Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып математика

Сатаева Дамели

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

11 "Теңге бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы МКҚК ны

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы:  «Ғажайып математика»

Мақсаты: 10 саны көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері  санауға, сандар көршісін атауды, кеңістіктікті бағдарлау. Оң сол  алдыңғы кейінгі ұғымдарын дамыту.

Дамытушылығы: Балалардың білімін дамытуға  ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау, дағдыларын ойын арқылы дамытып сөздік қорларын молайту,ой өрісін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: керекті суреттер,слайд

Әдіс-тәсілдер:  көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Қызмет кезеңдері

                 Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Кіріспе

бөлімі

Балалар,бізде бүгін ерекше күн бізге көптеген қонақтар келіпті.Алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шуағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын

Жарық болса күніміз

Біз болашақ гүліміз

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін

Сәлематсыздарма апайлар!

Балалар шеңбер құрып, бір –біріне тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларды сурет таңдау арқылы екі топқа бөледі.

Балалардан жыл мезгілдерін сұрақ-жауап арқылы сұралады.

Бүгін бізде математика негіздері. Біз олай болса өткен сабақтарымызды есімізге түсірейікші.

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз сәтті болсын деп орнымызға отырайық.
Бүгін бізде математика негіздері ашық
оқу қызметі.
Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.

Бір жылда неше мезгіл бар?
Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
 Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы қолдың бейнесіне қолдарымызды қойып көзімізді жұмып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

Слайд ашылады. Балаларға тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма: 1 - ден 10- ке дейін тура және кері санау.

2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
1 - ден 10 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.
3 - тапсырма. Логикалық есептер
Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды?
Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

 4-тапсырма:Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

5-тапсырма: Қандай ертегі екенін табыңдар

6-тапсырма: Суреттерді санап, санды орналастыру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға

Бұрыламыз солға

Біз үлгілі баламыз

Гүл гүл  жайнап өсеміз.

Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Ендеше мына түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, ендеше балалар алдарыңдағы геометриялық пішіндерден  әртүрлі заттар жасаймыз. «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш дөңгелек)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды.

 

Қорытынды

Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1-ден 10 - ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз