Өлең, жыр, ақындар

Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылырдың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша

білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу,

ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу

қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:         Дәстүрлі   сабақ

Сабаққа бөлінген уақыт: 90 минут

Сабақтың әдісі:Аралас  сабақ (баяндау, түсіндіру,  сұрақ-жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту)

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақты өткізу жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут
  2. Үй тапсырмасын сұрау - 20 минут
  3. Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру – 3 минут
  4. Сергіту минуты – 3 минут
  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 42 минут
  6. Жаңа тақырыпты бекіту және білімін пысықтау  - 10 минут 
  7. Сабақты қорытындылау және бағалау – 5 минут
  8. Үйге тапсырма - 5 минут

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Е.Ө. Қуандықов, С.А.Әбилаев «Медициналық биология және генетика» Алматы «NURPRESS» 2011ж
  2. С.А.Әбилаев, Е.Ө. Қуандықов «Медициналық биология және генетика» Алматы-Шымкент 2004 ж
  3. Интернет материалдары.
  4. Биология және салауаттық негізі жұрналдары.

Пән аралық байланыс:Биология, Молекулалық биология, Микробиология және вирусология, Экология.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут

Оқушыларды түгелдеу, аудиторияның тазалығына назар аудару.

Үй тапсырмасы - 20 минут

Молекулалық генетика негіздері. Жалпы генетика негіздері.

Адамның популяциялық генетика негіздері.

 

1. Молекулалық биология ғылымының мақсаты?Молекулалық биология тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін биологияның ең маңызды салаларының бірі. Ол биологиялық макромолекулалардың нуклеин қышқылдары мен  белоктардың құрылысын, қызметін зерттейді.

 

2. Ген дегеніміз не?Ген дегеніміз бір полипептид молекуласын анықтауға арналған  ақпаратқа ие ДНҚ молекуласының бір бөлігі. 

 

3. Генетикалық инженерияның міндеттері?Генетикалық инженерия дегеніміз жасушада өздігінен көбейе алатын белгілі бір затты синтездеуге қабілетті тұқым қуалаушылық материалдарын қолдан жасайтын молекулалық биологияның жаңа саласы. Генетикалық инженерия 1972 жылдан бастап дамып келеді. осы жылы Берг алғаш рет ішек бактериясы

мен бактериофаг ДНҚ ларынан құрылған жасанды гибридтік ДНҚ

молекуласын құрастырған.

 

4. Плазмидалар деген не?Плазмидалар дегеніміз жасушада тұрақты күйде кездесетін және  хромосомамен байланыссыз дербес тұқым қуалау факторы.

Плазмида деген терминді 1952 жылы Лидерберг енгізген болатын. Плазмидалар сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады. Оларға митохондрия, хлоропластар, бактериялардың тұқымқуалаушылық аппараты жатады. Плазмидалар хромосомамен қосылып, эписоманы туындатады да активтенеді. Плазмидалар генетикалық инженерия саласында жиі  пайдаланылады, себебі оған кез келген қажетті генді жалғауға, содан кейін оны, бактерияға ендіруге және көбейтуге болады.

 

5. Популяция деп нені айтамыз?Популяция деп белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір бірімен еркін будандасатын биологиялық түр дараларының жиынтығын айтамыз.

 

6. Адамдар популяциясында гендердің әсеріне не мысал бола алады?Адамдар популяциясында гендердің дрейфінің әсеріне «ру қалыптастырушы эффекті» мысал бола алады. Ол егер бірнеше отбасы өз популяциясынан қол үзіп, оңашаланып, басқа бір жерлерге қоныс тепкен жағдайларда және шағын популяция бастамасында туыстық некелесу жоғары деңгейде болып, оның генофондында кейбір аллельдер кездейсоқ сақталған жағдайларда байқалады.

 

Генетикалық инженерия ғылымының өзіне тән әдістері болады оларды атаңыз:

 

  1. Қажетті гендерді ДНҚ молекуласынан бөліп алу
  2. Оларды қолдан көбейту
  3. Ол генді басқа жасуша иесіне енгізіп, жұмыс істету.

 

 

 

Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу обьектері

 

Жасушаның ақпараттық макромолекулаларыы

Ақуыз

Нуклеин қышқылдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биологиялық диктант:

 

< >Молекулалық биология өз алдына нешінші ғасырда, нешінші жылы.......................................ғылым болып бөлініп шықты.Молекулалық биология тіршілікті қандай деңгейде ......................... деңгейде зерттейтін салаларының бірі.Молекулалық биология идеялары генетика  саласында қай ғасырда  ..........................қолданыла бастады.1945 жылы Д.Бидл және  Э.Тейтум зерттеулерінің нәтижесінде қандай ұғым ..............................................бар екендігі көрсетілді. 1954 жылға  дейін ген тұқым қуалаушылықтың ең кіші, әрі қарай бөлінбейтін қызметтік қандай өлше.........................................бірлігі деп келінген.Плазмида деген терминді Лидерберг қай жылы ...........енгізген болатынПохожее изображениеПохожее изображение

 

          Г.Мендел                      Л.Пастер                              Т.Морган

 

Н.П. Дубинин (4.01.1907– 26.03.1998)Картинки по запросу К.КольцовКартинки по запросу Ч.Дарвин

      П.Дубинин                         К.Кольцов                         Ч.Дарвин

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 минут

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары

Жаңасабақтыңжоспары:

1.Генетика туралы түсінік.

2.Аллельді гендер туралы түсінік.

3. Г Менделдің тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеудегі еңбектері

           

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады, ал негізін қалаушы, «атасы» - чех ғалымы Г.Мендель. Тұқым қуалаушылық тірі  ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі – ол   ұрпақтан – ұрпаққа ата-аналарының белгілерінің, қасиеттерінің үздіксіз беріліпотырылуын қамтамасыз етеді.

http://www.bumc.bu.edu/files/2014/04/genes.jpghttp://im3-tub-ru.yandex.net/i?id=12870cc01932414fdeebad2d2dfe4a9a&amp;n=33&amp;h=160&amp;w=300

Генетика – тұқымқуалаушылық                Чех ғалымы Г.Мендель.

           

Тұқым қуалаушылықтың екі мәні белгілі:

            1) оның тұрақты, консервативті болуы, яғни ұрпақтан –ұрпаққа ағзалардың негізгі белгілерімен қасиеттерінің өзгеріссіз беріліп отыруы. Оған мысал ретінде қойдың қозының, түйеден ботаның биеден құлынның, иттен күшіктің туылуын атауға болады; бидай сепкен бидай жинаимыз. жүгеріден жүгері өнеді; асқабақтан асқабақ жетіледі. т.с.с Тұқым қуалаушылықтың консервативтілігінің нәтижесінде биологиялық түрлерінің, тіршілігінің  тұрақтылығы,  біртұтастығы қалыптасады;

             2) тұқымқуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни әр түрлі себептердің саласынан  ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды –көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мыңдаған мысал келтіруге болады. Бір отбасының балалары бір-бірінен аз да болса ерекше, өзгеше болады; қорадағы қой, ешкі, сиыр, жылқы бір-бірінен сәл де болса өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері, арпа тағы сол сияқты өсімдіктер биіктігі, өнімділігі жанынан түрліше болып келеді. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде тіршіліктің сан алуан түрлері пайда болған. 

Тіркесіп тұқым қуалаушылық

http://fs00.infourok.ru/images/doc/161/186262/img3.jpg

 

             Генетика ғылымының негізгі мақсаты – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеп, тіршіліктің негізгі заңдылықтардың сырын ашу, анықтау. Оның медицина, ауыл шаруашылығы,  т.б. салалар үшін маңызды өте зор.  Адам  ауруларының  көбісі тұқым қуалайтын, ал инфекциялық, инвазиялық және т.б. аурулардың зілділігі тұқымқуалаушылықпен анықталады. Оларды анықтап емдеп, ауруды болдырмай алдын алу үшін  генетиканы жақсы игеру қажет. Ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиеті ертдегі грек оқымыстыларына белгілі болған, бірақ олар оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған. Олардың болжамдары бойынша ұрпақтардың белгілері, қасиеттері атасымен анасының тұқымқуалаушылық материалдардың өзара қосылуы нәтижесінде қалыптасады.

             Осы сияқты болжамды Ч.Дарвин де дамытқан ол өзінің эволюциялық ілімін генетикалық тұрғыдан түсіндіру үшін «пангенезис» теориясын ұсынған. Бұл болжам бойынша ағзалардың әрбір мүшесі, ұлпалары  ерекше зат.

            Жыныстық жасушалар  «пангенезис» бөліп шығарады, ал олар қан арқылы жыныс жасушаларына жеткізіліп, (гаметалар) ұрықтанған кезде өзара қосылады. Гендердің әрекеттесу деңгейіне қарамастан, олардың өзара әрекеттесуінің 2 түрін ажыратады: аллельді гендердің әрекеттесуі және аллельсіз гендердің әрекетесуі.

 

http://cdn.static4.rtr-vesti.ru/p/xw_921518.jpg

Жыныстық жасушалар  «пангенезис»

            Аллельді гендер деп гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан және қарама-қарсы (балама)  белгілерді анықтайтын гендерді айтамыз. Аллельді гендердің әрекеттесуіне доминанттылық, рецессивтік, толық емес доминанттылық (тұқым қуалаушылықтың аралық сипаты), аса жоғары доминантылық кодоминанттылық (бірлесіп доминанттылық көрсету), аллельдер аралық комплементация (бірлесу), аллельдің біреуінің істен шығарылуы жатады. 

            Доминанттылық дегеніміз –аллельді геннің екінші аллельді басып тастауы.

Доминантылықтың 3 түрі белгілі:

1)  толық доминанттылық

2)  толық емес доминанттылық

3)  аса жоғары доминантылық.

             Толық доминанттылық –дегеніміз доминантты аллельдің рецессивті аллельді толық басып тастауы, мысалы: бұршақтың (Аа) түсінің сары болуы.      

             Толық емес доминанттылық дегеніміз –доминантты аллельді ң рецессивті аллельді толық басып тастай алмауы салдарынан рецессивті аллель аз да болса өзінің фенетипін көрсетеді, белгі аралық сипатта дамиды. Мысалы, қызыл гүлді намашамгүлін (АА)ақ гүлді намашамгүлмен (аа) будандастырғанда бірінші ұрпақтың гүлінің түсі (Аа)не қызыл, не ақ емес, қызғылт болады.

            Аса жоғары доминанттылық дегеніміз- Ғ1-дің гетерозиготалы (Аа) дараларында даминатты белгінің гомозиготалы (АА) күйіне қарағанда әлдеқайдакүшті байқалуы, яғни Аа>АА

            Рецессивтік дегеніміз-бір аллельді геннің фенотиптік байқалуының   екінші біраллель  аралық бастырмалануы.

 

ГЛОССАРИЙ

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Генетика

Генетика

Genetics

Инженерия

Инженерия

Еngineer

Бактерия

Бактерия

Bacteria

Макромолекула

макромолекул

Мacromolecules

Жаңа тақырыпты бекіту және білімін пысықтау  - 10 минут 

Дейгейлік тапсырма.

“Сиқырлы ұяшықтар”

 

 

Алты ұяшықтан тұратын тапсырмаларды бір-бірлеп кезектесіп   таңдап   алып, жауап береді

1-ші ұяшық

Генетика ғылымы нені зерттейді?Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

 

2-ші ұяшық

Генетика ғылымының қалыптасуы нешінші жылы және ғылымның негізін салған ғалым?Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады, ал негізін қалаушы, «атасы» - чех ғалымы Г.Мендель.

 

3-ші ұяшық

Тұқым қуалаушылықтың екі мәні белгілі?1) Тұқым қуалдаушылықтың консервативтілігі. 2) тұқымқуалаушылықтың өзгергіштігі,

 

4-ші ұяшық

«Пангенезис» теориясын ұсынған ғалым кім?  Ч.Дарвин

 

5-ші ұяшық

Доминанттылық дегеніміз не?Доминантылықтың 3 түрі белгілі:

1)  толық доминанттылық2)  толық емес доминанттылық

3)  аса жоғары доминантылық.

 

6-ші ұяшық

Толық даминанттылық –дегеніміз не?Толық даминанттылық –дегеніміз доминантты аллельдің  рецессивті аллельді толық басып тастауы, мысалы: бұршақтық (Аа) түсінің сары болуы.

 

Сабақты қорытындылау және бағалау – 5 минут

 

Үйге тапсырма - 5 минут

«Медициналық биология және генетика» Е.Ө.Қуандықов, С.А.Әбилаев 

30-60  беттер . Реферат, Интернет материалдары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз