Өлең, жыр, ақындар

Дене шынықтыру. Көңілді эстафета.

Дене шынықтыру.

Көңілді эстафета.

 

 

                              

 

 

Дайындаған: Спатаева К.О

Мамандығы: 09120100 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 4S09130201«Фельдшер»

Топ: І – Емдеу ісі «А»

Семестр – І

Курс – І

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

                   -ойын мәдениетін қалыптастыру;

                    -қимыл-қозғалыс маңыздылығы;

                   -икемділік,шапшаңдықты арттыру;

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

                   - оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

                   - адамгершілікке,ақыл- ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу;

                   -ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту.

                    -оқушылардың аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту;

                    -шапшаңдық сапасын дамыту;

Сабақ түрі:  командалық жарыс

Сабақ әдісі: ойын

Өтетін орны: спорт залы

Құрал-жабдығы: ысқырық, доптар, таяқша, секіртпе, шеңбер, қап, арқан,теннис добы, есептер.

Сабаққа бөлінген уақыт: 30 минут

 

Сабақтың өту барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

-оқушылармен сәлемдесу;

-оқушыларды түгелдеп, спорт киіміне назар аудару;

-спорт залдың тазалығын тексеру;

-оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 

ΙΙ. Іс-әрекеттерді демонстрациялау; (5 мин)

 Саптағы бұрылу жаттығулары: оңға, солға, айналып бұрылу.

Жүру жаттығулары:

  • Алаңды айналып жүру;
  • Қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
  • Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру;
  • Қолды белге қойып, табанның сыртымен жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Жеңіл жүгіріспен жүгіру;
  • 3 айналым

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол белде

Санақ 1-2 басты оңға айналдыру,

Санақ 3-4 басты солға айналдыру,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол ұшында иықта

Санақ 1-2 алға айналдыру,

Санақ 3-4 артқа айналдыру,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, екі қол көкірек тұсында

Санақ 1-2 жартылай қолды ашып сермеу,

Санақ 3-4 қолды барынша жая сермеу,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда

Санақ  1-2 қолды артқа кереміз,

Санақ 3-4 сол қолды артқа ауысыра кереміз,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, қол белде, оң қол тік жоғарыда

Санақ 1-2 сол жаққа иілу,

Санақ 3-4 сол қол жоғарыда, оң жаққа иілу,

Б.Қ. Аяқ иық көлемінде, қолды қайшылау

Санақ 1-2 оң қол жоғарыда,

Санақ 3-4 сол қол жоғарыда,

Орнында тұрып:

Санақ 1-5 оң аяқпен секіру,

Санақ 1-5 сол аяқпен секіру,

Санақ 1-10 қос аяқпен секріу.

 

 

 

ІІІ. Жарыстың шарты  20 мин

  • Таяқшамен жүгіру
  • Допты себетке салу
  • Теннис добын алып жүру
  • Доппен кедергі арасынан жүріп өту
  • Қаппен секіру
  • Шеңбер арасынан өту
  • Секіртпемен секіру
  • Ой жүйрік
  • Арқан тартыс

 

 

ІV.Сабақты қорытындылау (3 мин)

Жалпы сапқа тұрғызу;

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз