Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы
№38 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану мұғалімі
Армиянова Аяужан Қайратқызы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №38 мектеп-гимназия
Сынып: 5 «А, Б» Оқушы саны:
Тақырып: Адами қарым–қатынастар әлемі. (21 сабақ)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік, әдептілік, сыйластық.
Мақсаты: Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым – қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеті: - оқушыларға ізгі қарым–қатынастың маңызын аша отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру. - оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым – қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу. - оқушылырды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар
Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят. |
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сергіту сәті. Жайлы, баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз.. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз. |
https://www.youtube.com/watch?v=nNQKs3n2md8 |
2. Үй тапсырмасын тексеру: Даулет Қасеновтың “Мойындау” әңгімесі оқу, мазмұндау. - Балалар не үшін қатты қысылды? - Ұжымдағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады? - Балалардың жасаған іс – әрекеттерінен қандай сабақ алуға болады? - Өзіңнің бейтаныс адамдарға қарым – қатынасың қандай? Мысал келтіріңдер. |
79-бет |
3. Позитивті мәлімдеме (дәйексөз) «Кішіпейілділік – кісінің көркі» Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
Халық нақылы |
4. Оқиғаларды әңгімелеу (әңгімелесу) Бейнеролик: “Тәрбие. Қарым-қатынас, отбасы”
1.Бұл бейнероликтен қандай құндылықты байқадыңыздар? 2.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз кім? 3.Отбасындағы ата-ананың рөлі? Ситуациялық сұрақтар. 1Анаңыз асығып жұмысқа бара жатыр, қарындасыңыздың жауапкершілін сізге артып, бас-көз болуыңызды сұрады. Сіздің әрекетіңіз: 2. Үйді жинап жатқанда, бауырыңыз кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз: https://learningapps.org/display?v=pnc26u5kn22 |
https://www.youtube.com/watch?v=8QcB_M-o5YU |
5. Шығармашылық іс – әрекет 1 - тапсырма. Сәйкес мақалды табыңыз. 1 Адамның жақсы қасиеттеріне байланысты мақал-мәтелдер 2. Жақсы адам болуға қарама-қарсы келетін мақал-мәтелдер Керекті мақал-мәтелдер. 1. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені. 2. Әдепті елдің қыздары — Қырмызы-қызыл жібектей. 3. Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең. 4. Темекімен үйір болғанша. Дөрекімен уйір бол. 5. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. https://learningapps.org/watch?v=p2nnf5nrc22 2 - тапсырма. Әріптерден өзіңнің мінез-құлқыңды жетілдіруге қажет қасиеттерді табыңыздар. https://learningapps.org/watch?v=psuo7d4x522 |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
6. Топпен ән айту Бала тілегі Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы Әнін жазған: Фарида Жолдасова Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жарлған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атмекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
|
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. https://www.youtube.com/watch?v=60i8O8H24iA |
7. Үй тапсырмасы: Әдібай Табылдының “Сәлем” әңгімесін оқу. |
89-бет |
8. Сабақтың соңғы минуты Баяу әуен орындалып турады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! |
Баяу ән қосылып тұрады |
Тексерген: оқу ісінің меңгерушісі:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі