Өлең, жыр, ақындар

Гипербелсенді баламен жұмыс

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№33 "Орленок" бөбекжайының педагог психологы
Мырзағалиева Айнара Райысқызы

Тақырыбы: Гипербелсенді баламен жұмыс

Түзете-дамытушылық мақсаты: Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін психологиялық ойындар арқылы түзету

Пайдаланатын құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы:

1. Амандасу. «Менің көңіл күйім» көңіл күйді реттеу
2. «Аттар» ойыны
3. «Ғажайыптың сиқырлы орманы» жаттығуы
4. «Төрт құбылыс» тренингі
5. Рефлексия және қоштасу

Жүру барысы:

І. Амандасу. «Менің көңіл күйім»

— Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.

Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)

Бүгінгі тренинг сабағымыздың аты Көңіл-күй жаттығулары.

ІІ.«Аттар» ойыны

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.

Шарты: Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. Шабарманның қолында -ауыздық. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

ІІІ. «Ғажайыптың сиқырлы орманы» жаттығуы

Мақсаты: Эмпатия сезімін, сенімін дамыту.

Нұсқау: Қазір біз түрі ғажайыптар болатын ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:

«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.

Талдау сұрақтары:

1. Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?

2. Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?

3. Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?

ІV. “Төрт құбылыс” тренингі

Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.

V. Рефлексия

Балалар бүгін сендерге біздің сабақ ұнадыма? Ендеше бір-бірімізге жақсы тілектерді тілеп аяқтайық. 3 тілде қоштасамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер