«Менің сүйікті қалам –Қарағанды»
Қарағандының 85 жылдық мерекесіне орай «Тілек» бөбекжайында
«Менің сүйікті қалам –Қарағанды» атты барлық топтар арасында фотосуреттерден, макеттерден т.б. көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге барлық жастағы топтардың балалары және олардың ата –аналары белсене қатысты. Балалар өз жасаған жұмыстарын қуана көрсетіп, сонымен қатар өз ата –аналарымен бірге тапсырмаларды орындады және өзінің туып өскен қаласы Қарағандыны қатты жақсы көретіндерін айтып өтті. Осындай өткізілген іс –шаралар балаларды өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, өз өлкесінің және қаласының тарихы туралы білімдерін кеңейтуге көмектеседі. Қаламыз әрдайым гүлденіп, әр отбасының өмірі қуанышқа толы болсын.
Тәрбиеші: Сакенова К.С. Барлық топ тәрбиешілері
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі