Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
|
«БЕКІТЕМІН»Директордың іс тәжірибе жөніндегі орынбасары___________ Ахмедова Р. А«___»_______________ 2018ж |
|
Тақырыбы:Word терезесіне шолу
Пәні: Компьютерлік технология
Іс- тәжірибе өтеуші: Султонмуротов
Топ: 12 - топ
Ақсукент-2018ж
Сабақ жоспары
Тобы: 12-топ |
01.10.2018 |
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Word- мәтіндік редакторында жұмыс істеу және студенттерге практикалық түрде сабақ өту
Білімділік: оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторында құжат жасаудың негізгі элементтерімен таныстыру.
Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз
бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: практикалық, жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: Халықтық педагогика технологиясы және деңгейлік оқыту
технологиялары арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту,
зерттеу әдістері.
Пән аралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, математика, астрономия, география
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру.
Маңызды сөздер(шарты: сөздердің мәнін ашу)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сұрақтар: (жеті қазына суреттеріне сұрақ жасырылған)
ІІІ. Жаңа тақырып.
Word терезесіне шолу
Бас меню арқылы Іске қосу→Бағдарламалар→Microsoft Office→Microsoft Word )Пуск →Программы→Microsoft Office→Microsoft Word) экранда 6.1 суретте көрсетілген терезе пайда болады.
Тақырып жолы |
«Стандарттық» тақта |
Тапсырмалар аймағы |
Меню жолы |
Форматтау тақтасы |
Сызғыш |
Қалып-күй жолы |
Құжаттың терезесі |
Шиыру жолағы |
сурет.
Microsoft Word бағдарламасының терезесі.
Бұл терезе келесі негізгі элементтерден тұрады:
< >Тақырып жолы – онда терезелерді басқарудың мына батырмалары және құжаттың атауы тұрады.Меню жолы. Менюдің әрбір пункітінде мынадай бір типті қомандалардың тобы бар: Стандарттық аспаптар тақтасында құжаттармен жұмыс істеуге арналған Әзірлеу, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Кесу, Көшірмелеу, Кірістіру сияқты және б. (Создать, Сохранить, Открыть, Распечатать, Вырезать, Копировать, Вставить и др.) негізгі стандарттық командалар бар. «Форматтау» аспаптар тақтасы – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді, сондай-ақ оның құжаттағы орналасу орнын (теңестіру) тағайындауға арналған. Сызғыш – құжаттың өрісін, сонымен қатар өрістен шегіністі анықтауға мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш өрістің оң және сол жағын, сонымен қатар шегіністерін анықтауға мүмкінлік береді. Тік сызғыш жоғарғы мен төменгі өрісті анықтайды. Шегіністің мысалы: Міндеттер аймағы – пайдаланушының таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы міндеттерін бейнелейді.Шиыру жолақтары - құжат бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Қалып-күй жолы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлімнің нөмірін, беттердің санын және т.б. бейнелейді. 6.2 Құжаттарды әзірлеу тәсілдері
Microsoft Word-тың жаңа құжатын әзірлеу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:
< >Мына «Стандарттық тақтада» Әзірлеу (Создать) батырмасы бойынша шерту Пернетақтада Ctrl- N пернелер үйлесімін басуФайл→Создать меню қомандасын орындау«Жұмыс істеуге кірісе отырып» (6.2, 6.3. суреттер) міндеттер аймағындағы Құжат Әзірлеу сілтемесі бойынша шерту
сурет. «Жұмыс істеуге кірісе отырып» 6.3 сурет «Құжатты әзірлеу»
міндеттер аймағы міндеттер аймағы
Соңғы тәсіл тек стандарттық құжатты әзірлеуге ғана емес, сонымен қатар түйіндерді, есеп-қисапты, күнтізбелердң және б. әзірлеу үшін үлгіні пайдалануға мүмкіндік береді. 6.4 сурет.
Рис.6.4. Құжаттардың үлгілері
6.3 Мәтіндік үзінділерді ерекшелеу ережелері
Үзіндіні ерекшелеу мәтінді Көшірмелеу, Кесу, Жою (Копировать, Вырезать, Удалить) стандарттық операциялары үшін, сондай-ақ оны басып шығару мен форматтау үшін пайдаланылады.
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеудің бірнеше ережесі бар:
< >Үзіндіні ерекшелеу үшін маустың сол жақ батырмасын басылғын күйі ұстай отырып, маустың меңзерін жол бойынша үзіндінің басынан соңына дейін жылжыту керек.Сөзді ерекшелеу үшін оған меңзерді қою керек те мауысты екі рет шерту керек. Жолды ерекшелеу үшін оның сол жағынан бос орында маусты шерту керек Бірнеше жолды ерекшелеу үшін бірінші жолдың басында маусты шерту керек те сол жақ батырманы басылған күйде ұстай отырып меңзерді жолдың соңына дейін жылжытып апарып, содан кейін меңзерді керекті жолдың соңына дейін жылжыту керекСөйлемді ерекшелеу үшін CTRL пернесін басылған күйде ұстай отырып маусты сөйлем бойынша шерту керек. Абзацты ерекшелеу үшін абзацтың басындағы бос жерде маусты екі рет шерту керек немесе ерекшеленетін абзацта маусты үш рет шерту керек. Бірнеше абзацты ерекшелеу үшін маустың сол батырмасын басылған күйде ұстай отырып бірінші абзацтың басынан сол жақ шет бойынша соңғы абзацтың соңына дейін жылжыту керек. +Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін (кесте емес) ALT пернесі мен маустың сол жақ батырмасын ұстай отырып ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек. Ерекшеленген үзінді 6.5 суретте ұсынылған.
Ерекшелеуді бодырмау үшін ерекшеленген объектіде маусты шерту керек.
V. Сабақты кортынділау
MS Word бағдарламасы түралы түсінік
MS Word бағдарламасының тақырып жолағы
MS Word бағдарламасының стандартты күралдар үстелі
Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
ойынымызды басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына құралған «Процессор» және «Монитор» атты 2 команда қатысады. Сайыс V. тур бойынша өткізіледі.
І. тур. «Тапқырлық!»
ІІ. тур. «Бәйге»
ІІІ. тур. «Адасқан әріптер».
ІV. тур. «Кім тапқыр».
V. тур. «Дешифратор».
Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ендеше Д-181/Б оқу тобы арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.
І. кезең. «Тапқырлық» бұл сайыста 2 топқа бірдей сұрақтар қойылады кім бірінші болып қол көтеріп жауап береды сол топқа 1 ұпайдан беріледі
1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)
3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)
4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Қағаздағы ақпаратты
Компьютерге енгізеді. (Сканер)
5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)
6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
7. Компьютердегі мәліметтері,
Қағазға басып береді... (принтер)
8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)
9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?
ІІ. кезең. «Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Амалдық жүйеның қандай түрлерін атаңдар ?
2. Компьтердің негізгі күрылғыларын атаңыз ?
3. Сурет салуға арналған программа ?
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ?
5. Акпаратың түрлерін атаңыздар ?
6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер?
7. Алғашқы программист әйел ?
8. Windows-қа арналған пернетақтада неше перне болады?
Қара конверт сұрақтары:
1. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
2. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
3. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946ж АҚШ-тың Пенсильван университетінде)
4. Ақпараттың өлшем бірліктері ?
5. 1байт неше биттен тұрады? (8)
6. Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы (сканер)
7. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен.-деп
ІІІ. кезең. «». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 3минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
«
Процессор» тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Пернетақта» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
Сайысымыздың ІV кезеңі «Кім тапқыр».
V. кезең. «Дешифратор». Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.
І топ:
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз.
VI.Үйге тапсырма беру. МS Word бағдарламасын оқып келеу және МS Word бағдарламасы туралы мәлімет жинау
VIІ. Бағалау
Іс- тәжірибе өтеуші________________Султонмуротов
ПБ төрағасы______________ М.Ж. Мирзаметов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі