Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК
қосымша білім педагогы Айешов Сагат Толеуович
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, қоғамда тиімді қолдануға үйрету. Мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін тиянақтап, танымдық деңгейін арттыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін дамыту, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін практикада пайдалана білуге ықпал жасау.
б) тәрбиелілік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Ms Word редакторында мәтінді сауатты теруге. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Оқушылардың білім дағдысын тексеру, бағалау сабағы.
Сабақтың пән аралық байланысы : қазақ тілі, геометрия, ағылшын, орыс тілі
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Интерактивті сенсорлы тақта, ActivInspire бағдарламасында дайындалған тапсырмалар, ДК, тапсырмалар бар карточкалар, тест формасы Excel бағдарламасында
Жабдықталған бағдарлама: ActivInspire, Ms.Word, Ms.Excel.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?
- жақсы.Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтері.
Онда сабақты бастамас бұрын сендерден белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтайтын «Графикалық тест» аламын. Төмендегі 8 шеңбердің алғашқы екі шеңбер, ортасындағы төртеуін, ең соңғы екі шеңберді таңдандар.
Интерпритациясы:
• Алғашкы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін жоғары бағалайды.
• Ең соңғы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін төмен бағалайды.
• Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.
а) жоспары
Сабақты 2-топқа бөлу
1-топ «Компьютер»
2-топ «Монитор»
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр.
Сонымен ертеде Microsoft деген кісінің 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына кезеңдерден өтесіңдер.
Өту жоспары:
II. Жол сапар кезеңі
ә).Үй тапсырмасы (екі топқа Word мәтіндік редакторы, құжатты пішімдеу тақырыбын бөліп беру)
III. Ой қозғау кезеңі
б). Сұрақ-жауап фигураларда жасырынған (үлкейткіш әйнек құралы арқылы дұрыс жауабын тексеру)
IV.Ойлан тап кезеңі
в). Интерактивті тақтада тапсырмалар (Word терезесінің элементтері атауларын орналастыр, стандартты,
пішімдеу құралдарының орнын тап, диктант бос орынға қажетті сөзді жаз, екі топ ребус шешу)
V.Компьютермен жұмыс жасау кезеңі
г). (қызыл, көк, сары деңгейлік тапсырмалар орындау)
VI. Алма ағашы кезеңі
д) алмаларда құралдар жасырылған Activpen-мен қызметін жазу
VII. Қорытынды тест жұмысы
д). Формасы Ms.Excel бағдарламасы
VIII. Бағалау (оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалау)
IX. Үйге тапсырма
е) Word бағдарламасы Wordpad бағдарламасы айырмашылықтары ұқсастықтарын жазып келу
Word өзін таныстыруға жолға шығады
1. Жол сапар кезеңі (екі топқа Word мәтіндік редакторы, құжатты пішімдеу тақырыбын бөліп беру)
Word өзінің білгенін әрі қарай шыңдау үшін келесі жолға шықты
2. Ой қозғау кезеңі (Интерактивті сенсорный тақтада үлкейткіш әйнек құралы арқылы дұрыс жауабын тексеру)
Алтыбұрыш, Үшбұрыш, Бес бұрышты жұлдыз, Бесбұрыш,Өрнектелген тікбұрыш, Дөңгелек, Сегіз бұрышты жұлдыз, Дөңгелек, Алмас, Зауыт
Сегізбұрыш, Тікбұрыш, Мәнерлі көрсеткі.
Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Microsoft Word редакторын іске қосу үшін
қандай әрекеттер тізбегін орындау жеткілікті?
Мәтіндік редакторда қолданылатын ең кіші обьект болып табылады?
Мәтіндік редакторда қаріп параметрлерін өзгерту процесі қалай жүргізіледі?
Мәтіндерде сөздерді бөліп алу үшін қандай әрекет орындалады?
Түгелдей мәтінді бөліп алу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау
жеткілікті?
Бірінші құжаттан мәтін үзіндісін көшіріп, келесі құжатқа қою үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау жеткілікті?
Бос жолды жою үшін пернесін басу керек?
Бағдарлау өрісінде қағаз бетінің қандай түрлерін таңдау мүмкіндігі бар?
Пернетақтада қандай перне бір абзацтың соңын және келесі жолға өтуді көрсетеді?
Word бағдарламасында мәтінді теңестіру типінің бәрін атаңдар?
Басып шығару алдында құжатты қалай қарап шығу керек?
Осыған дейін білгендерін Word пысықтауға кірісті
3. Ойлан тап кезеңі (Интерактивті тақтада сенсорный тапсырмалар)
Word құжаты терезесінің элементтерінің атауларын жақтауға енгіз шарты қателессе элемент орнына бармайды.
Құралдарды тиісті контейнерге салу
Microsoft Word мәтіндік редактор. Мәтінді пішімдеу дегеніміз – мәтінді параметрлері арқылы қою. Мәтінді пішімдеуге әртүрлі қаріптерді пайдалану, құжат өрісінің шекараларын сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі жағын өзгерту жатады.
Word теориялық білімін практикамен ұштастырды
4.Компьютермен жұмыс жасау кезеңі (деңгейлік тапсырмалар)
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?
Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, жоларалық интервал – 1,5 алыңыздар.
Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.
Ирби
Қысқы спорттық мереке кезінде Азиаданы қабылдайтын қалалар жалын мен мұз секілді сайыстың шынайы рухын білдіретін қызыл-көк түсті қарша түріндегі оның эмблемаларымен безендіріледі. Сонымен қатар қала көшелерінен ойынның бойтұмары болып табылатын Ирби есімді барысты көп кездестіруге болады. Барыс – мәнді әрі маңызды символ. Скифтердің мифологиясында барыс әділеттілік қорғаушысы ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, барыс – қазіргітәуелсізҚазақстанның символы.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
1.Мәтіннің тақырыбын ерекшелеп, қаріп өлшемін 16-ға өзгерт,
тақырыпты форматтау тақтасынан ортасы бойынша туралап,
тақырыпты қарайтып жаз. Өзің білетін мақал-мәтелдерді жазып толықтыр.
2. «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол» деген
сөйлемдіерекшелеп, курсивпен жаз.
3. Мал үшін таласпа, ар үшін талас деген сөйлемді астын
сызып жаз.
4. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылықта деген сөйлемнің түсін
өзгертіп жаз.
5. Мәтінді ерекшелеп, ені бойынша турала.
6. Қызыл жолды сызғыштың маркерінің көмегімен, оңға қарай ығыстыр.
Мәтінмен жұмыс
1). Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.
2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
2. Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
2. Мына берілген мәтінді тер және оны көшіріп төрт рет жаз. Туралау әрекеттерін орында (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша).
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
1. Мына мәтінді теріп жаз, «Пішімдеу» сөзін түрлі түсті етіп ерекшеле және екінші сөйлемнің шрифтінің түсін қызыл етіп өзгерт.Мәтінді толықтыр Анимация астарлы бетінен «Мерцание» жанбітірімді таңда.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Білімді болу үшін Word адамға дәрумендер керек екендігін түсінді, өйткені аламда темір, с, е, дәрумендері болғандықтан бізді Word алма бағына шақырды
4. Алма ағашы (Activpen-мен қызметін жазу)
Word атасы Microsoft-ң тапсырған аманатын орындау үшін ең соңғы жауапты кезеңнен өту керек ол қортынды тест жұмысы
5. Қорытынды тест жұмысы ( Формасы Ms.Excel бағдарламасы)
Үйге тапсырма:
Оқушылардың білімін бағалау:
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын тарату.
Сонымен бүгінгі сабақта Microsoft баласы Word-қа еншісіне мәтіндерді жазу, өндеу, түрлендіру, сақтау, кесте құру, гракфикалық обьектілерді енгізу, гиперсілтеме қою мүмкіндіктерін еншісіне бергендігін білдік. Осыны ойлап тапқан американ ғалымы, данышпан Белл Гейтске алғысымызды білдіреміз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі