Өлең, жыр, ақындар

Мен көшедемін

Разова Жанымай Торебековна

 №14 «Ақбөбек» МАД тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу тәрбие жоспары
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Мен көшедемін»
Мақсаты:Балаларға  жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.
Міндеті:Жол ережесін сақтауға үйрету.
Үйрету:Бағдаршамның атқаратын қызметін таныстыру.
 Дамыту:  Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелеу:Ауызбіршілікке. Мейірімділікке. Ұқыптылыққа бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері:Қөрсету, сұрақ-жауап, мадақтау,қорытындылау.
Қолданылатын көрнекілік құралдар: Слайд,суреттер,бағдаршам, жол белгілері.
ҰОҚ кезеңдері    Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті
I Кіріспе бөлім    Шатық шеңбері
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме ? деп
Амандасып аламыз.

II Негізгі бөлім    Балалар назарын слайдка аударту.
Полиция қызметкерінің суретін көрсету
-Балалар мынау кім?
-Дүрыс айтасыңдар
-Бұл жол сақшысы
Жол сақшысы бізге тапсырмалар беріп жіберіпті
-Тапсырмада  жұмбақтар жасырылыпты
       Жұмбақтар
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым
Бұл не? (Жол)

Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді
Бұл не?(Бағдаршам)
Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді
Ол не?(Машина)
Жарайсыңдар,балалар!
Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз жол белгілері қауіпсіздік ережелері туралы екен.
Қазір қаламызда көліктердің түрлері өте көп,сол көліктермен жүргенде немесе көлік жүретін жолмен жүргенде міндетті түрде  жол белгілеріне қарап,жол тәртібін сақтауымыз керек.
  Мынау жол ережелері мұқият тыңдап таныс болайық
Видеоролик
(жол ережелерімен таныстыру)
Осы жол ережелеріне байланысты,көліктерге байланысты кім тақпақ біледі?
Сая
Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз
Траллейбус,трамвай,
Автобуспен жүреміз
Т Жандарбек
Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен,көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
Жандарбек
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз.
Жанерке
Мен білемін бәрін деме
Отырған жоқсың бөлмеде
Машина өтіп кеткесін
Жолаушы алға беттесін.
Бұл айтылған тақпақтардың барлығын есте сақтауымыз керек.
Саяхатқа шыққыларың келе ме?
-Саяхатха орманға бару үшін бізге автобус керек.
Сендерді саяхатқа апару үшін автобус шақыртып  едім.Біз автобусқа отыру үшін жолдың арғы жиегіне өтуіміз керек.Балалар жолда жүргенде жол ережесін сақтауымыз керек.Қандай жақсы бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр екен.Жолдың арғы жиегіне жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан алдымен сол жағымызға кейін оң жағымызға қарап өтейік.
 -Автобусқа мінудің де өз ережелері бар екен балалар.
-Автобусқа мінгенде артқы есіктен кіріп.алдыңғы есіктен түсу керек.Терезеден қолымыз бен басымызды шығаруға болмайды.Қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
-Автобусқа жайғасайық.Ендеше асықпай автобустың орындықтарына отырып, Орманға  саяхаттауға жолға шығамыз. Балалар жолымыз қысқарсын  автобус туралы жаттаған өлеңімізді айтайық.
Қатар қатар тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Автобусқа отырып,
Саяхатқа шығайық.  
-Жүргізуші сіз неге жай жүрдіңіз?
Жүргізуші бала: бұл жерде «Абайла» деген белгі тұр.
Белгінің ішінде жануардың суреті бар.Мұндай белгіде жай жүру керек.
-Ендеше «Жануарлар» белгісі тұрса біз орманға да жақындап қалдық.
-Балалар, Қоян мен Жолбарысты  қараңдар.
Көрініс: «Жолбарыс пен Қоян»
Екеуі жолдан өтпекші екен
Барыс:Жолдан өтерде бірінші сол жаққа,содан кейін оң жаққа қарау керек.Әйтпесе көліктер қағып кетеді
Қоян:Жоқ,мен оңға да солға да қарамаймын.Апай бізге жолдан өтер кезде бағдаршамға қараңдар деген.
Барыс:Ақымағым-ау орманда
 қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам қала көшелерінде болады
 Барыс пен Қоянға жолдан қалай өтуге болатынын айтып түсіндірді
Бағдаршам жоқ кезде жолдың ортасында сызылған «Зебра» яғни жолақты сызықтармен өту керек.
-Балалар,біз орман жануарларына жолдан қалай өту керек екендігін көрсетейік.
-Балалар бақшамызға қайтайық
«Жол белгілерін құрастыр» ойыны.


III Қорытынды бөлім

    Жарайсыңдар балалар
-Саяхат сендерге ұнады ма?
Олай болса «Бағдаршам»әнін орындау арқылы оқу қызметімізді қорытындылаймыз.
Балаларды мақтау,мадақтау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз