Тақырыбы:8 наурыз –аналар мерекесі
Вход. Әдемі әуенге балалар билеп кіреді
Хормен: Ана біздің күніміз
Біз ананың гүліміз,
Бізді өсірген аналар
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, көктемнің алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күнімен басталып, 8 Наурыз мерекесімен жалғасып жатыр. Мерекеміз құтты болсын, дендеріңіз сау болсын, отбасыларыңыз аман болып, осы балапандарыңыздың қызық қуанышын қызықтай беріңіздер. Барша ана құтты болсын мерекелеріңіз
Жүргізуші:Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға береке, бірлік тілейміз!
Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік. Тақпақтар:Жанерке, Айлана, Айару, Медина,Хадиша
Бүлдіршіндердің орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Аяулы анашым»
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізде кім жоқ. Балалар: Көктем
Ару көктем келді бізге. Аналарды құттықтауға.Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа «Көктем» келіпті
- Сәлеметсің бе, Көктем
Көктем: Сәлеметсіз бе! Мен сіздерді Көктем мерекесімен құттықтаймын!
Жүргізуші: Көктем біздің бөбекжайымызға қош келдің! Сен неге мұңайып тұрсың!
Көктем: Мен өз бақытымды іздеп келген жанмын.
Жүргізуші: Е е-е, бақыт іздеп жүрмін дейсің бе!
Көктем: Ия, бақыт іздеп жүрмін
Жүргізуші: Көктем, сен «бақыт» дегенді қалай түсінесің!
Көктем: Мен бақыт дегенді, қуанышты өмір, мерекелік көңіл -күй, ән мен би деп түсінемін!
Жүргізуші: Ән мен би дедің бе, Ендеше, сенің тілегіңді орындамасқа болмайды.Қабыл алыңыздар кезекті биге береміз.
Би : «Көктем вальсі» гүлмен билеу
Көктем :Жарайсыңдар қыздар!Талаптарыңа нұр жаусын!
Жүргізуші:Көрдіңіздер ме, Көктем «бақыт» дегенді осылай түсінеді екен, ал біз ата-анамыз қасымызда аман болып, күліп жүруін, ешқашан ауырмауын қалар едік.
Келесі кезекті тақпақтарға береміз көктем қабыл ал.
Тақпақтар: Ильяс, Диас, Бекасыл, Айсұлтан
Көктем ойын ойнатады:«Гүл жина»
Ойын«Мені шақыр» (4 бала теріс қарап тұрады, мамасы үйде еркелететін сөзін айтады, сол бала мамасының даусын танып, қарау керек,бірақ баланың атымен шақырмайды)
Жүргізуші: Көйлектер топтамасы. «Сән үлгісі»көрсету
Көктем: «Бақыт»–деген осы екен ғой балалардың шат күлкісі, ойнап күлгені, анасының қуанғаны, сендер тамаша көңіл –күй сыйладыңдар, Рақмет сендерге.
Ал енді, балалар менің кетуім керек, басқада балабақшаларға барамын. Сау болыңдар
Жүргізуші: Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! –деп,
байсалды да, байыпты ұлдарымызды шақырайықҰлдардың биі:
Жүргізуші: Ең алғаш кішкентай болған кезді еске түсірейік Бөпелер биі
Би: «Сердечка биі»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана-әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық,
бақыт тілейміз.
Тәрбиеші Сакенова КС
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі