Өлең, жыр, ақындар

Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы»

Сабақтың тақырыбы

Жұбан Молдағалиев  «Ар-ұят туралы»

Сабақтың

танымдық мақсаты

 

Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. «Ұят» сөзінің мағынасын ұғындыру.

Табыс критерийлері

  1. Өлеңнің мазмұнын түсініп, талдай аламын.
  2. «Ұят» сөзінің мағынасын түсіндім.

Сілтеме

Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай  «Қазақ  әдебиеті»  5-сынып

Дереккөздер мен жабдықтар

Интербелсенді тақта, проектор

Күтілетін нәтиже

Тапсырмаларды орындай отырып, өлеңнің идеясын ашады. Өзін-өзі бағалауға үйренеді.

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Мотивациялық кезең

10 мин

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топқа бөлу.

 

 

 

тапсырмасын пысықтау.

Оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып, өз есімін және өзінің бойындағы құнды қасиеттерін айтады.

Парақшаларды таңдау арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1-топ  «Әдеп»

2-топ  «Ақыл»

3-топ  «Адамгершілік»

4-топ   «Еңбек»

«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы ақын  Қ.Аманжолов туралы ойларын ортаға салады, «Жамырап күнде жас өмір» өлеңін жатқа айтады.

 

 

Топқа ат қою.

 

 

 

«Өрмекшінің торы» әдісі

Қол шапалақтау.

 

 

 

 

 

Смайлик жабыстыру.

Операциялық кезең

20 мин

Оқушыларға ситуациялық сұрақ беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі бойынша ситуациялық сұрақты талқылайды.

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

 

1-топ  Ж.Молдағалиев туралы кітаптан, басқа да дереккөздерінен мәлімет іздеу.

2-топ  Өлең мазмұнына жоспар құру.

3-топ  Өлең мазмұнына талдау жасау.

4-топ  Өлең мазмұнына сай мақалдар тапқызу. 

 

 

Жұптық жұмыс

 

 

Топтық жұмыс

Постер қорғау

Қол шапалақтау.

 

 

 

 

 

Смайлик жабыстыру.

Рефлексиялық кезең

13 мин

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту.

 

 

Бағалау.

«Мен қазақпын» әніне қимылдар жасау арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

 

Мюнстенберг әдісі бойынша сөз құрастырады.

Вншарашожданагаемеабыройжао

-татақлдпұятқұнамыс

Тижадаллджылоллдмекпарызқрож

-ігерметлопмектепм

Жұбаншгдщшміндеторнпавкнадан

-рощшжігітмптқариянрпажүрексчяқ

-уатчфыәдепмтрбілімоджэхзщ

Дұрыс жауабы: ар, ождан, абырой, от, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, ол, парыз, жігер, мектеп, Жұбан, міндет, надан, жігіт, қария, жүрек, қу,ат, әдеп, білім (23 сөз)

 

Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсінгендерін уақыт шеңберінде отырып талқылайды.

 

 

Табыс критерийлері арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

 

 

Табыс критерийлері

Жеттім

Талпындым

Ақын туралы тың деректер білдім.

 

 

Өлеңнің мазмұнын түсініп, талдай аламын.

 

 

«Ұят» сөзінің мағынасын түсіндім.

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

Жиынтық бағалау

 

 

 

 

Бас бармақ.

 

 

 

 

 

 

 

Қол шапалақтау.

Үй тапсырмасы

2 мин

Үйге тапсырма беріледі.

 Деңгейлік тапсырмаларды оқушылар өздері таңдап алады.

  1. Ар-ұят туралы мақал жазу.
  2. Өлеңнің қорытынды бөлімін жаттау.
  3. «Ар-адамдық өлшемі» тақырыбында эссе жазу. 

 


Пікірлер (2)

Гулжан

жақсы сабақ екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз