Өлең, жыр, ақындар

Ер есімі - ел есінде

БҚО, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы

Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ КММ

Нұрманғалиева Гүлмаржан Асемкайрқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтың  тақырыбы: Ер  есімі-ел  есінде.

Сабақтың  мақсаты: 1941-1945 жылғы  соғыста қазақстандықтардың  жанқиярлық  ерліктері  туралы мәлімет беру, өз ұлтын сүю сезімін қалыптастыру, соғыс  туралы біліктіліктерін  жетілдіру.

 

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,п ікірталас

Сабақтың барысы  

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен  сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

 

ІІ. Негізгі  бөлім.

Құрметті балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналады. Бүгін  біз  қазақстандық  жауынгерлердің  ерлігімен танысамыз, олар туралы ән  айтамыз, жырлар оқимыз.

1941 жылдың 22-маусымында  қанқұйлы фашизмнің  қара бұлттай  қаптаған  қолы Кеңес Одағына  соғыс ашты. Бұл соғысқа  Қазақстаннан 1 млн 196164 адам қатысты, 12 атқыштар  дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-жуық полк пен  батальон құрылып майданға аттанды.Тарихта  теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай қазақстандық  шайқасты.

8–гвардиялық  атқыштар  дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде  бүкіл дүние жүзін  таңғалдырған  ерлік  жасады. Қазақстандықтар  София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған  қалалар  мен  селоларды  азат етуге  қатысты. Қазақ  жауынгерлерінің  майдандағы ерлігі  мен  тапқырлығы , жауынан тайсалмайтын-дығы  мен сұстылығы достарымызды  сүйсіндірді, дұшпанымызды  күйіндірді.

Қазақтар шын мәнінде  жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі  қалыптасқан ержүрек халық  екендігін  дәлелдеді. Мәскеу  түбіндегі  шайқаста  саяси жетекші  Клочков  басқарған  бөлімше 28панфиловшылар  жаудың 50 танкісіне  тойтарыс  беріп асқан ерлік  көрсетті. Бұл шайқаста ерлік  танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры»  атағын  иеленді. Сонымен бірге  Волоколамск  түбінде үлкен  ерлік  көрсетіп, қаза  тапқан  қолбасшы, қаһарман командир  Панфиловке   «Кеңес Одағының Батыры»  атағы берілді.

            

Сағи  Жиенбаев. Жиырма сегіз  батыр. Оқитын:Теміржанов Айбол

Тастар көкке атылды,                         Жамылды жер  тұманды

Орман шулап,тау құлап.                     Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз батырды                       Жиырма сегіз қыранды,         

Жеңе алмады жау бірақ.                     Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астынан  зулаған                            Жау жеңілді ақыры,

Туған жермен  бір болып.                   Атты бейбіт таң күліп.

 

Жиырма сегіз қыранды,                      Жиырма сегіз батырын   

Жеңе алмады жау  бірақ.                    Ұмытпайды ел мәңгілік.

1942 жылы ауқымы жағынан  адамзат тарихында  болып  көрмеген Сталинград  шайқасының  отты жалыны  қазақ даласын  да шарпыды. Полковник  Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның  өзі жаудың 120 танксін, 800 автомашинасын  жойды. Қазақстанда  жасақталған  бөлімдер Мәскеу мен Ленинградты қорғасты, Балтық бойы  республикаларын,Украина мен  Белоруссияны жаудан тазартты. Жау ұясы Берлинге  шабуыл  жасады. Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға  қарсы ұмтылған батырларымыздың  есімі  мәңгі ұмытылмайды.

Кеңес Одағының  батыры атағын алғандар: Төлеген  Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен  Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Бауыржан  Момышұлы, Қасым Қайсенов, Қарсыбай  Сыпатаев, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, т.б

Кеңес адамдары  мылтықты  да, мылтықсыз  да майданда  бірдей арпалысып  жеңіп шықты. Осылардың ішінде біздің жерлес аталарымыз да болды. Атап айтқанда. Ғазиз Сатқанов, Жетпісов Табылды, Губайдуллин Хасайын, Ниетқали ата, Фазыл ата, Баймағанбетов  Тастілеу ата, Шакриков Құрман ата. Біз ол кісілер туралы  не білеміз? (өздері білетіндерін сұрау) Аталары туралы  әңгімелеу.

Күйзелген  көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Сол кезде  Рейхстагқа  туды 22 жасар  қазақ жігіті Рақымжан  Қошқарбаев тікті. Содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы Берлинде  фашистік Германия жеңілгенін мойындап  қол қойды. Ал 9 мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын соңды болмаған 30дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

Енді осы тақырыпқа арналған  тақпақтарымызды  айтайық.

  1. Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,         2. Жеңіс бізге  оңайлықпен келмеді.

Соғыс деген болған емес  тегін іс.          Жастық  күйреп,халық сиреп көнерді.

Соғыс деген қиылған  жан,аққан қан     Жарақат алғандардың  күшімен

Соғыс деген екі жаққа  жеңіліс.              Өркендеттік  өмір менен  өнерді.

 

3.20миллион тірлік демін доғарды,          4. Аталарым  қиындықты көп көрген,

Қанша қала күлге айналып тоналды.       Сүрінбеген талай  қиын  өткелден.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай              Жастық шағын соғыс өрті ұрлаған

Бір мемлекет жер бетінен  жоғалды.        Шайқастарда атой салған  сынбаған.

                                                              Сол жандардың аңыз болған ерлігін

                                                              Жиі еске алып, мақтан етем мен бүгін.

5. Мен соғысты жек  көрем                            6. Мен соғысты жеккөрем,

Көкем айтып отырса                                       Күн ертең -  ақ ержетем.

Кім қасірет шекпеген                                      Қиялымды өрлетем.

Кім көз жасын төкпеген.                                Туған жерді әлпештеп,

                                                                   Кірпік ілмей тербетем.

7. Соғыс берді аналарға жесірлік,                 8. Біріктіріп  үміті мен тілегін,

Дей алмаймыз санамызды  өшірдік.             Біріктіріп барлық күшін жігерін 

Батыр халық бақ қондырған  құс қолға        Ана үшін,бала үшін,жар үшін      

Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға.                   Жасқанбастан тосты оққа жігерін.

 

9. Соғыс жалмап,аға,іні,бауырды,                  10. Өткізді олар сызды окопта  күндерін,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.             Елестетем қанды кешіп жүргенін

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,                      Естігендей болам жаудың шебіне

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.      Атой салған сарбаздардың үндерін.

 

11. Талай жанды  қиды  ажал балтасы.            12. Батыр ұл есімдері сақталады,     

 Жауды жеңіп қайтты ауылға  қаншасы.          Жыр болып жүректерде жатталады.     

 Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз                      Ғасырдан-ғасырларға аңыз етіп,  

 Ел қорғаған  аталардың арқасы.                       Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 

  13. Жанымдай сүйем халықты,                        14. Қайтпаған дауылдан,

  Ерлері мәңгі даңқты.                                         Кек алған жауынан

  Өнеге  тұтып өсемін.                                         Халықтың қастерлі

  Әлия, Мәншүк, Мәлікті.                                   Жайсаңы Бауыржан.    

   

ІІІ. Қорытынды.

1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп  барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын  ұқтырды. Миллиондаған  адамның өмірімен қолға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз  соғысты көрген  жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың  не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның  төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.

 

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ  шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Ән: Бейбіт елдің  ұланы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз