Утесинова Айнагуль Сакеновна
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
"Жармыш жалпы білім беретін мектеп" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
педагог-сарапшы мұғалімі
Болашақтың энергиясы
9-сынып |
Қатысқан оқушылар саны: 20 |
Қатыспағандар: 0 |
|||||||||||||||||||
Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. «ЭКСПО-2017». Синтаксис |
Сабақтың тақырыбы: Болашақтың энергиясы |
||||||||||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары |
9.Ж6.1.1. Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау. |
||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөледі, құрмалас сөйлемдер түрлерін біледі. Көптеген оқушылар мәтін бойынша ойын (ақпаратты, идеяны) дұрыс жүйелейді. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ажырата алады. Кейбір оқушылар жазба жұмыстарына логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды. Құрмалас сөйлемдерді орынды қолдана алады. |
||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану, талдау |
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар жазба жұмыстарын абзацтар мен бөліктерге бөледі, ойын (ақпаратты, идеяны) дұрыс жүйелейді, жазба жұмыстарына логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды. «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, Мемлекет басшысы, «Болашақ энергиясы». Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: менің ойымша..., салыстыра қарағанда..., өмірмен байланыстыратын болсам..., бұл оймен келісемін/келіспеймін, себебі... |
||||||||||||||||||||
Ишара. Бас изеу, қолпаштау |
|||||||||||||||||||||
Осыған дейінгі меңгерілген білім |
Энергия және энергия көздері туралы түсінігі бар. |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» тұғырын негізге ала білім алушыларды заманауи инновация жетістіктерін игеруге бағыттау, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосу. |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері |
||||||||||||||||||||
ЖОСПАР |
|||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы
4 минут |
Ұйымдастыру. «ЭКСПО-2017» эмблемасындағы түстер арқылы топқа бөлу. Жасыл түс - «Күн», Көк түс - «Жел», Қызыл түс - «Энергия». Қызығушылықты ояту. Оқушыларға тақырып бойынша ой салу және қажетті ақпаратты алу үшін келесі сілтемеден бейнеүзік көрсетіледі. Оқушылар тыңдалған мәтіннен қажетті ақпаратты жазып алады. Бейнеүзік туралы өз ойларымен бөліседі. |
«Болашақтың энергиясы» таныстырылымы https://www.youtube.com/watch?v=GYMFwkHayjs Ермекова Т.Н. Бертілеуова Қ.Ә. Абишева Р.А «Арман-ПВ». 2019 ж |
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут
9 минут
15 минут
|
1-тапсырма. ЖЖ. «Үш жақты жазба күнделігі» әдісі.
Дескриптор:
Қ/Б: «Жетон» әдісі. Білім алушыларды осы жетонда берілген түстер арқылы бағалау. - Жасыл түс – «өте жақсы» - Көк түс – «жақсы» - Қызыл – «қанағаттанарлық»
2-тапсырма. Ж. «Еркін жазу» әдісі. - «Болашақтың энергиясы» тақырыбында жинақы мәтін жазу. Білім алушы 10 сөйлем жазу арқылы берілген тапсырманы орындайды. - «Болашақтың энергиясы» тақырыбында жинақы мәтін жазып, жұптарының жұмысымен салыстырады. Түзетулер енгізіп, қайта редакциялайды. 1-топ. – мәтін негізінде эссе жазу; 2-топ. – мәтін негізінде мақала жазу; 3-топ – мәтін негізінде ойтолғау жазу;
Білім алушылар дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды. Қ/Б: «Жетон» әдісі. Білім алушыларды осы жетонда берілген түстер арқылы бағалау. - Жасыл түс – «өте жақсы» - Көк түс – «жақсы» - Қызыл – «қанағаттанарлық»
3-тапсырма. ТЖ. «Әдеби шеңбер» әдісі. Мәтінмен жұмыс. - Жапония, Қазақстан, Ұлыбритания мемлекеттерінде ЭКСПО өтуі туралы мәтінді талдау. 1. Талқылаушы 2. Белгілеуші 3. Байланыстырушы4. Қорытындылаушы Топтағы оқушылар түгел қатысып, жете түсінеді.
Білім алушылар дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды. Қ/Б: «Жетон» әдісі. Білім алушыларды осы жетонда берілген түстер арқылы бағалау. - Жасыл түс – «өте жақсы» - Көк түс – «жақсы» -Қызыл - «қанағаттанарлық» |
«ВЕЕН диаграммасы» әдісі.
«Еркін жазу» әдісі
"Әдеби шеңбер" әдісі
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс «Нысана» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
||||||||||||||||||||
ҚОСЫМША АҚПАРАТ |
|||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы). Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Ол кері байланыс арқылы жүзеге асады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып, жаңалық болған ақпараттарды жазады. Бірақ өз ойының пайда болу себебін және өз ұстанымының неге негізделгенін түсіндіруде қиналады. Оларға берілген ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіріп, қосымша дереккөздерін ұсыну арқылы қолдау көрсетемін. Жетекші сұрақтар қою арқылы жетелеймін. Орта деңгейлі оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады, ойын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер арқылы келтіреді. Ал қорытынды ойын жүйелі жеткізуде қиналады. Оларға қорытынды ойын жүйелі жеткізуге жетелеу үшін ынталандырамын. Талқылау сұрақтар қоямын, қолдау көрсетемін, қосымша дереккөздер ұсынамын. Қабілетті, жоғары деңгейлі оқушылар әдеби туындыға қатысты өз пікірін айтады, көзқарасын түсіндіреді. Пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді. Өмірмен байланыстырып, дәлелдей алады. Оларға шығармашылық деңгейде жұмыс жасауға тың деректер іздеуге бағыт беремін. |
Білім алушылардың оқу материалын игеру деңгейін бағалау критерийлеріне сәйкес жасақталған дескрипторларға сүйене тексеремін. Қалыптастырушы бағалауды ЭКСПО эмблемасындағы түстерді жетонға түсіру арқылы жүргіземін. «Жетон» әдісі. Білім алушыларды осы жетонда берілген түстер арқылы бағалау. - Жасыл түс – «өте жақсы» - Көк түс – «жақсы»
Кері байланыс "Нысана" әдісімен жүргізіледі.
|
Денсаулық сақтау технологиялары: сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану; қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуы; АКТ-ны қолдану нұсқаулығына сай жұмыс. «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен байланыс болады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» тұғырын негізге ала білім алушыларды заманауи инновация жетістіктерін игеруге бағыттау, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосу жауапкершілігіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар деңгейлеріне қарай сабақ мақсатына қол жеткізеді. Қолданылған әдіс-тәсілдер көмегімен сабақ мақсатын жақсы алып шығады, толық түсінеді. Жазылым және әдеби тілдік норма бойынша алынған оқу мақсаттары мен сабақ мақсаты қолжетімді болады. Сабақ кезеңдерінде берілген тапсырмаларды «Әдеби шеңбер», «Еркін жазу», «Үш жақты жазба күнделігі», «ВЕЕН диаграммасы» сынды әдіс-тәсілдермен орындата отырып, уақытты тиімді пайдаландым. Жеке жұмыс жүргізу барысында "Еркін жазу" әдісін қолдана отырып, қабілетті оқушыларға берілген мәтінге түзетулер енгізіп, қайта редакциялау тапсырмасын бердім. Саралау осы кезде жүргізіледі. Уақыт тиімді пайдаланылады, себебі сабақ жоспары SMART талабына сай жасақталды. Жоспарда ауытқу болмайды және өзгертулер енгілмейді. Сабақ жоспарының әр кезеңі уақыты мөлшерімен нақты тапсырмаларды орындаумен белгіленген. |
|||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау. Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
2. "ВЕЕН диаграммасы" әдісі Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Қабілетті оқушылардың жеке жұмысты орындауда "Еркін жазу" әдісін тиімді қолдануда жетістікке жеткенін, орта деңгейлі оқушылардың жұптық жұмыс орындауда "ВЕЕН диаграммасымен" берілген тапсырманы "Үш жақты күнделік" әдісімен жақсы орындағанын, төмен деңгейлі оқушылардың топтық жұмысын қорғауда көмек қажет еткендерін аңғардым. Келесі сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында тыңдалым-айтылым дағдыларын дамытуға сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды назарда ұстар едім. |
|||||||||||||||||||||
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі