Өлең, жыр, ақындар

Баскетбол.Қозғалыста допты беру, қағып алу

Тақырып:

Баскетбол.Қозғалыста допты беру, қағып алу.

 

 

                            

 

 

Дайындаған: Спатаева К.О

Мамандығы: 09120100 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 4S09130201«Фельдшер»

Топ: І – Емдеу ісі «А»

Семестр – І

Курс – І

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету.

                   -ойын мәдениетін қалыптастыру;

                    -қимыл-қозғалыс маңыздылығы;

                   -икемділік,шапшаңдықты арттыру;

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

                   - адамгершілікке,ақыл- ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу;

                   -ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту.

                    -оқушылардың аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту;

                    -шапшаңдық сапасын дамыту;

Сабақ түрі:  тәжірибелік сабақ

Сабаққа бөлінген уақыт: 50 минут

Сабақ әдісі:

Пән ішілік байланыс: Баскетбол.Ойынның шабуыл техникасы.

Пән аралық байланыс: Волеология, Физиология.

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: Дене шынықтыру оқулығы, оқу жұмыс бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар,ысқырық, баскетбол добы.

Пайдаланылған әдебиет:

Негізі:

Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі.

Оқушы білуі тиіс: Баскетбол ойынының ережесін;

                    -баскетбол добын алып жүру әдісін;

                    -қозғалыста допты беруді, қағып алуды;

 

Сабақтың хронокартасы:

 

Ι. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)

ΙΙ. Іс-әрекеттерді демонстрациялау:  (10мин)

ІІІ. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (10 мин)

ІV. Оқушылардың өзіндік жұмысы. (25 мин)

V. Сабақты қорытындылау  (3 минут)

 

Сабақтың өту барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

-оқушылармен сәлемдесу;

-оқушыларды түгелдеп, спорт киіміне назар аудару;

-спорт залдың тазалығын тексеру;

-оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру;

-оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 

ΙΙ. Іс-әрекеттерді демонстрациялау; (10мин)

 Саптағы бұрылу жаттығулары: оңға, солға, айналып бұрылу.

Жүру жаттығулары:

  • Алаңды айналып жүру;
  • Қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
  • Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру;
  • Қолды белге қойып, табанның сыртымен жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Тізені көтеріп жүгіру;
  • Аяқты артқа лақтырып жүгіру;
  • Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру
  • Қол белде, оң жағымен жүгіру;
  • Қол белде, сол жағымен жүгіру;
  • Теріс қарап жүгіру;

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол белде

Санақ 1-2 басты оңға айналдыру,

Санақ 3-4 басты солға айналдыру,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол ұшында иықта

Санақ 1-2 алға айналдыру,

Санақ 3-4 артқа айналдыру,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол көкірек тұсында

Санақ 1-2 жартылай қолды ашып сермеу,

Санақ 3-4 қолды барынша жая сермеу,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда

Санақ  1-2 қолды артқа кереміз,

Санақ 3-4 сол қолды артқа ауысыра кереміз,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, қол белде, оң қол тік жоғарыда

Санақ 1-2 сол жаққа иілу,

Санақ 3-4 сол қол жоғарыда, оң жаққа иілу,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, қолды қайшылау

Санақ 1-2 оң қол жоғарыда,

Санақ 3-4 сол қол жоғарыда,

Орнында тұрып:

Санақ 1-5 оң аяқпен секіру,

Санақ 1-5 сол аяқпен секіру,

Санақ 1-10 қос аяқпен секріу.

 

ІІІ. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық; (10 мин)

 

           Баскетбол ойынының ережесімен таныстыру;

          -қозғалыста допты беру әдісін көрсету;

          -допты қағып алу әдісін көрсету;

 

Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді. Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол. Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады. Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады. Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады. Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым жасамай, қолға тиген бойда, келесі адамға береді. Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру. Шапшаңдық пен бағытты өзгертіп доп алып жүруді бастапқыда баяу жүгіріс кезінде орындау керек. Кейін шапшаңдықты бірте-бірте арттыра түседі. Бағытты өзгертіп алып жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу үшін қажет. Бағытты өзгерту үшін, мысалы, допты оң қолмен алып жүрсе, онда сол аяқпен адым жасалады, доп ілгері-төмен итеріледі және сол қолмен допты алып жүрсе, қозғалыстың бағытын өзгертеді. Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте лақтырулар жүгірістен кейінгі секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларға қозғалыс уақытындағы допты берулер секілді қимылдар кескіндемесі тән. Бұл жағдайда секірулер тіке, жоғары қарай орындалады. Қозғалыс кезінде 1800–қа және 3600-қа бұрылыстар жасалуы мүмкін. Допты қозғалыс кезінде беру. Доп бұл тәсілмен командалас екі ойыншы бір бағытқа жүріп, не жүгіріп бара жатқанда беріледі. Қабылдаушы ойыншы қарсыласы жоқ ашық жерге шығуға тырысады, ал беруші ойыншы ыңғайлы сәтті пайдаланып допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан, бүйірден немесе төменнен, не допты еденнен шоршытып өз серігіне қарай лақтырады. Жаттығуды жұптасып не үш бұрышта тұрып үйренеді. Қозғалыс кезіндегі лақтырулар бір аяқпен итеріліп секіру кезінде орындалады. Орын ауыстыра жүріп, баскетболшы тірексіз жағдайда допты ұстап, жерге түскеннен кейін бірінші адымды, сосын екінші адымды жасайды. Секіру үшін ол осы аяқпен серпіледі. Қолдар бұл ретте жоғары қарай созылып және қолдың бір қалыпты қимылымен лақтыру жүзеге асырылады. Допты айып алаңынан баскетбол себетіне лақтыру. Оқушылар төмендегі жағдайларда: айып добын лақтыратын алаңда тұрып, допты еденге бір-екі рет соғып-шоршытып, терең тыныс алып демді шығарғаннан кейін кеудеден екі қолмен немесе бір қолмен екіншісіне жәрдемдесе отырып, бір қолмен иықтан асыра лақтырады. Допты жұлып алу, қағып жіберу, қағып әкету. Допты жұлып алу – қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және өзіне қарай жұлқын тартып, немесе ілгері, төмен қарай итеру арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда да бәрінен бұрын қарсыласқа өте жақын келіп, қолайлы кезеңде допты қатты ұстау қажет.

 

 

 

ІV.Оқушылардың өзіндік жұмысы  (25 мин)

 

  1. Сапқа тұрғызу, топты екіге бөлу;
  2. Оқушыларды  алаңда қозғалыс барысында допты  беру әдісін орындату;
  3. Қозғалыс барысында допты қағып алу әдісін орындату

 

V.Сабақты қорытындылау (3 мин)

Жалпы сапқа тұрғызу;

Оқушылардың кемшіліктері болса жекелей айтып өту,түсіндіру;

Жаңа тақырыпты қалай игергендігін тексеріп оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз