Өлең, жыр, ақындар

Г г дыбысы мен әрпі

Утешкалиева Тойдык Насипуллаевна

Атырау  облысы,  Исатай ауданы, Исатай ауылы

Исатай орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі»

І санатты бастауыш сынып мұғалім

 

 

 

Пәні: Әліппе.                                                                     

Сабақтың тақырыбы: Г г  дыбысы мен әрпі.

Сабақтың танымдық мақсаты:   Г г дыбысы және әрпімен таныстыру, сөз, сөзден сөйлем құрауға үйрету, буын туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың   ой- өрісімен шығармашылығын дамыту, ойлау қабілеті, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Сілтеме: Әліппе  оқулығы. Авторлары:  Ш.Әуелбаев

                                                             Ә.Наурызбаева

                                                             Р.Ізғұттынова

                                                             А. Құлажанова

Дерек көздер мен жабдықтар:  кеспе буындар, әріптер, суреттер, «Ақ көгершін» әні

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  Г  дыбысы  мен  әрпімен  толық  танысады. Г дыбысы бар  сөздерді буынға  бөліп дыбыстық талдау жасауды, сурет бойынша  әңгіме  құрауды  игереді.

Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:    Г  дыбысынан  басталатын  заттарды тауып, атын атап, ажыратып топтастырады.

Кеспе  әріптерден  сөз  құрауды  меңгереді.

 

 

Әрекет

кезеңдері

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

 

Оқушының іс-әрекеті

Мотива-  

   циялық

       кезең.

          10 минут

а) Сәлемдесу.

            Үлкенге де біз,

            Кішіге де біз.

            Барша адамды құрметтеп,

            Бас иеміз біз.

ә) Оқушыларға   үш  түрлі  гүлдерді

    тарату  арқылы   топқа  бөлу.

б) Оқушылардың назарын сабаққа

     аудару.

в) Ә.Табылдиевтың «Кім кінәлі»

     өлеңін оқыту, мазмұнын сұрау.

г) - Ү қандай дыбыс? Неліктен?

    - Неше элементтен жазылады?

     - Қай әріпке  ұқсас?

     - Дыбыс дегеніміз не?

     - Әріп дегеніміз не?

     - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 

1 топ. Тапсырма: Дауысты  

                           дыбыстарды жаз.

 

       

 

 

2 топ.  Тапсырма:   Дауыссыз      

                          дыбыстарды  жаз.

 

3 топ. Тапсырма: Дауысты, дауыс-сыз дыбыстардың айырмашы-лығын  тап.

 

 Дауысты                                  Дауыссыз

 дыб. ауыз                                 дыбыстар

 қуысынан                                 қысқа, шұ-

 еркін шыға-      ДЫБЫС         ғыл айты

 ды,созып            АЙТА-           лады, ауыз

 айтуға ке-          МЫЗ.            қуысынан

 леді, жеке          ӘРІП-           кедергіге  

 буын құрай-    ТЕРМЕН         ұшырай-

 ды. Қызыл        ТАҢБА           ды.Көк

  отауға               ЛАЙ-            отауға

 кіргіземіз.           МЫЗ.           кіргіземіз.

 

Оқушылар  сәлемдеседі.

        Оң қолын сермейді.

        Сол қолын сермейді.

Кеудесіне қолдарын қойып, басын изейді.

  Оқушылар үш түрлі қалау-лары бойынша таңдап, үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар сабаққа назарын аударады. Ә. Табылдиевтің «Кім  кінәлі?» өлеңінің мазмұнын айтады, рөлге бөліп оқиды.

Үү дыбысының дауыссыз екенін айтады, Уу дыбысы ұқсас екенін, жіңішке айтылатынын айтады. Дыбыстарды айтып, естілетінін, әріптермен таңбаланып, жазылатынын дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін айтады.

 

Өтілген дауысты дыбыстарды топтап жазады. Өтілген дауыссыз дыбыстарды топтап жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашы-лығын табады.

 

 

 

 

 

 

 

Операция-лық  кезең.

   15  минут

Қуаныш шеңбері:

  1. Жұмбақ жасыру.

            Жұпар иісі еседі,

           Жайнап бақта өседі.

           Қай әріптен басталған

           Аты не, кім шешеді?

                            Шешуі:  Гүл

- Гүл деген сөздің бірінші дыбысы

   қандай дыбыс?

- Г  дыбысы.

  Г  әрпінің бас әрпі мен кіші әріпі-нің жазба  және баспа  түрлерін көрсету.

Бағандағы сөздердің  мағынасымен таныстыру.

2.Сөздік жұмыс:

Егін-бидай егілетін алқап.

Егіз-бір сәтте, бір уақытта бірге туған бала.

Егеу-еңбек құралы.

Кереге-киіз үйдің бөлшегі.

Бетеге –шөп.

Шеңгел-тікенек тұқымдас өсімдік. Мезгіл-уақыт (жыл мезгілдері: жаз, күз, қыс, көктем).

3. «Ақ көгершін» әнін мәнерлеп оқып беру.

4. Сергіту сәті.

 

5. Дәптермен жұмыс.  Дәптеріміізді ашайық, қолға қалам алайық Салақтықтан қашайық, Әдемілеп жазайық.

-Г әрпін әдемілеп дәптерге жазу.

-Оқулықтағы дәптер жолындағы сөзді оқушыға оқыту, тақтаға сызбамен жаздыру. Гүлжан гүл өсірді.

 

 

 

 

 

Оқушылар жұмбақтың шешуі гүл екенін табады.

 

 Гүл деген сөзде бірінші       Г   дыбысы естілетінін және дауыссыз дыбыс екенін айтады.  Г   әрпінің  жазба және баспа түрлерімен танысады.

Оқушылар сөздік жұмысын жүргізу арқылы бағандағы сөздердің мағынасымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді оқушылар тізбектей оқиды. «Ақ көгершін» әнінің музыкасына қосылып би қимылдарын жасайды.

 

Г  әрпін  алдымен ауада, содан соң  дәптерлеріне жазады.

Г әрпінің үлкен және кіші жазбаша түрін әдемілеп, дәптерлеріне жазады.

 

 

Бір оқушы тақтаға сызба арқылы сөйлемді жазады.

Рефлекция-лық кезең.

     10 минут

Қорытынды:

- Г- қандай дыбыс?

- Неліктен?

- Г әрпін қандай текшемен белгіледік, қай отауға кіргіздік?

- Оқушылар,  бүгінгі  өткен сабағымызды «Сиқырлы  таяқша» ойыны арқылы қорытамыз. Сиқырлы таяқшаны ұстап  тұрып, әрпіне байланысты сөздер айту.

- Г  дыбысы  сөздің  қай  жерінде келеді?

Б а ғ а л а у: Жеңімпаз  атанған топтарды мадақтау.

Кері байланыс:  қызыл, сары, көк спикерлерді  пайдаланып,  алма ағашына жапсыру.

Г дыбысының дауыссыз екенін айтады және көк текшемен белгілеп, көк отауға кіргізетінін айтады.

 

Оқушылар ойынды қызыға ойнап шығады.  Г  дыбысы-ның сөздің басында, ортасында кездесетініне назар аударады.

 

Оқушылар гүлдерді санап шығады. Сабақтың қалай өтілгені туралы қызыл, сары, көк алмаларды алма ағашына апарып жапсырады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз