Атқа мінгізу. Үстеу
|
Пән: Қазақ тілі |
Мектеп: Орал қаласы, №1 ЖОББМ |
||
ҰМЖ бөлімі : |
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология (Үстеу. |
Мұғалімнің аты-жөні: Алипова Гульназ Туракбаевна |
||
Күні: |
|
Сынып: 6 |
||
Сабақ тақырыбы: |
Атқа мінгізу. Мезгіл үстеу |
|||
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
6.1.1.1 Т/А мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау; 6.3.2.1 Ж жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу; |
|||
Сабақ мақсаттары: |
1. сурет және тыңдалым бойынша тақырыпты болжайды; құттықтау хат құрастырады |
|||
2. сурет және тыңдалым бойынша тақырыпты дұрыс болжайды; жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтап құттықтау хат құрастырады; мезгіл үстеуін синонимдермен алмастырып қолданады |
||||
3. сурет және тыңдалым бойынша тақырыпты дұрыс болжайды; жанрлық, стильдік ерекшелігін, құрылымын сақтап құттықтау хат құрастырады; мезгіл үстеуін синонимдермен алмастырып қолданады; тақырып бойынша ой қорытады |
||||
Бағалау критерийлері: |
|
|||
Тілдік мақсаттар : |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мезгіл үстеу, тыңдалым, болжам, құттықтау хат |
|||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Атқа мінгізу» дәстүрінің тәрбиелік мәні неде? |
||||
Құндылықтарға баулу : |
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» қалыптастыру |
|||
Пәнаралық байланыс: |
Тарих |
|||
Алдыңғы оқу: |
|
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
|
||
Сабақтың басы
Білу деңгейі 5 мин
|
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау Ой қозғау. - - - Суреттерде не байқадыңыздар?
Оқу мақсаты: 6.1.1.1 Т/А мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау; Бағалау критерийі:
Тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=xJH_Boye4p8 сілтемесі бойынша тыңдалым мәтінін мұқият тыңдаңыз. Мәтін бөлігінде айтылған ой негізінде тақырыпты болжаңыз. Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері үлестіріледі |
|
||
Сабақтың ортасы
Қолдану деңгейі 20 мин
|
Оқу мақсаты: 6.3.2.1 Ж жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу;
ОДД: қолдану Тапсырма. Мәтінді оқып, тыңдалым және оқылым мәтіндерінен алған ақпараттар негізінде «атқа мінгелі» отырған ініңізге құттықтау құрастырып жазыңыз. Құттықтау хатының жанрлық , стильдік ерекшелігін, құрылымын сақтаңыз.
Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу". Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы"деп те атаған. Баланы кез келген атқа не тайға отырғыза салмаған, оны көбіне бәсіреге берілген тайға отырғызады. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды немесе шілдеханаға келген туған-туыстарыжас сәбиге бір құлын атайды. Мұны "бәсіре беру" дейді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы. Балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Ашамай дегеніміз баланың тайына арнайы жасалынған ердің бір түрі. Ол үзеңгісіз болады, себебі баланың бойы үзеңгіге жететіндей ұзын болмайды. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына не баскиіміне шоқтап үкі тағып, "жын-шайтаннан қағады" дегенді білдіреді. Баланы атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіпп, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай тартып таңады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Осындай рәсімнен кейін көп ұзамай ашамайды тастап, ер-тоқымға мінеді. Баланы ашамайға мінгізу баланың атқа отыра білу, қолқанат болу, баланың мықты, табанды болып өсуін қамтамасыз ететін дәстүрлеріміздің бірі деуге болады. Дескриптор:
ҚБ. Өзара түрлі түсті жалаулар арқылы бағалап, дескрипторлар бойынша кері байланыс береді |
|
||
Сабақтың соңы
Қолдану 10 мин
|
Мезгіл үстеу туралы түсінік. Оқу мақсаты: 6.4.4.3 ӘТН үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану Бағалау критерийі:
ОДД: қолдану (Ж) Тапсырма. «Атқа мінгізу –тәрбиелік мәні зор дәстүр» екенін ПОПС арқылы дәлелдеп жазыңыз. Ойыңызды білдіруде мезгіл үстеуін синонимдерімен алмастырып жазыңыз Дескриптор:
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалап, кері байланыс береді Кері байланыс . «Кері бйланыс бутерброды» Үй тапсырмасы. Қазақтың дәстүрлері туралы буклет
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі