-түсті моншақтар»
Мақсаты: Балаларды моншақтармен, білезіктермен таныстыру, түстерді ажыратуға үйрету. Ұсақ қол маторикаларын дамыту мақсатында шашу, жинау, топтастыруға баулу.
Білімділік: Моншақтермен, білезіктермен таныстыру, түстерді ажырату,шашу, жинау, топтастыру.
Дамытушылық: Балалардың тілдерін, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,көрнекілік, түсіндіру, әңгімелесу, бақылау, ойын, көрсету әдістері.
Көрнекіліктер: түрлі –түсті моншақтар, білезіктер, құралдар, қарындаштар, қорапшалар.
| Іс- әрекеті | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | 
| Мотиватциялық қозғаушылық | Шаттық шеңбер: 
 Қуан, шаттан алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн. Күліп шықты күн бүгін. Сәлеметсіңдерме балалар, Сәлеметсіздерме, апайлар!!! 
 | 
 
 
 
 Қимылмен көрсетеді, қайталайды. | 
| Ұйымдастырушылық ізденушілік | -Балалар бүгін біздерге қонаққа апайлар келді. Мына жерде бір қорап жатыр.Апайлар біздерге сыйлық әкелген сияқты. Қане ашып қарайық. -Қандай әдемі қорап. Бұл қорапты ашып қарайық, ішінде не бар екен? -Қолымды салып алайын. -Мынау не балалар? -Бұл моншақ. -Түсі жасыл, сары, көк, қызыл. -Қане баріміз бір-бірлеп аламыз. -Мынау білезік. -Түсі сары, қызыл, жасыл, көк. Балалар тақтамызда да әдемі суреттер бар екен,баріміз қарайық. -Мынау моншақ -Мынау білезік Түстері сары,қызыл,жасыл, көк. Ойын: «Шашылған моншақтар» Шарты: Балалар мына қорапта моншақтар шашылып қалыпты, сол моншақтарды жинап, түстері бойынша ажыратып, мына ыдыстарға салып қояйық. Қол маторкасына жаттығу: «Қарындаш» Күнделікті сурет салып жүрген қарындаштарымызды алақан ортасына салып, саусақтарымызға, алақанымызға жаттығу жасаймыз. Сергіту сәті: (әуенімен) Бала,бала,балапан, Қане қайсы алақан, Саусақтарың әйбат. Былай,былай ойнат. Бір қадам алға басамыз, Алақанмен соқ-соқ. Бір қадам артқа басамыз, Аяқпенен топ-топ. 
 
 | Балалар таңдана қарайды. 
 
 
 
 Моншақтарды қызыға қарайды. Қолдарымен ұстап көреді 
 
 
 
 
 Қарындашты алақанның ортасына салып жаттығу жасайды. 
 
 
 Моншақтарды жинайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Әуенмен қимылдарын қайталайды. 
 
 
 
 Сау болыңыздар!!! | 
| Рефлексиялық түзетушілік | Балалар бүгін біз моншақтармен, білезіктермен таныстық. Түстері қандай екен: Сары, жасыл,қызыл,көк. Апайларға сау болыңыздар!!! | 
 | 
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі