«Ата –ананың бақыты балада» жобасы
Қарағанды қаласы «Тілек» бөбекжайында «Жас отбасы» жобасы бойынша «Ата –ананың бақыты балада» атты аналар арасында сайыс өтті. Ата-ананың отбасындағы қадірі, бала тәрбиесіндегі орны, балабақша, ата-ана, тәрбиеші болып бірігіп білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жөнінде ой қозғау. Балабақша меңгерушісі Райхан Алтынхановна сайысқа қатысушы аналарға ақ жол тіледі. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Үш топтың аналары қатысты. «Балбөбек» тобы (Жупышева Ақтоты Ойратовна) «Айналайын» тобы (Еспаева Рамиля Рымхановна ) (Искакова Назгуль Отановна) «Құлыншақ» тобы (Тулеубекова Шырайлым Манатовна) (Аубакир Нүргул Муратовна) Таныстыру кезеңінде бейнеролик, слайд арқылы отбасын модельдеу «менің бір күнім» және бір күндік демалыс күндерін қалай өткізетіндері туралы көрсетті. Келесі бөлімдерде пікірталас сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ортаға салды. «Ас- адамның арқауы» бөлімінде тіл үйірер дәмді тағамдарын дайындап әкелді. Бұл жоба өте қызықты өтті.
Нәтиежесінде қазылар алқасының мүшелері балабақша меңгерушісі Аугалиева Р.А. Әдіскер Хаирова А.М. Психолог Еспаева Б.Ж. Музыка жетекшісі Сахова Л.К. аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып,
«Көрермендер көзайымына» ие болған аналарға Жупышева Ақтоты, Тулеубекова Шырайлым, Аубакир Нүргулге алғыстарын білдірді.
Барлық қатысушылар сый –сияпат және мақтау қағаздарымен марапатталды. Ата –аналар сайысын ұйымдастырушы балабақша тәрбиешілеріне: Кисраунова Н.Д. Сакенова К.С. Мейрманова Д.Б. Мәткенова Г.А. алғыстарын білдірді.
Тәрбиеші: Сакенова К.С
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі