Корейская косметика премиум класса

Негізгі және туынды зат есім

Сабақ  тақырыбы:  Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:   Алған білімдерін пысықтау, зат есім туратын  жұрнақтар жайлы білімдерін толықтыру.

Оқу нәтижесі: Оқушылар зат есімнің тұлғасына қарай бөлінуімен танысады, сөз құрамы туралы алған білімдерін дамытады, түбір мен жұрнақты ажырата біледі.

Оқыту әдістері:  «Ыстық үстел»,  «Қаттама», «Дөңгелек үстел», «Айналмалы бекет»

Барлық  оқушылармен (А,В,С) жұмыс: А,В,С-өз беттерінше жұмыс

Сабақ  барысы:

Уақыты

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар

Кіріспе 

20 мин

 

 

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

Үй тапсырамасын пысықтау.

«Ыстық үстел»  әдісі бойынша бір оқушыға әр топтан сұрақ қою тапсырылады.

«Менің сыйлығым» ойынының шартын түсіндіреді. Мұғалім сыйлық қораптың ішіндегі сөздерді оқиды, топтар өз топ атауына қатысты сөздерді ғана жазу керек, сосын топтан біреуі шығып қорғайды, бір-бірін «Қаттама» әдісімен бағалайды.

Оқушылар  сөз таптары бойынша «Жалқы есім, Жалпы есім, Негізгі зат есім, Туынды зат есім» болып 4 топқа бөлінеді.

 

Оқушылар сұрақ қояды, жауаптың дұрыс немесе дұрыс емес екенін айтып, бағасын береді.

Топтар өз топ атауларына қатысты сөздерді ғана жазады, топтан бірі шығып қорғайды, бір-бірін «Қаттама» әдісімен бағалайды

 

Үстел

интербелсенді тақта.

 

 

 

Слайд

Таныстырылым

4 мин

Зат есімдердің тұлғалары жағынан негізгі (түбір) зат есім және туынды (жұрнақ жасалу арқылы жасалды) зат есім болып келеді. Мысалы:  ән,әнші, ас,аспаз, т.б

Ережені пысықтап, мысалдар келтіреді.

Слайд

Негізгі бөлім      20 мин

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

 Тапсырма беріп, қадағалап, бағыт, бағдар береді.

 

 

 

 

 

 

Топтар тапсырмаларды «Дөңгелек үстел» әдісімен талқылай отырып, орындайды.

1-жаттығу. «Жалпы есім» тобы өлеңді оқиды, туынды түбірлерді теріп жазып, олардың қай сөз табы екенін және қаратпа сөздерді табады.

2-жаттығу. «Жалқы есім» тобы бірнеше зат есімге бір жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасайды, бұлай жасалу себебін түсіндіреді.

3-жаттығу. «Негізігі зат есім» тобы сөздерді көшіріп жазады, сөздерді сөз құрамына талдайды, түбір сөзге сұрақ құрамына талдайды, қай сөз табына жататынын анықтап, дәлелдейді.

4-жаттығу. «Туынды зат есім» тобы берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есімдерге айналдырып жазады.

Оқулық.

Сергіту сәті 1 мин

«Мен қазақпын»  бейнеклипін қосады.

Билеп, сергіп алады

Бейнеклип

Қорытынды 5 мин

 Ойтолғаныс.

Әр топқа бір негізгі зат есімнен бірнеше туынды зат есімге айналдаруды  тапсырады, тапсырманы «Айналмалы бекет» тәсілімен бір-бірін тексеріп, бағалауды ұсынады.

  • Негізгі зат есімді туынды зат есімнен қалай ажыратамыз?
  • Туынды зат есімдерді қандай жұрнақтардың көмегімен жасауға болады? Мысалдар келтір.
  • Туынды зат есімдерді жұрнақ жалғау арқылы тағы басқа қандай сөз таптарынан жасауға болады?
  •  Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды.

Үйге тапсырмаға 39 беттегі 5-жаттығуды беріп, қалай орындау  керектігін түсіндіреді.

Жалқы есім тобына – «Бас» сөзі

Жалпы есім тобына – «Оқу» сөзі

 Негізгі зат есім тобына – «Бала» сөзі

Туынды зат есім тобына – «Су» сөзі

Түбір сөз туынды сөздердің айырмашылығын талқылайды. Топтар бірі-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланысты «Бес саусақ» тәсілімен жазады.

Постер, маркер.

 

 

Күнделік

Сабақтан кейінгі кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 


Қарап көріңіз

×