Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: « Ойыншықтар дүкені»
( мазмұнды –рольді ойын.)
Білімділік:
Мақсаты: а) Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
б) Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқаша әңгіме құрау дағдыларын дамыту.
в) Үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
2. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: сұрақ-жауап.
3. Сөздік жұмыс: Ойыншықтар
Билингвальды компанент: Ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, көлік-машина.
4.Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу.
Сөздік қорын дамыту.
5. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ, жауап.
Көрнекіліктер: Дүкендегі ойыншықтар, суреттер
Сабақ түрі: Саяхат түрінде.
Пәнаралық байланыс: Қатынас, Шығармашылық, Таным
Билингвальды компанент: Ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, көлік-машина
І .Мотиватциялық -қозғаушылық.
Тәрбиешінің іс – әрекеті:
- Қайырлы таң балалар !
-Балалар , бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар: Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Тәрбиеші: Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар: шаттық шеңберге тұрып, бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Өткенді қайталау, сұрақ - жауап:
Тәрбиеші: - Балалар өткен оқу қызметін еске түсірейікші ,біз сендермен қыс мезгілі туралы әңгімелестік және « Қысқы киімдер» тақырыбын өткенбіз.
ІІІ.Сұрақ – жауап:
Тәрбиеші: Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа- райы қандай?
Балалар: - Суық, аяз , боран.
Тәрбиеші: Қыстын күні біз қалай киінеміз?
Балалар: Қалын, жылы.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар.Ал мына сандықшаның ішінде не бар екен?
-Қысқы киімдер екен. Қысқы киімдерге тоқталып, балалардан сұрау .
Тәрбиеші: - Ал бүгіні жаңа оқу қызметімізде «Ойыншықтар дүкені» тақырыбымен танысамыз.
- Балалар сеңдер қандай ойыншықтар түрлерін білесіңдер?
-Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?
-Қандай ойыншықтарың бар ? -- - Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар: жауап береді.
ІV. Таңғажайып сәт: Есікті қағып Аю келеді.
- Сәлемдеседі. Аю Машаның дүкенге туған күніне сыйлық сатып алуға келгенін айтады.
Тәрбиеші:- Балалар біз Машаға сыйлық таңдауға көмектесеміз бе?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: - Ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барамыз ба?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: - кәне бәріміз автобусқа отырып, жолға шығайық.
Тәрбиеші: - Балалар міне біз дүкенге келдік. Дүкенде кімдер қызмет атқарады?
Балалар: - тәртіп кезекшілері, сатушылар
Тәрбиеші: - Жақсы! Сатушы апаймен сәлемдесіп алайық
V.Негізгі бөлім
Тәрбиеші:Балалар , мына сөреде жатқан заттар не?
Балалар: Олар - ойыншықтар .
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?
Балала: Ойыншықтармен ойнайды .
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар: - Доп. Тәрбиеші: -доптың пішіні, түсі қандай ?
Балалар: - домалақ, қызыл.
Балалар: Добым, добым,домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Қызыл, жасыл,сары,көк.
Сенімен ойнайтын бала көп.
Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар : - қуыршақпен .
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар.Қуыршақпен . Қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көй-легінің түсі қандай ?
Балалар: - гүлді, күлгін.
Тәрбиеші: -Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар: машинамен ойнайды .
Тәрбиеші: - Ал, машинаның түсі қандай? Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Балалар: Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші: - Балалар ойыншықтар өзі әр түрлі заттардан жасалады: пластмастан, матадан, резинкадан, ағаштарда, темірден.
- Бір қуыршақты - қуыршақ деп айтамыз, ал егер бірнеше қуыршақты «қуыршақтар» деп айтамыз.
Тәрбиеші: - балалар дүкенді аралап шаршаған боларсындар, бір серігіп демалып алайық
VI.Сергіту сәті:
- Біздерде бар қуыршақ,
- Бұзау, қозы, құлыншақ
- Ойыншықтар ұйықтайды
- Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
- Балалар жұмыстарын жалғастырады.
Тәрбиеші: - Балалар қалай ойлайсындар Машаға қандай ойыншық сыйлыққа алсақ болад? Аюға таңдауға көмектесейік.
Балалар: - Қуыршақ.
Тәрбиеші: – Неге? Қуыршақты таңдадыңдар
Балалар: – қыздар қуыршақпен ойнағанды жақсы көреді.
Тәрбиеші: - Жақсы балалар, менде солай ойлаймын. Аю бізге басқа елден Рессейден қонақ боп келгендіктен, біз Машаға өзіміздің қазақ ұлттық киіммін киген қуыршағымызды сыйлайық.
Аю: -Рақмет балалар, Маша қуанып қалатын болды.
Тәрбиеші: - Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болыпты, Сатушы апайлармен қоштасып, тобымызға барайық.
Балалар автобусқа отырып топқа келеді.
Аю: - Балар мен сендермен «Ғажайып қоржын» ойын ойнағым кеп тұр, ойнаймыз ба?
Балалар: - Иә.
VII.Ойын: « Ғажайып қоржын ». ( ішінде асық)
Ойын шарты: көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресің .
Мысалы: мен асықты алдым, асық ойыны қазақтын ұлттық ойыны, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Шарты: көздерін жұмып қоржыннан кез келген ойыншықты алып, ойыншықтың атын, неден жасалғанын түсініп, қатты, жұмсақ екенін айту.
Тәрбиеші: - Балалар Аюдың ойыны сендерге ұнады ма?
Балалар: - Иә.
Тәрбиеші -Аю рақмет Сізге, ал мына қуыршақты Машаға табыс етіңіз.
Аю: Сауболындар балалар деп, қоштасып шығып кетеді.
VII.Қорытындылау:
Тәрбиеші: - Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: - Ойыншықтар дүкеніне бардық?
Тәрбиеші: - Ойыншықтар нелерден жасалады екен?
Балалар: - пластмассадан, темірден, ағаштан, резинкадан жасалады.
Тәрбиеші: Жақсы!
Тәрбиеші: - Балалар сендердің білімдерінді, еске сақтау қабілеттерінді тексере отыра жұмбақ жасырғым кеп отыр, мұқият тыңдаймыз:
Аяғы бар,жүрмейді.
Аузы бар, күлмейді,
Айнымайды бөпемнен,
тек сөйлеуді білмейді.
Тәрбиеші: - ол не? Қандай ойыншық?
Балалар: -Қуыршақ.
Тәрбиеші: - дұрыс айтасындар. Қуыршақтармен кімдер ойнайды?
Балалар: - Қыздар ойнайды.
Тәрбиеші: - Көліктермен кімдер ойнайды?
- Балалар: Ұлдар ойнайды,
Тәрбиеші: - Бізге кім келді қонаққа?
Балалар: - Аю келді.
Тәрбиеші: - Сендер Машаға не сыйладыңдар?
Балалар: - Қуыршақ.
Тәрбиеші: - Қандай ойын ойнадыңдар?
Балалар: - Ғажайып қоржын ойының ойнадық
Тәрбиеші: Қоржының ішінде не болады?
Балалар: - Ойыншықтар.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар! Балалар сеңдерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
Балалар: - Ия ұнады
Тәрбиеші: – Балалар қараңдаршы,біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әдемі, әсем ойыншықтар.Олдарды қалай ұстау керек?
Балалар: ұқыпты, сындырмау керек.
Тәрбиеші: - дұрыс айтасындар, ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды.ұқыпты ұстау керек, топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі,топтың ойыншығы бәрімізге ортақ.
Бағалау, мадақтау:
- Сеңдер бүгінгі сұраққа өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсындар.
Тосын сый: Есік қағып, амандасып, пошташы кіреді, балаларға Рессей қаласынан жолданған хатпен, жәшікті береді..
Тәрбиеші: - Балалар хатты оқиық, міне керемет Маша біздің сыйлаған қуыршағымызды алып, рақмет айтып сендерге тәттілер беріп жіберіпті.
Пошташы: - Сауболыңыздар балалар!
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ойыншықтардың аттарын атап, ойыншық тұратын сөреге жинады;
Түсінеді: ойыншықтарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;
Қолданады: сұрақ – жауап арқылы диалогпен сөйлеуді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі