Өлең, жыр, ақындар

Кішкентай білімпаздар

Тақырыбы:   Кішкентай білімпаздар

Мақсаты: балаларды берілген сұраққа толық жауап беруге, кеңістікті бағдарлауға, оң және сол, жоғары және төмен  сөздерінің мағынасын түсінуге үйрету. 1-20-ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, сол сандарды құрастырып есептер шығаруға үйрету. Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасына аса мән беруге, байқампаздыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.  Сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын арттыру.

Міндеті: Судың қасиеттерімен таныстыра отырып, суды үнемдеуге, қоршаған ортаны ластамай, оларға қамқорлық жасауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Достарына қамқор болуға, ұжыммен жұмыс жасау барысында бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосатын, ұлтжанды патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерақтивті тақта, ноутбук, диск салынған конверт,үлестірмелі материалдар, зертханалық жұмысқа арналған заттар, ақылды қонжық, Симка мен Нолик, профессор.

Алдын-ала жұмыстар: интерактивті тақтамен жұмыс жасап көрсету,  кеңістікті бағдарлауға арналған ғажайып алаң жасау, мұзды суға айналдыратын лабирант жасау, әр баланың алдына үлестірмелі материал дайындау, шаттық шеңбері мен қоштасу шеңберін, сергіту жаттығуының өлеңдерін жаттату.

Қызмет кезең

дері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы  қозғаушы қызмет түрі

 

Сәлеметсіңдер балалар! Бүгін бізде ерекше күн! Тобымызға көптеген қонақтар келіпті, атам қазақ «Қонақ келсе құт» деген балабақшамызға құт береке алып келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

 

  • Балалар  менің қолымдағы зат не екенін білесіңдер ме?
  • Ия конверт сияқты алайда бұл қайдан келді, кім әкелді сендер білесіңдер ме?
  • Ааа есіме түсті бүгін таңертең балабақшаның терезесінің алдынан көгершін құсын көрген едім, ел аузында көгершін құсы хат тасушы қызметін атқарған деген аңыз бар. Мүмкін хатты бізге көгершін құсы әкелген болар. Келіңдер ішінде не бар екенін, кімнің жібергенін білейік.

Хаттың ішінен диск шығады. Тәрбиеші дискіні қойып балаларға назар аударуларын сұрайды.

  • Дискінің ішінде профессор Чудаковтың балаларға жолдаған жолдамасы екен.

«Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге Фиксиктер мультфильмінен таныспын. Біздің Симка мен Нолик мұндағы барлық құрылғыларды жөндеп бітті, олардың мұнда іші пісті, сондықтан оларды сіздердің балалабақшаларыңызға жібердім. Уақытты қызықты өткізесіңдер деп ойлаймын.»

Cәлемдесу шеңбері:

Қарақат атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен

Амандасып алады

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Здравствуйте!

Good morning!

хат салынған конверт сияқты

-білмейміз

 

 

 

 

 

 

 

Балалар хатты мұқият тыңдайды.

 

  • Балалар сендер мұнда Нолик пен Симканы көріп отырсыңдар ма?
  • Онда барлығыңды Фиксиктерді іздеуге шақырамын. Ол үшін алдымен  ойын ойнап дайындалып алайық
  •  «Сандарды ретімен қос»

 

Мақсаты: балаларды 1-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу арқылы сурет салуға үйрету.

  •  Балалар мұнда ненің  сурет шықты. ?
  • Бұл жәй көлік емес, Фиксиктердің сүйікті көлігі Фикси- мобиль.

Ғажайып сәт:

Сол сәтте топқа көлік мінген Симка кіріп келеді.

 

«Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Симкамын. Біз Фиксиктер адамдар көзіне көрінгенді ұната бермейміз. Бірақ сендердің Фиски-мобильдің суретін салғандарыңды естіп шыдай алмадым. Суреттеріңді көрсем бола ма?»

 

Балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер. Мен құрылғыларды жөндеуден басқа математикаға сауат ашуға да қызығамын. Бірақ кейбір есептерді шығаруға және әріптерді оқуға қиналамын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Әрине көмектесеміз Симка...  Есеп шығару үшін алдымен сандарды білу керек, сол үшін қазір біз сендермен «Көршісін тап» деген ойын ойнағым келіп отыр.

Компьютер алдындағы қауіпсіздік ережелері

  • «Көршісін тап»

 

  • Санның құрамын анықта

 

  • Жеміс терейік

 

   Көзге арналған жаттығу

-Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды екенісіңдер. Математиканы үйреніп алдым, енді маған сауат ашуды үйретіңдерші.

  •  «Дыбыстарды өз үйіне орналастыр»

 

Мақсаты: балаларды дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуға үйрету.

 Лабиринт арқылы адасқан сөзді тап.

  • Балалар қараңдаршы мұнда бір сөз беріліпті, алайда олардың ішіндегі дыбыстары өз орындарын жоғалтып қойыпты. Біз мына лабиринт арқылы жүріп отырып дыбыстың өз орнын тауып берсек қана сөзді оқи аламыз. Бұл сөзді табуға кім маған көмектеседі.?
  • Үстел үсті жұмысы

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

  •  

Сергіту сәті (ағылшын тілі)

Сол сәтте топқа Нолик кіріп келеді...

 

  • Сәлеметсіңдер ме балалар! Симка сәлем!! Білесіңдер ме балалар мен ойнап жүріп мынадай сиқырлы тас тауып алдым.
  • Не үшін оны сиқырлы деп ойлайсың?
  • Өйткені оны қолыңда ұстап тұрсаң еріп кетеді, ол өте суық.
  • Нолик бұл сиқырлы тас емес, жай ғана мұз ғой.
  • Жоооқ бұл сиқырлы тас, оны өзге ғаламшарлықтар әкелген...
  • Нолик сен ренжіме мен бұл заттың қалай сенің қолыңа түскенін білетін сияқтымын, балалар сендер де мені мұқият тыңдаңдар.

Ертеде көптеген  тамшылар бірігіп, тату тәтті өмір сүріпті. Олар бір бірін өте жақсы көріпті. Бір күні бірнеше тамшы ойнап жүріп өз отбасы мен достарынан алыстап кетіпті. Сол кезде суық жел келіп оларды ұшырып алып таудың басына алып кетіпті. Ол жерде олар қатып мұзға айналыпты. Сенің қолыңдағы сол мұздар болса керек Нолик.

  • Ой қандай аянышты олар өз отбасын достарын сағынып жүрген болар, оларды өз отбасына қалай қоссақ болады?
  • Қосуға болады Симка, сен мұңайма. Біз сендермен оларға көмектесеміз.

Ол үшін сендерді зертханаға сараптама жасауға шақырамын.

Техника қауіпсіздігі зертханада, халат кию

1-топ

Жаңбыр жаудыру  арқылы мұзды суға айналдыру

 

2-топ

Лай су мен таза суды микроскоп арқылы көреміз, талқылаймыз

 

3-топ

Суды түрлі түске бояп кемпірқосақ жасаймыз, судың түріне, түсіне, дәміне назар аударып, талқыға саламыз.

 

Сол сәтте топқа профессор кіріп келеді.

 

  • Сәлеметсіңдер ме балалар, қош келіпсіздер құрметті қонақтар! Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен бағанадан бері сендерді бақылап тұрдым, сендердің ақылдылықтырыңа тәнті болдым. Мына Нолик пен Симканы өзім келіп алып кетпесем, олардың қайтатын түрі жоққой. Жүріңдер біздің жұмыстырымыз жиналып қалды.
  • Профессор тоқтаңыз, біздің балалардың сіздерге көрсетер қызықтары әлі біткен жоқ, асықпаңыз.
  • Тағы қандай қызықтарың бар?

Шығармашылық жұмыс.

  • Бәрекелді балалар, сендердің мынадай сыйларыңнан кейін, мен де сендерді өз сыйлығыммен қуантқым келіп тұр. Сендерді тек қана ең ақылды фиксиктерге ғана берілетін «Кішкентай білімпаздар» медальімен марапаттағым келіп тұр.

Марапаттап болған соң Профессор Нолик пен Симканы алып қоштасып, шығып кетеді.

 

 

 

 

 

-көліктің

 

 

Балалар топқа келген Симкаға таңдана қарап,қызығушылық танытады.

 

 

 

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерімен бөлісуді ұсынады.

Содан соң тәрбиеші балаларға келген қонақтармен қоштасу үшін қоштасу шеңберіне шақырады.

 

 

 

 

Балалар өз әсерлерімен бөліседі.

Қоштасу шеңбері:

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз

Жарасады сәніміз

Көріскенше күн жақсы

Сау болыңыз бәріңіз!

                   Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: кеңістікті бағдарлауды, оң-сол, жоғары-төмен ұғымдарының мағынасымен мәнін;

Қалыптасқан түсініктер: зертханалық жұмыс барысында судың дәмі, түсі, иісі, көлемі  болмайтынына көз жеткізеді;

Орындаушылық қабілеті: қоршаған ортаны ластамауға, суды үнемдеуге, қиындыққа тап болған достарына көмек көрсетеді;

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз