Бастауыш сынып мұғалімі:
Нурмангалиева Гулмаржан Асемкайровна
Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ. КММ.
БҚО, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы
Қазақ тілі. 4 сынып.
Тақырыбы: Көмектес септік
Мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Сөздерді өз бетімен септей білуге үйрету. Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Достыққа, татулыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық, «Сен- маған, мен-саған әдісі».
Көрнекілігі: сурет, ойыншықтар
Пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Балалар қазір қазақ тілі сабағы. Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай :
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім. – деп айтқандай ата-бабамыздың қанымен бойымызда дарыған тіліміз жасай берсін.
Ертеде бір шаңырақта 100 адам бірге тату-тәтті өмір сүріпті. Мұның мәнісін сұраған адамдарға сол шаңырақтың адамы 1 сөзбен жауап беріпті. Сол жауап қандай деп ойлайсыңдар? Өз пікірлерін айтқызу.
Ендеше тобымызға ат қояйық.Топтардың аттары: Достық. Татулық. Сыйластық.
Осы 3 асыл қасиет жазылған қағаздарды суыра отырып,топқа бөліну.
Топ ережесімен таныстыру.
1. Бір-бірін тыңдау.
2. Уақытты тиімді пайдалану.
3. Тапсырманы толық , сауатты орындау.
Топ басшыларын сайлау.
Біздер қазір септіктермен танысып жатырмыз. Әр топтағы оқушылар мына септіктерді суыра қойыңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді? 3-4-5 жаттығулар. Әр топтан тексеру.
Әр топ үйге берілген 3 жаттығуды талдап ,түсіндіреді.
Үй жұмысының қорытындылау. Бекіту. Әр топ 1 сөзден септеу. Көмектес септікке дейін
1 топ 2 топты бағалайды.
2 топ 3 топты бағалайды.
3 топ 1топты бағалайды.
Бекіту. Әр топ 1 сөзден септеу. Көмектес септікке дейін.
Үй жұмысы бойынша ынталандыру.Тәттілер үлестіріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар 1-жаттығуға назар аударайық. Оқыту.Түбірі мен қосымшасын ажырату.
Ендеше біздің 7-нші септігіміз көмектес септік екен.Қандай сұраққа жауап береді екен?
Жалғаулары қандай екен? Әр топ 1 сөйлемнен орындау. Тақтаға орындату.
Немен? Кімдермен?
Немен? Кімдермен?
Көмектес септіктің сұрақтары: Кіммен? немен?
Жалғаулары: -мен, -бен, -пен.
Тақтаға назар аударту.
Қазақ тілі бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін?
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ажырат, босқа жүрме.
Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес
Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.
3 топ берілген сөздерді септейді.
1 топ: көлік 2 топ: адам 3 топ: ақын
Осы тапсырма бойынша қатесіз септеген оқушылар ынталандырылады.
Топ басшылары тобында белсене қатысқан оқушылар туралы айтып өтеді.
2- жаттығу. Ауызша. Жұмбақтарды оқып, көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою.
Желмен ұшып кетеді.(қаңбақ)
Әлемге нұрын шашады.(күн)
Сергіту сәті. Поэзия минуты. Өлеңнен көмектес септіктегі сөздерді тапқызу.
Электронды оқулықтан тыңдату.
Еске алу. М.Мақатаев.
Келсең , кел
Ұятыңмен,арыңмен кел.
Бойыңдағы жақсылық
Барыңмен кел.
Биік бол, мендегінің бәрін меңгер
Жабырқаған жанымды жаныңмен көр.
Бірі ұнатып, біреуі жек көреді.
Мен қойғам адамдарға өкпелеуді
Басқа жағдай көңілді көп бөледі
Өкпе, наз дегендерің өткен енді.
Өмірдің заңы бөлек, жөні бөлек
Несіне өкпелейсің жөніңе кет.
Бықсып жатар өсектің қоламтасы
Еркінірек наздансаң еліңе кеп.
Келсең, кел, әзілмен кел, назыңмен кел.
Жан жұмсартқан жайдары жазыңмен кел.
Не халде отыр екем, көзіңмен көр
Аясаң сезіміңді сезіммен бер
Бәрінен айырылсаң өзіңнен көр.
Өлеңнен көмектес септіктегі сөздерді тапқызу. Көмектес септікте тұрған сөзді айтқанда қол шапалақтау. (9 сөз)
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле. Тақтаға бағалау үшін арнайы ереже ілінеді.
1. Жаттығу әдемі жазылу керек.
2. Сауатты , қатесіз болу керек.
3. Тапсырма орындалу керек.
Барлық ат күміс-ер-тоқыммен ерттелген. Әжесі Гаухармен музейге барды. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделді.
Әр топтағы оқушылар көршілеріне баға қояды және неліктен сол бағаны қойғанын дәлелдейді. «Сен-маған, мен-саған» әдіс.
ІV. Қорытынды.
І топқа ІІ топқа ІІІ топқа
Диалог әдісі. Дүкенде. Суретпен жұмыс. Кітапханада. Ертегі. Жеті септік.
Көрініс көрсету. Көмектес септіктегі сөздерді Өз ойларынан
пайдалану. құрастыру
V. Бағалау. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады. Топты бағалайды. Мұғалім смайликтер үлестіреді.
VI. Үйге тапсырма. 4, 5 жаттығулар, ережелер.
Еске алу. М.Мақатаев.
Келсең , кел
Ұятыңмен,арыңмен кел.
Бойыңдағы жақсылық
Барыңмен кел.
Биік бол, мендегінің бәрін меңгер
Жабырқаған жанымды жаныңмен көр.
Бірі ұнатып,біреуі жек көреді.
Мен қойғам адамдарға өкпелеуді
Басқа жағдай көңілді көп бөледі
Өкпе,наз дегендерің өткен енді.
Өмірдің заңы бөлек,жөні бөлек
Несіне өкпелейсің жөніңе кет.
Бықсып жатар өсектің қоламтасы
Еркінірек наздансаң еліңе кеп.
Келсең, кел,әзілмен кел,назыңмен кел.
Жан жұмсартқан жайдары жазыңмен кел.
Не халде отыр екем, көзіңмен көр
Аясаң сезіміңді сезіммен бер
Бәрінен айырылсаң өзіңнен көр.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі